КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Дабыл қағылды...
Елең еткен жұртшылық қайда? Тіл мәселесін тілге тиек етсең, жақтаушылар мен даттаушылардан гөрі езуін тарта мысқылдап күлетіндердің қарасы көбейді. Масқара шығар. Бұл айтылып, ашылмаған тақырып емес. Нәтиже қайда?

Көше жарнамалары

Қазақ тіліндегі жарнамаларда грамматикалық қателердің өрбіп жүретіні кімге өтірік көрінеді. Мағыналық тұрғысынанда ұпайы түгел деуге келмес. Кейбір жарнамаларға өзіңде күліп жібересің. Қаймағы бұзылмаған қайран қазақ мұнша сауатсыз ба еді? Қаймана деген осы шығар...Жарнама бер жағы. Мерекелерде көздің жауын алатын алып банерлерге жазылатын сөздер ше? Қабырға ескерткіштердің сұмдығы бір төбе! Орыс тілінде мұнтаздай етіп жазылған. Санасу емес бұл. Бірақ ұлтаралық қатынас тілінде күндіз қолыңа шам алып іздесең де таппайсың. Біз (журналисттер) бұлардың бүлігін бейжай қалдырмай атап, пістелеп жазғанбыз. Түзетсін, қалпына келтірсін деп ұрандап. Нәтиже жағын көзі ашық жамағат өзі аңдап отыр.
Біз мәселенің салдарымен алысып, жұлысуға үйренгенбіз. Себебі осал тұсты нұсқап көрсету өте оңай, пендеге тән қасиет. Бірақ, ендігі салдарын сағызша созғылай бергенше себептермен де санасатын кез келді. Ұлтаралық қатынас тілінің ұпайы үгел тұрғанда, қазыналы қазақ тіліне қаймана күн неге туып отыр. Тәуелсіз ел болғалы қашан, етегімізді жияр кез келді. Өзімізді өзіміз келіп көтермесек, өзгеден не қайыр? Бұл осалдықтың себебі неде сонда? Жауап жүз ойланып, мың толғануды талап етпейді. Ой орысша. Содан туған сөзде орысша келеді. Мақұл деп қазақ оны аударамыз. Қазақтың қазақылық нышаны да бір түрлі бүгінде. Делсал қарайды, не аударып бас ауырқысы келмейді де аударма-сөздіктерге салып аудара салады. Содан мынадай ерекше жайттар туындайды. Мысалға: «При пожаре звоните» деген сөз «Өртте шырылдайсыз» делініп кеткен. Жылап та тұрып күлесің, күліп те тұрып жылайсың осыған қарап.
Өткен ғасырдың көрнекті өкілі, ағылшындардың мақтан тұтатын филолог ғалымы Дэвид Кристал өзінің «Тіл ажалы» деген еңбегінде былай деп көрсеткен – «бір халықты жойып жіберу түк емес, оған қос тілділікті енгізу керек. Өйткені үстем мемлекеттің тілі халық саны аз ұлттың тілін жойып жібереді». Осыны оқығанда жүректің шаншитыны ақиқат емес пе? Ұлтына жаны ашымайтын олақ-надандар қаймағы бұзылмаған қадірлі қазақ тілін мақтамен бауыздап жатыр. Тосқауыл қоятын кім бар. Билік нақтылап қолына алса, қалпына келтірмей қоймайды. Бірақ бұл кімнің етегін жамайды, бос шығын деп кесті ме, жоқ әлде... бұл жағы бізге беймәлім. Мемлекеттік тілдің кемел позициясы болуы керек. Заңды сыйлауымыз керек. Қазір мемлекеттік тілдің абройы аудармадан аса алмай отыр. Қоғамға қажетсіз. Ендігі біз аудармадан кеткен қателіктермен емес, аудармаға бет бұрған қасіретпен күресуіміз шарт сияқты. Қазақ тілі аударма тіл емес, мемлекеттік тіл. Заң бекіткен. Ендігі қазақ тілінің абырайына нұсқан келтірген бұл бассыздықтарды заңмен қудаласақ көп дүние қалпына келер ме еді? Ақыл айтудан адамыз, ой қосу қана. Қолда бар алтынның құнын білейік қазақ жұрты.

«Қасым» порталы

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика