КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Соңғы кездері қазақ тілінде «заманауи» деген сөз біртіндеп сіңіп келеді. Бұл сөзді көбіне мәдениетті қауым: тарихшылар, әдебиетшілер, тілшілер жиі қолданып жүр. Ал мен үшін бұл – құлаққа түрпідей тиетін жат сөз. Өйткені «ауи» жұрнағы қазақ лексикасында еш уақытта болған емес. Болса, араб-парсы тілдерінде болған шығар. Мәселен, солардан келген бәдауи деген сөз бізде өте сирек кездеседі және оның мағынасы да онша оңып тұрған жоқ: дуана, қыдырма, қаңғыбас деген ұғымдарды білдіреді. Олай болса, заман деген сөзге неге «ауи» жұрнаған зорлап тықпалаймыз? Оның орнына осы күнге дейін қолданылып келген «и» жұрнағын неге өз орнымен қолдана бермейміз? «Заманауи» деген сөз көркемсөз шеберлеріне немесе әншілерге қолайлы шығар, бәлкім. Өйткені бұл сөзді мәнерлеп айтып, әндетіп созғанға ыңғайлы. Әйтпесе заман, қоғам, адам, тарих, әдеб, кітап сөздеріне керек кезінде «и» жүрнағын қосып, замани, қоғами, адами, тарихи, әдеби, кітаби деп айтып жүрміз ғой. Егер осы сөздердің соңына «ауи» жұрнағын жалғап, заманауи, қоғамауи, адамауи, тарихауи, әдебауи, кітабауи деп айтар болсақ не болар еді? Сондықтан тілшілер қауымы, терминология комитеті бұл мәселеге мән бере қарағаны жөн. 
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы...
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол – ақынның білместік бейшарасы», – деген Абайдың ескертпесін есімізден шығармайық.

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика