КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақ тіл біліміне 2023 жылы тағы бір жаңа еңбек қосылды. Авторлары – А. Салқынбай, О. Жұбай, Б. Қапалбек. Кітапта 2013 жылы Н. Уәли редакторлығымен жарық көрген Орфографиялық сөздіктің кемшіліктері талданған.

            Қазақта «Сын түзелмей мін түзелмес» деген жақсы сөз бар. Басқа емес дәл орфографиялық сөздіктегі кемшіліктер көтерілгені қуантты. Себебі қазақ тілін үйренгісі келген кез-келген жан әуелі сөздің дұрыс жазылуын сөздіктен іздей бастайды. Тіпті кейде ғылыми зерттеу жүргізгенде өзіміз де ашып қарайтынымыз бар.

            Лексикографиялық сөздік әзірлеу оңай емес. Оның артында майшам жағып отырарлық қаншама сарп етілген уақыт пен табандылық бар. Дегенмен жасалған еңбектің сәтті әрі нәтижелі болғаны маңызды.

            Еңбекте әуелі қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне қатысты фонетикалық ұстанымдардың сақталмауы сөз етіледі. Қазақ тілінің реформаторы А. Байтұрсынұлы жазған дыбыстық әуезге сай келмейтіні, қазақтың ұлттық үніне сай болу принципі ескерілмегені айтылады. Тек бұл ғана емес, қазақ тілі жүйесіндегі көптеген салаларға қатысты қателіктер де талданған.  Мәселен, морфологиялық ұстанымның сақталмауы, күрделі сөздердің жазылуы, жалқы есімдердің жазылу мәселесі, шет сөздердің берілуі секілді т.б. мәселелер. Ғалымдардың көтерген мәселесі орынды.

            Осы бір даулы мәселеге біздің де айтарымыз бар. Өзімізше осында айтылған бір мәселе күрделі сөздерді зерттеп көріп едік. Түрлі мерзімді басылым беттерін, басқа да орфографиялық сөздіктерді қарастырдық. Соның нәтижесінде тек осы 2013 жылғы орфографиялық сөздік қана емес, одан алдыңғы және кейінгі сөздіктерде де біркелкілік, байланыс жоқтығын байқадық. Мәселен, күрделі сөздердің жазылуы мәселесі тілімізде әлі нақты жауабын таппай отырғаны мәлім. Төменде бірнеше күрделі сөздерді түрлі жылдарда жарық көрген орфографиялық сөздіктер негізінде салыстырып көрдік. Салыстыру нәтижесін төменде кесте арқылы бергенді жөн көрдік:

 

Күрделі   сөздер

Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі.Толықты

рылып,

түзетіліп екінші басылуы.Алматы, Қазақ

 ССР-інің

 «Ғылым» баспа

сы,

1978 ж.480 б.

Қазақ тілінің орфография

лық сөздігі: 49000 сөз,.

Қазақ ССР

Ғылым акаде- миясы,Тіл білімі

институты.—Өңделіп, толықтырылған,

3-бас.-Алматы:  Қазақстан,

1988 – 400 бет

Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі.Құраст.

Р.Сыздық,

Н.Уәлиұлы,

Қ.Күдеринова,

А. Фазылжанова және

т.б. –Алматы: «Арыс» баспасы,2005.-616 бет

Орфографиялық сөздік/Құраст:

Н.Уәлиұлы,

А.Фазылжанова,Қ Күдериинова,

Ғ.Әнес,-Алматы:Тіл білімі институты,

2007.-48 бет

Күрделі зат есімдер сөздігі.-Алматы,

1999.-110 бет.

Қасым  Балқия Қасымқызы.

 

тұсауке-

сер

тұсаукесер (ырым)

тұсау кесер (ырым)

тұсаукесер (ырым) тұсаукесер рәсімі

тұсаукесер (ырым) тұсаукесер рәсімі

тұсаукесер а)ырым.

ә)презента-ция.

Біртұтас

бір тұтас

біртұтас

біртұтас

біртұтас

-

сүйекша-

тыс

сүйек-шатыс

сүйек, сүйек шатыс

сүйекшатыс

сүйекшатыс

-

Тобанаяқ

тобан, тобан аяқ

тобан, тобан аяқ

тобанаяқ (ауру), тобанаяқ

болу

тобанаяқ (ауру), тобанаяқ

болу

-

Біртүрлі

 

бір,  бір түрлі

біртүрлі, біртүрлі болу

біртүрлі, біртүрлі болу

-

Атамекен

атамекен

ата-мекен

атамекен

атамекен

атамекен

Елорда

          -

елорда

ел орда

елорда

елорда

көкжиек

көкжиек

көкжиек

көкжиек

көк жиек

көкжиек

ақырза

ман

ақыр заман

ақыр заман

ақырзаман

ақырзаман

ақырзаман

 

            Еңбекте 2013 жылғы сөздік талданғандықтан біз тек 2005 жыл мен 2007 жылғы сөздіктерді көрсетіп отырмыз. Демек бұл қателіктер мен кемшіліктер әуел бастан ескерілмеген. Тек күрделі сөздердің өзі әр сөздікте әртүрлі. Содан да тілімізде нақтылықтан гөрі дүбара сөйлеу үлгісі нормаға айналып бара жатыр. Қазір бір сөзді бөлек жазамыз ба әлде бірге ме деп ойланатын болдық. Сондықтан да филолог ғалымдар бірлесе отырып ортақ бір нұсқаны таңдаса тілді қолданушылар үшін жеңілірек болар еді.  

            Орфографиялық сөздіктегі кемшіліктерден тіліміздегі мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалаларда күрделі сөздердің қолданылуында қателіктер орын алып жатыр. Төменде салыстырып көрсек:

            1) «жансауғалау» cөзі 2013 жылғы жарияланған орфографиялық сөздікте бірге берілген. Ал, «Ана тілі» газетінде бұл сөз бөлек түрде жазылған.

Ақырында осы зұлмат тағдырдан жан сауғалаған, өлімнен аман қалған бір бөлім қазақ аш-жалаңаш көршiлес Қытай, одан әрi Моңғолия, Ауғанстан, Иран және Түркия сияқты елдерге үдере көшуге мәжбүр болғаны мәлiм. ( «Нәубетті жылдардың құрбаны болған боздақтар рухына тағзым ету - ұрпақ парызы», Бақытжол Кәкешұлы, «Ана тілі» газеті, 31.05.2015).

2) «Басы бүтін» сөзі де осылай екі түрлі жазылып жүр. 2013 жылғы сөздікте бірге, яғни біріккен сөз түрінде берілсе, газет бетінде бөлек жазылған.

Міне, осындай жолдар арқылы совет өкіметі кешегі алаш ордашылардан ат құйрығын үзісіп, басы бүтін большевиктік идеяға берілген «Лениншіл жас» газетін қалыптастырып, қазақтың жастар мерзімді басылымын өзі көздеген арнаға түсірді. («Большевиктер дауылы» Асылхан Мамашұлы, «Ана тілі» газеті,  17.04.11).

3) «Ағасұлтан» сөзі 2013 жылғы орфографиялық сөздікте бірге, ал газет бетінде кездесуі бөлек.

            Шыңғыстың аға сұлтан кезі еді. («Текті тұлпар» Қорғанбек Аманжол, «Егемен Қазақстан» газеті,  25. 04. 2014).

4) «Адамкөргісіз» - бұл 2013 жылғы орфографиялық сөздікте берілген нұсқасы. Ал, «Ана тілі» газетінде бөлек түрінде  жазылған.

Ауыр роктан алынған су шытырасы адам көргісіз «бұзық»  формалар берді.

( «Судың сырын білеміз бе?» Жігер Қайыржанов, «Ана тілі» газеті 22.09.2011).

5) 2013 жылғы орфографиялық сөздікте «басыбүтін» деп бірге жазылса, «Егемен Қазақстан» газетінде бөлек берілген.

Алғашқыда бұл уақытша ермек сияқты болып көрінгенмен, бұл іске басы бүтін беріліп кеткеніңді өзің де байқамай қалдың ау деймін. («Сен қалдырған іздер» Өмірзақ Айтбайұлы, «Егемен Қазақстан»  газеті 12.03.2013).

Осы салыстырулар нәтижесіне сүйенсек, 2013 жылғы орфографиялық сөздікте біріктіріліп көрсетілген күрделі сөздердің жазылу нормасы басылым беттерінде әлі де бірізділікке түсіп, орныға қоймағаны байқалады.

            Ғалымдардың тарапынан жазылған бұл еңбек өте орынды, қажетті еңбек деп білеміз. Қазақ тіл біліміндегі жарияланған кез-келген сөздік түрі дұрыс әрі нақты болғаны абзал. Ғалымдар тілге жанашырлық танытып, кемшіліктермен қайта жұмыс жасауды ұсынып отыр.

            Лексикографиялық сөздіктер дайындауда ғалым А. Байтұрсынұлының ұстанған принципімен қазақ тілінің дыбыстық әуезіне, ұлттық дүниетанымына сай етіп жасау қажет. Алаш қайраткерлері қолдаған бағыт – қазақ тілінің болмысын ашатын дұрыс жол.

            Қорыта айтқанда, қазақ тілінде жарық көрген еңбектерге осылай талдау жасалып, сын-пікір білдіріліп, артықшылықтары мен кемшіліктері айтылып отырғаны жөн. Көп талқыға түскен еңбек жүйеленеді, нәтижелі болады деп ойлаймыз.

 

 

 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика