THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:

404 - Ештеңе табылмады.
Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.
2025 жылдың 15 қазан күні Алматы қаласында Ішкі
саясат басқармасы Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің тапсырысымен «Қазақ
тілінің үздік оқытушысы – 2025» байқауының шешуші, үшінші кезеңі өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты – қазақ тілін заманауи талаптарға сай оқытатын кәсіби
мамандардың еңбегін дәріптеу, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және
оқыту үдерісіндегі үздік тәжірибелерді кеңінен тарату.
Байқаудың бірінші және екінші кезеңінде 44
қатысушының әдістемелік өнімдері мен креативті бейнематериалдары қазылар алқасы
тарапынан бағаланып, ішінен 10 үздік оқытушы соңғы айналымға жолдама алған
болатын. Үшінші кезеңге өткен мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының
тәжірибелі мұғалімдері мен оқытушылары қазақ тілін оқытудағы кәсіби
шеберліктерін, педагогикалық ойлау дағдыларын және шығармашылық қабілеттерін
тағы бір мәрте ортаға салды.
Үшінші кезеңде қатысушыларға пәннің білім мазмұны
бойынша және педагогикалық ситуацияларға қатысты кейс-сұрақтар қойылды. Бұл
тапсырмалар олардың жағдаятты талдау, тиімді шешім қабылдау, кәсіби рефлексия
және құндылықтық бағдарларын анықтауға мүмкіндік берді. Әрбір мұғалім өз
ой-пікірін еркін жеткізіп, нақты педагогикалық шешімдер ұсына білді.
Қазылар алқасы мұғалімдердің кәсіби дайындығын,
педагогикалық этикасын және оқыту процесін ұйымдастырудағы жаңашыл
көзқарастарын басты назарға алды. Қазылар алқасының құрамында филология
ғылымдарының докторы, профессор Ермекова Тыныштық, педагог-шебер Шатемірқызы
Ақмарал, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының аға оқытушысы Ибраева
Жанар, Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының тілдерді дамыту және ономастика
бөлімінің басшысы Қалымбет Бақыт, Мемлекеттік тілді дамыту институтының
әдіскері Қамбарова Бекзат болды.
Байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұны мен
маңызы жағынан ерекше әсер қалдырды. Байқау жеңімпаздарының есімдері 21 қараша
күні өтетін «Мемлекеттік тіл мәселелері» атты конференцияда салтанатты түрде
жарияланып, әкімдік атынан бағалы сыйлықтар тапсырылатын болады.
ПІКІР АЛМАСУ
08/10/2025 11:22
Мемлекеттік тілді дамыту институтында «ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ-2025» байқауы жарияланды
|
03/10/2025 15:14
Мемлекеттік тілді дамыту институтында жетілдірілген бағдарламаның жобасы талқыланды
|
09/09/2025 16:02
Ұлт ұстазының туған күніне орай А. Байтұрсынұлы музей-үйінде дөңгелек үстел өтті
|
19/08/2025 18:30
AlmatyTil.kz – тілді үйренушілерге де, үйретушілерге де арналған ортақ мекен.
|
01/06/2017 16:43
Орыс тілді мектептерде тіл дамыту жұмыстарының әдістемелік ерекшеліктері
|
ТЕКСТ