КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

 

Әдетте жастардың үлгі тұтар адамына айналып, көпшілігін әні мен сәні, сөйлеген сөзі арқылы «тәрбиелейтін» әншілердің көзге қораш көрінетін қылықтары, дүниетанымына кейде қарнымыздың ашатыны бар. Содан болса керек, халық арасында «Әншілер сауатсыз, олар кітап түгілі, газет-журнал оқымайды» деген пікір қалыптасқан. Бәріне топырақ шашуға болмас, бірақ…

Әлеуметтік желілер жақсы болды, кейбіреулерге қол жетпес жұлдыздай болғандармен «достасып», өзара пікір алысуға мүмкіндік бар. Негізінен, «Инстаграм», «Твиттерде» белсенділік танытатын олар, өнер иелері өздеріне жазылған мақтауларға, оңды пікірлерге жауап жазбайды.

Ал сынын білдіріп, тосыннан теріс пікір айтқандарға сол бойда-ақ қарымтасын қайтарады.

Айталық, орфография мен орфоэпияның аражігін айыра алмайтын әншілеріміз аз емес. Бір қынжылтатыны, олар сол ән өнерінде қолданылатын сөздерді де дұрыс жаза алмайды. Басқа-басқа, продюсер сөзінің өзін екі «с» әрпімен жазатындарға не дейсің? Қаншама жылдан бері асырап, оларды танымал еткен фонограмма атауын да қате жазып, оған екі «м»-ды қимайтындар кездеседі. Ол ол ма, өзіміздің төл сөзіміз болмаса да, қазақ тілінің қолданысына әлдеқашан енген сахна сөзін «сахына» деп тағы бір сөзді «ойлап тауып жатқандардың» барын жоққа шығармайық. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Белгілі әншілердің де «жаңа сөздері» жетерлік.

Көгілдір экранда аңдамай сөйлеп, бірақ ештеңе болмағандай жүре беретіндер ұшырасады. Тіпті, олардың қатары біршама десек, қателесе қоймаспыз. Жуырда ұлттық арнадан берілетін «Білгірлер отауы» зияткерлік бағдарламасын көргенбіз. Соған қатысқан елдің аузында жүрген әншілер «Қазақтың мың әнін» зерттеуші кім екенін білмей, масқара болғаны бар. Оны сахна саңлақтары білмесе, басқаларға не жорық?! Бір қызығы, осыған ұят, ағат болды-ау деп тұрған олар жоқ. Әншілер үшін бұл қалыпты құбылысқа айналғанға ұқсайды.

Расында, көркем әдебиетті былай қойғанда, күнделікті газет-журналдарды оқып тұратын өнерпаздар да сирек. Жасыратын несі бар, ел жаңалықтарынан да бейхабар. Ол сөз саптауынан байқалып қалады.

Ел алдында жүрген танымал тұлғаларды мінеп-сынау ойымызда жоқ. Оларды сауатсыздардың қатарына қосудан да аулақпыз. Өйткені, бұл ақылды адамның ісі емес. Әйтсе де, оларға қарап мыңдаған жас ұрпақтың өсіп келе жатқанын ұмытпаса екен дейміз.

Егемен Қазақстан


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика