THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Бізді ағылшын тілі ұлттық құндылықтан аластата түспей ме?
Авторы: Досай Кенжетай, (Әлеуметтік желіден)
12/06/2017 15:03 0 47483 0
Бүгін Елбасымның өткенге шолуын қарап шықтым...Сосын "қадамдар" туралы "ҰЛТ ЖОСПАРЫН" қайта қарап шығып, өзімше ЕЛБАСЫ мен ҚАДАМДАР арасында, яғни оны жазушылар немесе дайындаушылар арасында ЖЕР мен КӨКТЕЙ айырмашылық бар ма деп қалдым.
Біріншіден, ел, ұлт, мемлекет деген ұғымдардың мәні әзірге жер бетінде өгеріске түскен жоқ. Қаншама позитивистік теориялар арқылы мемлекет қабаттарына жасалған талдаулар мен түсіндірмелер қазір қажетсіз макулатура болып қалды. Ең басты мәтін ол ел және оны құрушы ұлттың мәдениеті болып отыр.
Осы тұста қазір мемлекет емес енді әлемдік корпорациялар дәуірі келе жатыр деген теориялар басымдық алып бара жатыр. Мәдениет теориялары да қайта комментарилерге толы, бірақ сол баяғы оның субстанционалдық, киелілік мәніне қайта оралып жатыр.
Сол сияқты сыртқы идеологиялық орталықтар тарапынан біздің мемлекет тағдырына қатысты "Қазақстандық ұлт" деген тіркестерді де соққысы келді. Бірақ ол идея тасқыны саябырсып қалды.
Енді мәне "Ұлт жоспары" жүз нақты қадам деген ЖОБА біраздан бері ел болып, қоғам болып талқыға үсіп жатыр.
Елбасы тарапынан жасалып жатқан қадамдардың негізі болашаққа үмітті көріктейді. Дегенмен, мына акциологиялық үдерістерді зерттеуші ретінде, бір осы елдің азаматы ретінде өз ойымды бөліскім келеді. Өзі адам деген болмыста "үміт пен күдік" қатар жүреді. Болашаққа сенміммен нақты қадам басқан әрине жақсы, бірақ ол адам, партия, фирма, не компания, не корпорация не жамағат топ үшін басқаша талданады, ал мемлекет институты үшін басқаша талданып, қорытындыланады. Бүгінгі респубикалық зайырлы мемлекеттің құрылымдық қабаттары арсындағы өз ара үйлесім мен үндестік тетіктері ақсауының басты себебі мемлекет инстутының бүгінге дейінгі құндылықтар аралық, құндылықтар ішілік қатынастардың антропоцентристік комментариилері нақты болмай отырғандығында жатыр. Қазір әлемде осы төңіректе талас тартыстар өткен ғасырға қарағанда әлдеқайда терең әрі ғылыми танымдық негіздерде, сарапталуда. Бітпеді. Жалғасып жатыр.
Осындай жағдайда, әрі кешегі посткеңестік құндылықтар батпағынан арыла алмай жатқынымызда екі жақты қысым екі бүйірден соққылап жатыр. Егемендік, тәуелсіздік жеке дара мемлекеттіліктің басты ұстанымы оның құрушы елін болмыстық онтологиялық негізде анықтайтын құндылықтарды сақтау әрі дамыту тетіктерін табумен тікелей қатысты. Қысқаша қазаққа өз болмысын сақтаудың ішкі және сыртқы қорғандары құндылықтык қабаттарын нықтау қажет. Алмына жерде қазақтың тек қана сыртқы әлеммен, материалдық құндылықтар ғана басты назарға алынған. Ол жақсы адамның қарны тоқ болуы керек. Бірақ ол ертең қарны тоқ болғанымен, мына елден, жерден, мәдениетен, өркениеттен өз еркімен бас тарта алатын, қара құлға айналып шыға келеді. Онда "Мәңгілік ел" туралы айтылып жатқан комментарилердің ешқандай пайдасы болмай қалады.
Барлық құндылықтар адамға бір қабат арқылы сіңеді. Ол тіл. Ал тілді құрал ретінде мемлекет ішкі және сыртқы құндылықтардың негізгі қабаты ретінде көтермей не мемлекет тік қамқорлық жаратпай, ел болу, баяндылық пен тұрақтылыққа үміт ету бос сөз.
Бір адамды, мектеп қабырғасында ақ, білім беруде өз ұлттық құндылықтары емес, жахандық орталықтың қысымымен оның тіліне ауыыстсақ, қарын тоқ болады. Бірақ ел, жер, мәдениет, еркіндік, егемендікті өз қолымызбен сыртқы күштерге табыстаған болмаймыз ба?
Бір қазақ баласы неге мектеп қабырғасында ағылшынша оқу керектігінің мұнда басты мақсаты айтылыпты...Бірақ бұл мемлекеттің мақсаты емес, ол корпорцияның, компанияның мақсатына сай келеді. Бұл туралы әлемдегі теориялардың барлығын салыстырып қойып таразылап бере алатын мүмкіндігім бар...Бұл туралы арнайы кітап жазуыма да болады..бірақ уақыт қысқа болғандықтан осылай елмен бөлісіп отырмын. Жалпыхалықтық талқыға қатысыңыз ағайын..туындаған сұрақтар болса, ғылыми танымдық негізде жауаптауға трыысыамын. Бұл деген білгіштіктен емес, қайғыдан, күдіктен туындап жатқан ішкі хәлім...Сіз не дейсіз?
Қосымша ақпарат:
"79. Поэтапный переход на английский язык обучения в системе образования - в старшей школе и вузах. ГЛАВНАЯ ЦЕЛЬ - ПОВЫШЕНИЕ КОНКУРЕНТОСПОСОБНОСТИ ВЫПУСКАЕМЫХ КАДРОВ И РОСТ ЭКСПОРТНОГО ПОТЕНЦИАЛА ОБРАЗОВАТЕЛЬНОГО СЕКТОРА.
79-қадам. Білім беру жүйесінде – жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу. Басты мақсаты –ДАЯРЛАНАТЫН КАДРЛАРДЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ СЕКТОРЫНЫҢ ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУ." - Ұлт жоспары – «100 нақты қадам».
abai.kz
ПІКІР АЛМАСУ
ТЕКСТ