КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

        Қазіргі тілдік қолданысымызда жиі кездесетін қате сөздердің бірі - "кино қарады", "фильм қарады" тірлік бірліктері.  Мысалы, "QAZAQSTAN" Ұлттық арнасынан көрсетілген "Тәуелсіздік тәуекелдері" (2021 жыл, 6 наурыз) бағдарламасында "... сосын жұрт Масляковтың КВН-ін көретін, ал үлкендерің айтыс қарады" деген қате тіркесті байқадық. Орыс тілінде «смотреть фильм» болғанымен, қазақ тіліндегі «қарау» сөзінің логикасы мүлде бөлек, «көру» сөзімен синоним бола аламайды. Бұл етістіктердің айырмашылықтарын жалпақ тілмен әрі суретте көрсетілген мысалмен былайша түсіндіруге болады: бірінші қарайсың, содан соң көресің. Ал грамматикалық ерекшеліктері бойынша қарау – салт етістік, көру – сабақты етістік. «Көр» негізгі етістігі жіктелгенде барыс септігінде тұрған есім сөзбен тіркеспейді, ал «қара» сөзі табыс, жатыс, шығыс септігіндегі сөздермен тіркеспейді. Бір ғана жағдайда, «қара» сөзі ауыс мағынада «қарай гөр», «көрмейсің бе» деген сөздермен мәндес болғанда ғана табыс септігіндегі сөзбен тіркеседі. Мысалы, «Барып шыққан жерін қарасаңшы,- деп Мағаш күліп келеді» (Мұхтар Әуезов),«Ең болмаса қара жорғасын танымай қалғанымды қарашы» (Ғабит Мүсірепов).


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика