КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақ талтүс болғанда ұйқыдан әзер тұрып есіней басып есік алдына шығып, қарынын сипап қарап тұрған. Кенет аулада қыт-қыттап жүрген төрт-бес тауық көзіне түсе кетті. Сол-ақ екен тұра ұмтылып қуалап жүріп біреуін ұстап алды. Кімнің тауығы дегенге басын да ауыртпады. Қолтықтап алды да көшеге шықты. Сатып жібермекші.
Жақындау тұратын бір көршісіне ұсынып еді, мұның арам мал екенін білді ме, алмаймын деп басын шайқады. Сөйтіп келе жатыр еді ауқаттылау тұратын ауылдасы алдынан шыққаны. Тауықты соған сатып ал деді. Тауықтан жұмыртқа шығады, жұмыртқадан тауық шығады деп езіп бастаған соң тезірек құтылғысы келіп үйге барып бәйбішеме айт, сатып алсын деді.
Үйіне келсе, міне масқара, ақ жаулықты әжеміз көрші шалмен күліп-ойнап, сүйісіп отыр екен. Ол имансыздардың не істеп жатқандарын сыбдырын шығармай келіп ана қазақ біліп алды. Сосын барып есікті қақты. Сасқалақтанаған көрші шал сандықтың ішіне кіріп кетті. Бәйбіше келіп есікті ашып бүкіл ауылға сүйкімсіз болған алаяқ қазақтың келіп тұрғанын көрді. Қолтығында тауық. Байың жіберді, сатып ал дейді. Оның ұрлап әкелген тауығын не қылсын, алмаймын деді. Алмасаң сенің ұрлығыңды ашамын деп қоқан-лоққы жасады. Оның баспалап келіп ашынасымен отырғанын көргенін түсінген кемпір қойдың құнына келісіп жаман тауықты сатып алды.
Сол кезде шалы да келіп қалды. Тауыққа қойдың құнын бергенін естіп қатты ашуланып тауықты қайтар деді. Сөйтіп еді ана қазақ «бұл жай тауық емес, сиқырды меңгерген бақсы тауық, үйіңдегі жын-шайтандарды қуады. Мысалы сенің үйіңде бір шайтан бар екен. Ол сандыққа кіріп алған секілді. Қазір оны аластаймыз» деп шәйнекте қайнап тұрған суды апарып сандықтағы зинақор шалдың үстіне асқан қатігездікпен құя салды. Анау ойбай салып сандықтан шыға қашты. Күнде көріп жүрген көршісі мен өмірі көрмеген шайтанды айыра алмаған көрсоқыр надан бай (қазақтардың барлық байлары сондай көрсоқыр надан) ана алаяқ қазаққа тағы бір қойдың құнын беріп, жын-шайтаннан құтқарғаны үшін алғыс айтты. Кемпірі де бетсіз екен, өтірік күліп көлгірсіп шалының қасында тұра берді.
Бұл неткен сорлы қазақтар, қай жақтың адамдары деп отырған боларсыз. Бұлар сіздің үйде жүр. Сіздің ақшаңызды алып балаларыңызды тәрбиелеп жатыр. Ертең балаңыз да солардай оңбаған болады, бұйырса.
Бұл Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Артур Краус дегенге миллиондарды беріп аттай қалап түсірткен «Алдар Көсе» атты аферист туралы мультфильмінің алғашқы сериясы. Өзге сериялары мұнан да сорақы. Одан да сорақысы оны барлық арналар балаларға базарлық ретінде ұсынып жатыр.
Бұл біздің бәріміз бала күнімізде сүйсініп оқитын Алдар Көсе емес. Ниеті бұзылған, оңбаған Алдар. Бұл Шәкен Айманов ағамыз сомдаған мейірімді Алдар емес, екі көзі ежірейген қатігез, қаныпезер Алдар. Бұл мултфильм жасатып тарихи іс тындырдық деп миллиондарды желге шашқан шенеуніктердің жұртты алдап жүрген өз бейнелері.
Ал сіз балаңыз солардай болғанын қалайсыз ба?

shyn.kz

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика