КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгінгісі, болашағы. Қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілі қасиетті қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады. Ана тілі – бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады.Сондықтан кез келген мемлекет өзінің аумағында салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды.
Тіл – қай ұлтта, қай елде болмасын ол баршаға қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруға тиіс. Біздің тіліміз ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл қазынамыз, өз атамекенімізде жүргендіктен, өз тілімізде сөйлеу парызымыз. Сол себептен де қазақ тілін ту етіп тігіп, кейінгі ұрпаққа бүлдірмей тапсыруға тиіспіз.
Бүгінде мемлекеттік тіл – қазақ тілінің мәртебесін көтеру, ана тілімізді ұлықтау жолында Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінде келелі бірқатар ұйымдастырушылық іс-шаралар жүзеге асырылуда. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, қызметкерлердің тілді жетік меңгеруіне және мемлекеттік тілді оқып-үйренуге бағытталған іс-шараларын ұйымдастыру алматылық кеденшілердің назарынан тыс қалмаған. Әр жыл сайын Департамент қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқыту курстары өткізіліп тұрады. Оқыту курстары қызметкерлердің тілді меңгеру деңгейіне қарай бастауыш, жалғастырушы және тереңдетілген топтарға бөлініп, сабақтар жүргізілді. Мемлекеттік тілді үйрету курстары аяқталғаннан кейін қызметкерге арнайы сертификаттар табыс етіледі. 
Алматы секілді алып шаһарда түрлі ұлт пен ұлыстардың шоғырланған мекені. Осы орайда өткізілген оқыту жұмыстарының жалғасы ретінде Департамент ішінде қызметкерлердің рухани өрісін кеңейту жұмыстарына да көп көңіл бөлінеді. Осы оқу аясында қызметкерлерге ашық сабақтар мен поэзия кештері өткізіледі. Қызметкерлер шаһарымыздағы М.Әуезов театрында болып, қазақтың маңдай алды азамат, вальс каролі Ш.Қалдаяқовтің «Сыған серенадасы» туындысын тамашалады. «Сыған серенадасы» – театр сахнасындағы шоқтығы биік туындылардың бірі. Оның өресі кең, құпиясы ашылмаған. Вальс королі әйгілі Шәмші рухына бағышталған бұл туынды сазгердің тағдырын бейнелейді. Шәмшінің сезім серпілтер көп шығармаларының ішіндегі «Сыған серенадасы» әнінің болмысы бөлек. «Сыған серенадасы» ұлы сазгердің көзі тірісінде кеңінен тарала қоймаған. Көп ұзамай бұл әнді сахна төріне әнші Тоқтар Серік алып шығады. «Бұл шара артына өлмес өрнектерін, ел көңілінде, жұрттың жүрегінде жатталып қалған сазды өлеңдерін қалдырған қазақ халқының аптал азаматын ұлықтауға арналып отыр. Аталмыш шарадан алған әсерімен бөліскен мемлекеттік тілді оқыту бөлімшесінің жетекші маманы – Алпамас Алмахан өз ойын былай өрбітті: «Әннiң табиғаты өзгешелеу, орындалуы да соған лайық үйлесiм тауып алған сияқты. Әйгілі Шәмшінің жүрек шымырлатар, сезім серпілтер құдіретті әндері әрбір қазақтың аузында. Сол сұлу әндер өмірге қалай келді? Жалпы Шәмшінің өз тағдыры, өз махаббаты туралы не білесіз? Еріксіз биге жетелеп махаббатпен тебірентер Сыған серенадасы. Осы бір әнді оятқан Сыған қызы Изольда жайлы естігеніңіз бар ма? Ән махаббаты Шәмші тағдырын тоқайластырған Исраил Сапарбайдың Сыған серенадасы атты поэтикалық драмасы сахнада осы тұрғыда сыр шертіседі. Әуенге толы драма әсерге де толы.»
Міне, бүгінгі таңда ел кедені мемлекеттік тілдің кемелденуіне ат салысып, құжат айналымының қазақ тілінде жүргізілуіне баса мән беріп, оның өсіп, өркендеуіне келелі істер атқаруда. Өзге ұлттар арасында кеден тілінде қазақша сөйлейтіндер, өз елінің патриоттары атанатындардың саны күн аса артып келе жатқаны жанымызды жадыратып, көңілімізді көкке жеткізетіндей. Аталған барлық бағдарламалардың басты мақсаты Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілін, мәдениетін сыйлап, ұлт бірлігін нығайтып, мемлекеттік тілді ауқымды қолданып оны насихаттау саясатын жүзеге асыру. Яғни мақсатты іс жүзіне асырып, бүгінгі мемлекеттік қызметкерлер оның ішінде өскелең жас буындардың бойына терең сіңіру басты мақсатымыз деп білемін.

Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі
Экономика

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 208342 0


02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 195147 0


26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 150902 0












ТЕКСТ

Яндекс.Метрика