КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

    Тәуелсіздік күні жылдағыдай Жаңа жылдың көлеңкесінде қалып қоймауы керек. Бүгін Мәжілісте Үкімет басшысының атына сауал жолдаған депутат Розақұл Халмұрадов осы мәселені көтерді. Бұл туралы Қаз Ақпарат агенттігі хабарлады. 
    Сауал барысында депутат желтоқсан айы басталмай жатып, еліміздің барлық қалаларында Жаңа жыл мерекесіне кірісу «дәстүрге» айналғанын, осы мақсатта миллиондаған қаражат шығындалатынын атап өтті.
    «Алайда, Жаңа жылға дейін еліміз үшін маңызы үлкен мерекелер – Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік күні жөнінде еш ақпарат кездестірмей қаласымыз. Тек қана үш-төрт күн қалғанда ақпарат құралдарында кейбір бағдарламаларда жүгіртпе жолдар беріле бастайды. Бұл Тәуелсіздік күнін Жаңа жыл мерекесінің, шыршаның көлеңкесінде қалып қоятынын көрсетеді. Егер біз ұлт ретінде тәуелсіздігімізді қадір тұтсақ, ең алдымен осы мейрамдарға көңіл бөлуіміз керек. Біз Жаңа жылды тойлауға, қалаларды, елді мекендерді безендіруге, шыршаларды орнатуға қарсы емеспіз. Бірақ, алдымен Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік күнін мерекелегеннен кейін Жаңа жылды қарсы алуға кіріссек те болар еді ғой», – дейді Р. Халмұрадов.
    Оның айтуынша, желтоқсан айын тұтастай Тұңғыш Президент күні, Тәуелсіздік күнін тойлаумен өткізудің тәрбиелік, тағылымдық мәні зор. Осыған орай, депутат желтоқсанның бірінші жартысын айтулы мерекелер рухына сәйкес ұйымдастыру қажеттігін алға тартады. Бұл ретте көрнекі орындардың барлығын Елбасының алуан түрлі қызметін көрсететін, Тәуелсіздік рухын танытатын плакаттар мен стендтер, жарық беруші таблолармен безендіріп, жүйелі түрде халқымызды, жастарды отансүйгіштікке, бірлікке, қоғамдық келісімге шақыратын іс-шараларды ұйымдастыру маңызды. Соған орай, министрліктерге және жергілікті атқарушы органдарға иісті тапсырмалар жүктелсе», – дейді депутат Р. Халмұрадов.
    «Сүттей ұйыған ел, түбегейлі түлеген жер, сол жердің төсінде бой көтерген жаңа Астана, сәулетті ғимараттар, жылдан-жылға өсіп келе жатқан зейнетақы мен жалақы, бала санының өсуі, өлімнің азаюы осының барлығы – Тұңғыш Президенттің еңбегі, ел Тәуелсіздігінің арқасы екені белгілі. Қазақ ұлтының сақталуы, ықылым заманнан өзі мекендеген атажұртында дербес мемлекет ретінде шаңырақ көтеріп, өркендеуі ел тәуелсіздігінен бастау алады. Сондықтан да, Қазақстан халқы үшін тәуелсіздік күнінің алар орны ерекше. Тәуелсіздік тұғырлы болуы үшін оның қадіріне жету қажет. Ол – кез-келген азаматтың Отан алдындағы парызы. Осы парыздың жауапкершілігін бүгінгі ұрпақ қаншалықты ұғынып жүр?» – дейді депутат.

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



14/10/2024 09:57

Хабарландыру!
0 930 0




15/07/2024 16:45

Хабарландыру!
0 2127 1




05/06/2024 11:25

Хабарландыру!
0 2860 0



14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 2627 0




ТЕКСТ

Яндекс.Метрика