КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қала көшелерікөркем, айнадай жарқырайды. «Айнадай» тазалықты аңғартса, бұл сөзді қоғамдықорындардағы тіл тазалығына қатысты қолдана алмаймыз. Яғни, жол бойғы атаулардыайна-қатесіз деп айтуға ауыз бармайды. Көрікті көшелерге көз сүйсінеді, алқателерден көз сүрінеді. Тіл тазалығы – ұлт сауатының айнасы, осы айнаайғыздалмағаны абзал.

Ел болғалытіліміз тұғырына тұрақтап, бөгде тілдің қамытын киген қалың атауларқазақыланды. Алайда, артық салмақтан арылсақ та, жат тілдің жұрнағы жармасыпкеледі. «Көрмейін десем, көзім бар», көшедегі емлеге сай емес жа­зуларсауатымызға – сұрау белгі.

Қазірге дейінбұл мәселе бірнеше мәрте сөз болып қозғалды, ел болып жүріп біраз олқылықтыңорнын толтырдық. Әйтсе де әлі күнге дейін осы әңгімені төңіректеп жүрміз. Бүгінтағы қаптаған қатеден қапа көңіл қолға қалам ұстатты.

Күн сайынжұмысқа бара жатып автобус ішінде дағдыға айналған даңғыл бойынан қаншамақатені көзім шалады. Салтанат сарайына таяғанда аялдама атауы «Салтанат»сарайы» деп жазылғанын байқаймын. Дұрысында салтанат сөзі тырнақшағаалынбай жазылу керек. Мұндағы ғимараттың да, аялдаманың да аты – Салтанат емес,Салтанат сарайы. Сондықтан «салтанат» сөзі оқшауланбай, өзі тіркескен «сарай»сөзімен тұтастай жазылады.

Қазақ тілбілімінің ережесі бойынша тіркескен сөздер екі не үш сөзден құралып бір ұғымдыбілдіреді. Қаламызда тіркесу арқылы жасалған жаңа сөздердің қатарында Салтанатсарайы сынды Министрліктер үйі, Парламент үйі, Үкімет үйі, Жастар сарайы, т.б.атаулар бар. Өкініштісі, осылардың арасында Жастар сарайы көп жерде Салтанатсарайының күйін кешіп жүр. Дегенмен, аталған екі атау өз ғимаратыныңмаңдайшасында дұрыс таңбаланған.

Назар аудартатынқателердің көбін жарнамалардан жолықтырамыз. Мұндағы бірінші мәселе – қазақ тілінетән төл дыбыстарымыздың сауатты жазылмауы. Мысалы, Сейфуллин көшесіндегі саудаорындарында «Сауда уйі» мен «Айгулек» деген сөздердегі «ү» және «ө»әріптерінің екеуі де «у» әрпімен басылған.

Тағы… Қабанбайбатыр көшесінде орналасқан үлкен экрандағы алимент төлеуге қатысты «Балаңныңалдында қарыздарсыңба?» деген мәтіндегі «ба» шылауы бөлек жазылуыкерек. Жалпы, жалғаулық (-ақ, -ау, -ай), демеулік (да, де, та, те), сұраулық(ба, бе, па, пе, ма, ме) шылауларының бірге жазылуы көп ұшырасады.

Сондай-ақ… жарнамадағысөйлемдердің құрылымына қарның ашады. Орысшада бәрі орынды, қазақшада мағынақаңғып кетеді. Ағылшынша аталған мына балалар киімі дүкенінде «талғамнантатыр киімдер» бар. «Татырға» таңдай тоздырғанша «талғамға сай киімдер»дегені жөн еді.

«Бәйтерек» аялдамасыныңкартасында көрсетілген суреттегі сөзді атау ма әлде сөйлем бе, өзім детүсінбедім.

 Қысқарған сөздің қыстырмасы көп

 Тілде айтуға қолайсыз шұбалаңқы сөздер қысқартылыпқолданылады. Қысқарғансөздер – екі немесе одан да көп сөздің қысқартылып берілуі. Бұл сөздердіңжасалуының бірнеше жолы бар. Бастысы, бас әріптерімен белгіленетін ұғымдарғатоқталсақ.

ҚаламыздаХалыққа қызмет көрсету орталықтары бар. Ол «ХҚКО» деп қысқартылады.Ал, орысшада жай ғана «ЦОН» және жұртқа ұғынықты. Негізі, бұл тіркескен төртсөз үш әріппен қысқартылып жазылады. «Қызмет көрсету» деген еркін сөз тіркесіжалғыз «Қ» әрпімен белгілену керек. Себебі, екі сөз тіркесіп бір мағына береді,яғни, «қандай?» деген сұраққа жауап береді. Сонда, дұрыс нұсқасы – ХҚО.

Енді екінші айтпағым– Сауда ойын-сауық орталықтары. Шаһар­дағы «Ханшатыр», «Керуен», «Азия парк»,«Мега», «Сарыарқа» – бәрін де СОСО деген тіркеме бар. Мұнда дажоғарыдағы жағдай. «О» әрпімен «ойын-сауық» қысқартылса, «СОО» деп жазылады.

 Біріккен сөздебірлік жоқ

 Иә, бірлік жоқ.Қанша біріктірсек те, бөлініп кете береді. «Бөлінгенді бөрі жейді». Жат тілдіңжетегінде жем болғанымыз жетер, бірігем деген сөздің бөліп берекесін қашырабермейікші осы?!

Кейінгі кездебіршама бірігу тәсілі арқылы жасалған жаңа сөздер сөздік қорымызға қосылып,тілімізді байыта түсті. Сөзжасам ғылымындағы өнімді сөз жасаушы техниканың бірі– бірігу тәсілі.

Біріккен сөздердегеніміз – бір немесе бірнеше сөздің бірігіп бір мағынаға ие болуы. Бұлсөздерді білесіздер, мысал келтірудің қажеті жоқ деп ойлаймын.Айтайын дегенім – бөлек жазылып жүрген біріккен сөздер жайы.

Қонақүй. Қаладағықонақүйлердің барлығында десем болатын шығар,төбесіне «Қонақ үй» деген басы бө­лінген «құс» қонақтап алған.Бірен-саран ғана «құстың» дені – сау.

Мекенжай. Мұндаажырағысы келіп тұрған қос жұбайдың арасын «дефис» дейтін жалғыз үміт жалғаптұр. Әлеуметтік желіде, баспасөз бетінде, теледидарда,жарнамада «мекен-жай» деген жазуды көп байқаймыз.

Жанұя. Мекенжайдыңмұңы мұнда да. Бәлен жер, түген жер демей-ақ қояйын. Осы суретте, Сарыарқакөшесінен ғана кездестірдім «Жанұя» есімді бұл бейбақты. Тіпті, орыстіліндегі «семьяның» баламасы ретінде алынған осы атауды қолданудың өзі – лексикографиялықсауатсыздықтың шалығы. Өйткені, оны 1993 жылы Мемтерминком «отбасы» деп қазақшалап,бекіткені мәлім. Ал, «жанұя» сөзі – теологиялық мәні бар, эзотерияға табантіреген ұғым.

 Ханшатыр –халық көп жиналатын елдорданың еңселі орындарының бірі. Әлемдегі ең үлкеншатырдың шекесіне өз аты дұрыс қойылған. Бірақ, басқа кездерде бұл біріккен екісөз үнемі бөлек, «Шатыр» «Ханның» жанында шіреніп бас әріппен бойын биікұстайды. Алысқа ұзамай-ақ аясындағы автобус аялдамасына ныспысы «ХанШатыр» деп жапсырылыпты. Қазақта көбіміздің атымыз бірігу тәсілі арқылыжасалады. Егер өз атымыз осылай бөлінетін болса, жанымыз шығып кетердейшырылдаймыз. Мәселен, есімім Орын Бек болып тізілсе, түземей тағат таппаспын.

Біріккен сөзгеқатысы жоқ болса да «Встреча» сауда үйі маңындағы тұрғын үйдің төбесіндегі«Бірігіп саламыз!» деген сөз де бірігуге құлқы жоқ. «1000 бірліктің бірін алса,нөл қалады» деген сияқты бұл сөздегі бірі жоқ «…ігіпсаламыздың» мағынасы да нөл.

P.S. Тоқсанауыз сөздің тобықтай түйіні Абай атамыздың сөзін сәл өзгертіп айтсақ,сөз түзелді, жазушы, сен де түзел. Жазғанда жұрт жазғырмайтындай түзу жазайық,ағайын!

astana-akshamy.kz


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика