КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

    Таяуда ел халқына ұсынған «Қазақстан2050» Стратегиясында Елбасымыз: «Интеллигенция қалыптасқан мемлекет кезеңінде жаңа жалпыұлттық құндылықтар жасауда алдыңғы қатарлы күш болуы керек. Олар заманға сай және болашаққа құлшынысты болуға тиіс» деп атап көрсетті. Сондайақ бағдарламалы құжатта «Қазақ халқы және мемлекеттік тіл даму үстіндегі қазақстандық азаматтық тұтастықтың біріктіруші ұйытқысы болып келеді» деп анық айтылды.
    Осы тұрғыдан келгенде, халық рухани құндылықтармен жетілетіні, мәдени парасатпен елдік істерді жүйелейтіні түсінікті. Руханияттың қайнар көзі, дәстүрдің алтын арқауы – елге, яғни қалың оқырманға берері мол толыққанды туындылар, шыққан күндей шын шығармалар, атқан таңдай ақиқат дүниелер. Кітап – қай заманда да киелі құндылық, асыл қазына. Сондықтан да әрбір халық мәдениетінің биіктігі мен ділінің беріктігі шығарған кітабымен, оның мазмұнымен, көркемдігімен, сапасымен, сауаттылығымен өлшенетіні анық. Кезінде тарихымызды таратып айтып, дәстүрімізді дәріптеп жазатын заманды аңсадық. Сол мамыражай заман, міне, туды. Ел болып, еңсе тіктеп, сан алуан тақырыпта кітап шығаруға мүмкіндік алдық. Бейнелеп айтсақ, жазам деген адамға тақырып та жетерлік, жағдай да бар, басып шығарамын деген қаламгердің баспасы және дайын.
ТМД елдері ішінде кітап шығару ісіне қолдау көрсетіп жатқан нақ Қазақстандай бірдебір мемлекет жок. Мәселен, 2011 жылы елімізде жалпы таралымы (тираж) 16 млн. 300 мыңнан асатын 5324 аталым кітап жарыққа шықкан екен. Бұл көрсеткіш адам басына шаққанда жыл сайын мемлекетіміздің бір тұрғынына бір кітаптан келетінін көрсетіп тұр. Аталған меже жылданжылға өсіп келеді. Бірақ «біз сан қуамыз деп сапаға нұқсан келтіріп жатқан жоқпыз ба?» деген заңды сұрақ алдымызда көлденең тұрады.
    Айтайық дегеніміз, кітап бір күн оқылып, ертеңінде ескерусіз қалатын мерзімдік дүние емес. Ол – ұрпақтан ұрпаққа мирас болатын рухани жәдігер. Қазір біз әйгілі «Александрия кітапханасы» мен «Отырар кітапханасын» аңыз етіп айтамыз. Сондайақ Армениядағы Матенадаран қолжазбалар орталығында V ғасырдан бергі көне кітаптар сақтаулы тұр. Бұл мұралар армян халқының ұлттық мақтанышына айналған. Тасқа басылған кітапты қадір тұтып, киелі санау – әлем халықтары секілді, біздің ұлтымыздың да әлімсақтан бергі қасиеті. Кеңестік тоталитаризм жылдары араб қарпінде жазылған ескі жәдігерліктердің баршасына тыйым салынғанда, тығырыққа тірелген аталарымыз оларды киізге орап, кесене, зираттарға апарып жасырғаны, көмгені – ескішілдіктің сарқыншағы емес, көмекті кімнен күтерін білмеген шарасыздық еді. 50жылдардың соңында бірсыпыра бастамашыл адамдар «Абайдың қолжазбасы, кітабы біріктірілген қос қазанға жасырылған екен» деп, Қарауылды әрібері кезгенін де жұрт аңыз қылып айтады. 70жылдары Отырарда археологиялық қазба жұмысы жүргізілгенде, халықтың бірінші сұрағы «кітапханасы табылды ма екен?» болғанын да жасырмаймыз. 90жылдары Алтайдан Атырауға дейінгі ауылдарда ескі кітаптар табылып жатты. Тіпті Орталық Азиядағы үлкен мұқабалы Құранның бір нұсқасы қарапайым қазақ ауылынан шықты.
    Тарихымызда «кітап ұстаған», «кітап ашқан», «абыз» («хафиз» – арабтың сөзі, «жаттаушы» дегенді білдіреді) деген ұғымдардың да ізі сайрап жатыр. Атабабаларымыз заманында Құран сөзін кітап сөзіне балап, оған имандылықпен, асқан ыждаһаттылықпен қараған. Айналып келгенде осының бәрі халықтың рухани мұраға деген, кітапқа деген қамқорлығы мен құрметі еді. Осы тақырыпқа орай мына бір тағылымды оқиға есіме түсіп отыр. Есімі елге танымал мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаров екі мыңыншы жылдың басында Шымкент қаласына сапарлап келді. Бұл кісі кезінде осы облысты басқарып, бойындағы бар қажырқайраты мен тәжірибесін өңірді өркендетуге жұмсаған айтулы тұлғатын. Сол еңбегіне сай жұрт жапырылып құрмет көрсетіп, Асекеңе: «Сіз Шымкентке дүйім жұртты қызықтыратын дендропарк, ипподром салдырып бердіңіз, бұл ісіңіз ұрпақтан ұрпаққа мәңгіге қалады» деген сыңайда мақтаумарапаттау сөздер айтып жатты. Сол кезде Асанбай Асқарұлы ойланып тұрып: «Халқымызда «елу жылда – ел жаңа» деген сөз бар. Заман өзгерген сайын, әр ұрпақ ғимараттарды өз талғамына сай өзгерте беруі мүмкін. Ал ұрпақка мұра боп жететіні – тек кітап кана. Соны ойлай келе, көп даярланып, ұзақ толғанып «Ұлы Тұранның ұлдары» атты кітап жазып, жақында жарықка шығардым. Кітап шығару да үлкен ілім екен. Тәуелсіздікке қол жеткен соң бұрынғыдай Мәскеуге жалтақтамай жазу үшін көп нәрсені қайта ақтарып, жаңаша жүйелеуге тура келді. Соның арқасында бірталай әдебиетті қайта оқып шықтым. Ұрпақ алдында тындырған шаруам, қалдырған мұрам деп осы кітабымды айтар едім. Бұл еңбегім замандастарыма, тұстастарыма ғана емес, келер ұрпаққа арналады. Жиғантергенімді, көргентүйгенімді қағазға түсіруді де үлкен сауапты іске санадым» деген еді. Айтса айтқандайақ, кейін Шымкенттегі дендропарктің жанжағы жекешелендіріліп, өзгеше құбылды. Ипподром да өзгеріске түсті. Қарап тұрсақ, қайраткер ғұмыр тәжірибесін салмақтап, көріпбіліп айтқан екен. Бұл жерде өмір көрген, көңілге көп нәрсе түйген, ұдайы ат үстінде жүріп, жазусызудан алшақтап қалған адамның кітап шығаруға деген құрметін, оған деген жауапкершілік сезімін аңғарамыз.
    Бүгінгі қоғамда «кітап оқитындарға қарағанда кітап жазушылар көбейіп кетті» деген сынпікір айтылып қалады. Әдебиет атты күмбезді өз қолымен қаласып жүрген белгілі ақынжазушылардан бөлек кітап жазуды «көрінсем, жарқырасам» деп атақ қуып, ермек еткен әуесқой жазармандардан аяқ алып жүргісіз.
    Жалпы, салақиятты, көзіқарақты жұрт ұғынуы тиіс бір мәселе бар. Қаламгер жақсы жазылған кітабының міндетті түрде жарық көретініне, рухани құндылықтар қатарына енетініне кәміл сенімді болу керек. Ал жақсы кітап деген не? Оның өлшемі қандай?.. Жақсы кітап бұрынсоңды жарық көрмеген, жұртшылыққа ой салып, жансарайын ашатын, тәлімтәрбиелік мәні терең, ақылдың кені, кісіліктің кілті болуға тиіс. Бұдан бөлек, кітаптың басты құндылығы саналатын сауаттылығы мен көркемділігімен қоса, полиграфиялық безендірілуі (дизайны), қаріп түрі (жас ерекшелікке қарай әріп тұрпатына дейін түрлі өзгерісті қажет етеді) талапқа сай мінсіз болуы керек. Бүгін ақыл таразысына салып, сабырмен қарайықшы: осы талап орындалып жатыр ма?
    Қазіргі әсіре іскері, пысығы бар, данқ құмары бар – көп адам қолдағы қаржысын, байлық пен беделін пайдаланып кітап шығарғысы келеді. Жасыратыны жоқ, баз біреулер дүниесін малданып, сапасы мен сауаты төмен «кірпіштерді» басып жариялауды үрдіске айналдырды. Ал бірақ ол кітап оқырман талғамын өсіре ме, өшіре ме, бәсекеге шыдай ма, шыдамай ма – ол жағына басқа біреулер, басқа ғасырда бас қатыруы керек секілді. Біраздан бері айтылып келе жатқан тағы бір күрделі мәселе бар. Жазуға икемі барлар облыс, мекеме басшыларынан жалыныпжалпайып кітабын шығартып, содан кейін «өткізіп бер» деп тағы да сол орындардың маңайын жағалап жүру әдетінен әлі де арыла алмай келеді. Тіпті әлгідей әдіспен кітабын шығарып алған кейбір талапкерлер, таныстамырлықпен кеден қызметкерлеріне, дәрігерлерге, теміржолшыларға әкекөкелеп өткізіп кететіні де айтылып жүр. Көзбен көргендердің айтуынша, ақырында әлгі кітаптар кеден, темір жол бекеттері мен аурухана бұрышында үйіліп, жосықсыз материалға айналады екен. Бұл мемлекет пен халық алдында обал емес пе?! Сонымен бірге сұранымы болмаса да, оқырманы табылмаса да бір шыққан кітапты қайтақайта бастыру автордың өзі мен баспаның беделіне нұқсан келтіретін жайт болуы керек. Жалпы, автор табу, кітап әзірлеу, оны жүйелі басып шығару, адресті оқырманға жеткізу — ұлт мәдениетінің құрамдас бөлігіне айналуы тиіс. Бүгінде «Бір жылда бес кітап шығардым» деп мақтанып, күпінетіндер ақынжазушы деген тұлғаның пародиясы ретінде ұғынылатын кезге келдік. Қанша дарынды, алғыр болса да ешбір жазушының бір жылда бес, тіпті үш кітап жазуға адами, рухани, тіпті кәсіби мүмкіндігі жетпейтінін естен шығармайық. Әрнені үзіпжұлып, отбасы, ошақ қасындағы әңгімелерді домбаздап, өзінің физиологиялық қажеттілігін өтегеніне дейін тізіп жаза берсе, әдебиетіміздің әлеуеті, кітабымыздың кепиеті қаншалықты деңгейде қожырамақ? Егер кітап сауатты, маңызды, аса құнды болса, оқырман бірбірінен естіп, оны іздейді, қалай да оқығанша асығады. Демек, ең әуелі жақсы жарнама да, мүшелін молынан қайыратын жылнама да жақсы кітаптың – өзі.
    Кітап шығару ісінде сөкеттеу көрінетін мына бір келеңсіздікті де айтпай кетпеуге болмайды. Мысалы, қоғамдық маңызы бар тақырыпты қозғайтын кітапқа талғамы төмен автор өзінің отбасылық суреті, яғни бажабалдыз, абысынажын, бөле, жиен, жекжатжұрағат, құдаларының суретін енгізеді (астына ұялмай «менің құдам, түгенше, т.с.с», «құдамның құдасы Бурабайда», т.б. жазуларды да қыстырып қояды). Бұл – қай жағынан алып қарағанда да этикалық нормаға, өркениеттілікке жатпайтын жағымсыз жайт. Бұған қоса, суреттердің астына жазылатын мәтін біресе бірінші жақтан, енді бірде үшінші жақтан жазыла береді. Фамилиясын, атын жазуда бірізділік жоқ. Суреттің астындағы сөздер ой салудың орнына, жұртшылықты үркітетін ессіз сөздермен, орашолақ тіркестермен тізбектелетінін де байқап жүрміз. Әрине, әулетке, шектеулі туматуысқа арналған альбом, естелік, мерейтойға арналған құттықтаулар жинағы, мемуар кітап өз алдына, жеке басылып шықса, жанрына сай болса әңгіме басқа болар еді. Оған тыйым салуға болмайды, тек әдептен озбай, орнымен, ұрпаққа лайық етіп шығарған абзал. Бұрынсоңды танысбіліс болмаса да халықтың танымал тұлғаларын әлдебір ісшараларда, жекелеген тойтомалақта, мерекелік концерттерде көріп қалып, олармен жанасып суретке түсіп, кейде сыртынан ресімдеп, өзінше сурет қорын жинап, соның бәрін кітапқа кіргізіп жіберу дарақылық қана емес, ұят тірлік дер едік. Бұл – ең әуелі авторға, сонан соң сол кітапты шығарған баспаға сын болуға тиіс. Бүгінгі қазақ қағазы мен кітабы ұяттан беті қызарып тұр. Баспагерлер қаржықаражат жолында мораль, этика (әдеп) дегенді жинап қойып, кез келген тапсырысты қомағайланып ала береді. Ертеңгі күні сапасыз кітаптағы баспа аты сол мекеменің мәңгілік сапасыздық, жауапсыздық қоңырауы болатынын ескермейді. Өз абыройбеделін, имиджін ойламайды. Ақшасын берді екен деп, барлығын кітапқа тоғытып сапырылыстыра беру – баспагердің өзін, кәсібін сыйламауы, тіпті мәдениетсіздігі дер едік. Сонда баспалық өлшемдер, полиграфиялық шешімдер қайда қалды? Мәселен, дастарқан басында тамақ ішіп отырған суретпен қатар, біреуді ақтық сапарға шығарып салып жатқан фотоны беру тәжірибесіздік пе, талғамсыздық па? Не үшін, кім үшін беріліп отыр? Дәлірек айтсақ, үйдегі отбасылық альбомда жиналатын суреттерді жалпы оқырманға ұсынудың қаншалықты қажеті барын автор да, баспагер де білетін уақыт жетті деп ойлаймыз.
    Көпшіліктің кітапқа деген ынтасы саябырсып бара жатқанда, азды көбейтеді деген ықыласты оқырманды осындай сүреңсіз кітаптармен үркітіп алмаймыз ба? Олар «шығарылған кітаптардың сиқы мынау болса, жазушыларың анау болса, басқадан не үміт, не қайыр?» деп теріс айналып кетпей ме? Енді 3040 жылдан кейін бүгінгі шығарылып жатқан кітап үшін ұлт ретінде, қоғам өкілі ретінде ұялмаймыз ба?
    Рас, кез келген істен елге, ортаға, өзіне пайда іздегені дұрыс шығар. Алайда халқымыз «Құсты сойса да, құланды сойса да қасапшы сойсын» демей ме? Кітап шығарудың технологиясы исі мұрнына бармайтын жекелеген «баспагерлер» ұлт классиктерінің мұраларын жариялауды әдетке айналдыра бастады немесе «шығарамыз» деп оңдысолды жарнамалап жүр. Сондайлардың кесірінен ертеңгі күні Абай мен Мағжан, Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсірепов және басқа да көрнекті тұлғалар мұрасы қате, жүйесіз басылса, әлем алдында масқарамызды шығармай ма? Дүниеде текстология деген ғылым саласы бар, бізде ол кешеуілдеп дамып отыр. Корректоры қыдырып кеткен, редакторы басылымға көз салмай ақша алатын, «негізгі нұсқаны» сауатсыз, «әділет» пен «әбілетті», «жиһан» мен «жиғанды», «сақар» мен «сахарды» түсінбейтін компьютерші басқан «классика» қазақ әдебиетін және оның мың сан оқырманын қай жарға құлататынын ойлаудың өзі ауыр. "Негізі, классикалық мұра алғысөзбен, түсініктермен жариялануы тиіс. Өйткені тұлғалардың жазғандарына әр кезеңдәуірдің өз бағасы болуы тиіс. Бұл – оқырманды оқытатын, талғамын өсіретін жол. Біздің құлықсыздау баспагерлеріміз жаңа замандағы кіріспе авторын іздемей, «комментарий» дегеннің не екенін де аңғармай, данышпан мұрамызды құйрықжалын күзеп шығарып жатқанын неге жасырамыз? Жалпы, классиканы даярлауды белгілі ғылыми бағыттағы мекемелерге берген дұрыс. Мысалы, Мұхтар Әуезов мұрасын тек «М.Әуезов музейүйі» әзірлесін. Сонда сұраушы да, сұралатын да болады. Абайды даярлауды бірнеше қаладағы Абайтану орталықтарының біріне сеніп тапсырайық. Классикалық мәтін даярлаушылардың еңбегін де, өнбегін де (шәкірт даярлауын) барынша қолдайық.
    Мұра – кітаптың да, бүгінгі көркем шығармалардың да оқырманға жетіп, мемлекеттің рухани дамуы қажетіне жарауы – аса маңызды іс. Осы орайда білікті қаламгерлер мен ғалымдар қауымы әлемге танымал «Бір ел – бір кітап» шарасын өткізіп жүргенін мақтанышпен айтамыз. Бұл шара көрнекті ақынжазушының кітабын республика көлемінде насихаттап, жас ұрпаққа оқытуды, таныстыруды көздейді. Ол акция ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхана бастамасымен 2007 жылдан бері өткізіліп келеді.
    Ел жаппай оқуға тиіс кітап ретінде бірінші Абайдың «Қара сөздері» таңдалды. 2008 жылы Мұхтар Әуезовтің «Қилы заманы», 2009 жылы Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері алға шықты. «Жыл кітабы» мәртебесін 2010 жылы Жұбан Молдағалиевтің «Мен — қазақпын!» поэмасы, 2011 жылы Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы, 2012 жылы Оралхан Бөкейдің прозасы алды. Акция Отанымыздың барлық кітапханасында өткізілді.
Әрине, кітаптың оқырманы да, бағалаушысы да — халық. Бірақ біз кітап сыны, рецензия деген ұғымдардан көз жазып қалғандаймыз. Республикалық газетжурналдардағы бір тілім таныстыру, екіүш сөйлем аннотация кітап сынының жүгін көтере алмайды. Біздің жоғары оқу орындарында профессор Тұрсынбек Кәкішев енгізген «Қазақ әдебиеті сынының тарихы» курсын жандандыратын, салаландыратын уақыт әлдеқашан туды.
Кітапты мазмұндау немесе сыпыра мақтау — бүгінгі «сынның» сипаты. Кезіндегі М.Қаратаев, С.Қирабаев, А.Нұрқатов, М.Базарбаев, Р.Бердібай, т.б. тұлғалардың сынындай дүниелер баспа ісі үшін де, оқырмандар үшін де ауадай қажет. Мысалы, өкінішке карай, қазір қарапайым қаламгерлер түгіл, әдебиетшілердің өзі атын ауызға сирек алатын Мұхамеджан Қаратаевтың көркем аударма туралы сынын Тәуелсіз Қазақстанның практикалық тіл саясатына орайлы пайдалануға болушы еді.
    Баспа — басып қана қарап отыратын ксероксмекеме емес. Бүгінгі баспагерлеріміз XXI ғасырда өмір сүріп жатқанымызды ешқашан ұмытпауы керек. Жақында XIX ғасырдағы Ресей баспагерлері өнімдері мен бүгінгі біздің кейбір баспа өнімдерін салыстырып, ойланып калдық. Шынында, кәсіпті сүю, оған адал болу, шын берілу маманнан жетілуді, өз ісіне жауапкершілікпен қарауды талап етеді екен. Әйтпесе ол заман мен бұл замандағы техниканы, технологияны салыстыруға бола ма?
    Шығарған өнімнің тұтынушыға өтуіне, яғни оқырманға жетуіне ең әуелі баспа, оның менеджерлері мүдделі болуға тиіс. Бұл шығармашылық жұмыстан кем емес. Яғни тиісті мониторинг жүргізу, өнімді өз дәрежесінде насихаттау (алдын ала жарнамалау, жарық көретін мезгілін хабарлау, сарапшылардың пікірлері арқылы оқырмандарды іздеу, табу, таныстыру рәсімін өткізу, сатылған данасы, түскен пайда көлемі жөнінде ақпарат тарату, басқа да жоспарлы істер) жүзеге асырылуы, қажет.
    Жалпы, мамандандырылған баспаларды дамыту, бәсекелестік ортаны толтыру арқылы алға басатын іскерлерге заң да, заман да мол мүмкіндік беріп отыр. Экономиканың барлық салаларына арналған кітаптарға, әсіресе, мемлекеттік тілдегі, болашақта латын тіліне көшудің кешендік ісшараларын ескеретін сан алуан әдебиетке деген сұраныс та жасақталатын болады. Мұны ескеру керек. Басып шығарған кітаптарының сатылған данасы — баспаның басты көрсеткіші ретінде рейтингтік деңгейін анықтайтын болады. Ал мемлекет тарапынан берілген қаржыны ғана игеріп, аспанға қарап отыратын кез әлдеқашан құрдымға кеткен. Жазушы жақсы баспаны, баспа жақсы жазушыны іздейтін заман, яғни нарық заманы келді.
«Судың да сұрауы бар». Мемлекеттің әрбір тиыны есептеулі. Қазақстан үкіметі мемлекеттік тапсырысты сапалы, таңдаулы, бәсекеге қабілетті кітапқа беріп отыр. Оқып отырып қатесіне жүйке таусылатын балдырбатпаққа, макулатураға тапсырыс беріп отырған жоқ. Елін, Отанын сүйетін, жауапты баспагерлер мұны жақсы түсінеді деп ойлаймыз.
    «Өз ақшасына шығарып жатқандар өзі біледі» деп кітап, баспа өніміне немқұрайлы қарау қалыптасқан мемлекеттің кез келген көзі ашық азаматына, зиялы қауымына жараспайтын іс, кір келтіретін әрекет деуге болады. Өйткені, бүгінгі кітап — ертеңгі ел мұрасы, халық қазынасы, тарихымыздың айнасы. Сондықтан ендігі жерде халық пен тиісті мамандар қажет деп тапса, баспа саласы мамандарын қоғамдық аттестаттаудан өткізу мәселесін талқылаған жөн шығар. Сондайақ баспа қызметкерлерін біліктілікті көтеру курсынан, республикаға белгілі баспагерлердің шеберлік сыныбынан өткізіп отыру немесе оқытуға шетелдік білікті мамандарды тарту — уақыт талабы. Саннан сапаға көшуге, бәсекелестік біліктілік көшіне ілесуге баспа мүдделі болуы тиіс. Осы орайда кәсібіне шын жаны ашитын баспагерлер, зиялы қауым, сауатты, көзі ашық жастар интернет, баспасөз беттерінде пікірталасқа қатысуы, ойларын ашық айтуы қажет деп есептейміз. Бұл — баспа және кітап ісі саласындағы көп оралымсыздықты жоюдың және кітап басып шығару мәдениетін жүйелеудің бір жолы болар еді.

Алтын ұя

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика