КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

2017  оқу жылынан бастап елімізде білім беру жүйесінде орта мектеп оқушыларын кең ауқымды дағдыларға үйретуге, функционалдық сауаттылықтарын  арттыруға, адами құндылықтарын дамытуға көңіл бөліну керек деген мақсатпен жаңартылған білім беру бағдарламасы енгізілді. Аталған бағдарлама аясында оқып үйрену мен тәрбие ісінде оқу орындарының жаппай заманауи технологияларды қолдануға көшу барысында мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру - қоғамның басты мәселесі екендігі айқындалды. Мұғалімдердің кәсіби қабілетін дамыту барысында мектептің даму жоспарында желілік қоғамдастық, тәлімгерлік инновациялық, интерактивті әдістерді пайдалану арқылы білім сапасын арттыру, интернет жүйесімен ұстаздар қауымымен пікір алмасу қолға алына бастады.

                Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып оқушыны сыни тұрғыдан ойлануға дағдыландыру, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, ақпараттық технологияны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті әдіс-тәсілдерді қолдана білу ұстаздың басты талабына айналды.

                Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой –өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Зерттеулік білік пен дағдылар адамға тек ғылыми жұмыспен айналысқанда ғана емес, сонымен бірге оның басқа да қызмет аясында қажет. Шығармашыл - зерттеушілік ізденіс кез-келген кәсіптің ажырамас бөлігі болып  табылады. Баланы зерттеушілік іс-әрекетке дайындау, зерттеулік ізденістің біліктері мен дағдыларына үйрету қазіргі кезде білім берудің маңызды міндеті болып отыр.

Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
                Жаңартылған білім беру бағдарламасының аясында оқытудың әдіс-тәсілдері өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңартылып, жаңаша ой-пікір пайда болды. Осыған байланысты мұғалімдер алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Атап айтсақ келесідей оқыту әдіс-тәсілдері:

Тұлғалық-бағдарланған тәсіл— педагогтің назарын оқушы тұлғасының тұтастығына, оның тек ақыл ойы, азаматтық жауапкершілік сезімінің ғана емес, сондай-ақ эмоционалдық, эстетикалық, шығармашылық нышандары мен даму мүмкіндіктерімен қоса рухани дамуы туралы қамқорлыққа шоғырландыруды көздейді.

Коммуникативтік тәсіл-бірінші кезекте оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын дамытуға, қарастырып отырған мәтін, қатысып отырған әңгіме мазмұнын түсініп, туындаған жағдаятқа сәйкес тілді қолданып үйренуге бағытталған.

Интегративтік тәсіл-оқу үдерісін жобалау және өткізу кезінде әр түрлі оқу пәндерінің мазмұнын өзара кіріктіру есебінен оқушыда әлемнің тұтас бейнесін қалыптастыруға жәрдемдеседі.

Интербелсенді әдіс– үйретуші мен үйренушілердің өзара әрекеттесуін оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер.

                Қорыта айтқанда, жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты — білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап еткен бағдарлама. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбек етуде. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алатынын көрсетіп келеді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында критериалды бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру» 2017 ж.

2.  Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы (екінші басылым) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015 ж.

3.  Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау басшылығы, Астана, 2016 ж.

4.  Мұғалімге арналған нұсқаулық (екінші басылым)  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015 ж. 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз








08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 632 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 895 0







ТЕКСТ

Яндекс.Метрика