КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

 

Белгілі кинорежиссер Рүстем Әбдіраш «Aynaline.kz» порталына берген сұхбатында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған сериалға шетелдегі қандастарымыздың да түсуі мүмкін екенін айтты.

«Қазір біздің өмірімізге «аутентичный» қазақ» деген жаңа термин енді. «Аутентичный» деген негізіне, табиғи болмысына жақын нәрселер ғой. Бізге осындай «аутентичный», яғни, түп-тамырына жақын, тіл білетін, иіс сезетін, салт-дәстүрден хабары бар азаматтар келсе, жақсы болар еді. Қытайға барған сапарымда сол жақта аты мәшһүр Дәлелхан Қадырұлы деген актер ағамызбен таныстым. Ол Қазақстанда әзірше бірде-бір фильмге түспепті. Сондай-ақ, Моңғолияда тұратын ойрат жігіттерімен таныстым, олар қазақша жақсы сөйлейді екен. Мәселен, ертең осы жігіттер қазақ пен қалмақтың арасындағы тілмаштың рөлін сомдаса, өз тіліне тән акцентпен еріксіз көрермен назарын аудартады. Алдағы уақытта жобаға аталған кісілер шақырылуы мүмкін»,-дейді ол өз сұхбатында.

Айта кетейік, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай жарыққа шығатын «Қазақ елі» жобасын қолға алған режиссер Рүстем Әбдіраш қазіргі кезде тарихи картинаның түсіріліміне дайындық үстінде. 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



14/10/2024 09:57

Хабарландыру!
0 925 0




15/07/2024 16:45

Хабарландыру!
0 2121 1




05/06/2024 11:25

Хабарландыру!
0 2859 0



14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 2624 0




ТЕКСТ

Яндекс.Метрика