КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

    Сонау ертеден ата-бабаларымыз: «Қазақ ырым етеді, ырымы қырын кетеді», – деп ескертсе де, тозығы жетіп ескіріп, уақыты өткеніне қарамастан, ортамыздан қалмай келе жатқан пайдасынан зияны көп, дінімізге жат, сенімімізге қайшы көп ырым-жырымдар бар. Дінімізге, адамзатқа, қоғамға, қоршаған ортаға пайдасыз екені белгілі боп көздеріміз жеткен, жаттан келген кірме ырымдар анда-мында қылтиып көрініп, жастарымызды қайдағыға еліктетіп, шатастыруда. Ай-күнге, жұлдыздарға, тау-тасқа, от-суға, аруақтарға, жындарға, жануарларға, қолдан жасалған пұтқа, өсімдік, ағаш-талға, бұлақ-бастауға дейін жәрдем береді, қасиетті деп, көмек сұрап, табынатын кейбір пенделерді малғұн шайтан өз тұзағына түсіруде. Жаңадан кіріп жатқан ырымдардың бірі – балпиған бақа, шертиген қарны бар семіз қытай пұтын бейнелеген кәдесыйларды сатып алып, байлық береді деп соған сену. Осы көп ырымдардың бірі – қандай маңызы, пайдасы барын ұқпаса да, ағаш-бұта, тал басына, қабірлердің қоршауларына желбіретіп орамал, шүберек қиындыларын ілу. Осы ырым-жырымдар енді қалаға, үлкен жол жиегіне таяп келе жатқаны байқалады.
    Талдықорған қаласына Алматыдан келетін үлкен жолдың кіре-берісінде жолдың оң жағында кішкентай алаң бар. Некелерін қидырып, той жасап, үйленіп жатқан жас жұбайлар мен жастар серуенге шыққанда бұл жерге келіп дем алып, аялдап жатады. Осы маңдағы өсіп тұрған ағаш-талдарға да орамал, қызыл-жасыл шүберек қиындылары байлана бастапты. Бұл әрекет жастарды соқыр сенімге, дінімізге қайшы амалға еліктірумен қатар, қаланың әсем табиғатына да алабажақ рең беріп, өңін қашырып тұр. Қурап желбіреген шүберектер көрген адамдардың, қалаға келген қонақтар, жолмен өтетін жолаушылардың көңілін аударады. Пәни дүниеге халифа қылынып, аса махаббат, сүйіспеншілікпен ардақты етіліп жаратылған Адам ұрпағының, әсіресе ата-бабасы хақ мұсылман болған бүгінгі қандастарымыздың мұншама соқыр сенімге елтуі неліктен?
    Әрине, бұлардың бәрі Жаратушымыз Алла тағаланы танып білмеу, Оның ақырзаман Пайғамбары Мұхаммед (с.ғ.с.) арқылы жіберген діні – Исламды, қасиетті Құран кәрімді түсініп білмегендіктен туындайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бізге Құдайға құлшылық қылудың қандай болатынын, шын мұсылманның нендей амалдарды жасауы керектігін көрсетіп кетті. Ал Исламнан тысқары әрекеттердің бәрі адасушылық екенін айтқан. Ол (с.ғ.с.): «Ырым – Аллаға серік қосу. Одан аманмын деп ешкім де айта алмайды. Оны Аллаға тәуекел ету арқылы ғана жеңуге болады», – деген. Түкке тұрмайтын қайдағы бір ырымға еліктеп, Жаратушыға серік қосып, күнәға батып, тау-тас, ағаш-бұтаны шүберектеп, бақа, пұттан жәрдем тілеу надандық. Қасиетті Құранда: «Алла Тағала өзіне ортақ қосуды кешірмейді. Бұдан өзге қалаған кісісін кешіреді. Аллаға ортақ қосса, расында жала қойып, зор күнә болады», – делінген («Ниса» сүресі, 48-аят).
    Жас ұрпаққа адастырушы азғын шайтанның амал-айлаларынан сақтанатын имандылық тәрбие, білім үйретіп, тура жолға салу – әрбір ата-ана, барлық мұсылмандарға парыз. Не тілесек те, аса мейірімді, ерекше қамқор әрбір тіршілік иесіне жан беріп, олардың тағдырын, бақыт, байлығын, ризық, несібін беруші, не қаласа соны болдыратын, аса құдірет иесі ұлы Жаратушы Алла тағаладан тілейік. Қарғыспен қуылған азғырушы шайтанның арбауына түсіп адаспайық, ағайын.

Ислам және өркениет

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


07/06/2017 16:52

Теріс ырымдар
0 43752 0


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика