THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Ресей қазақтарының бүгінгі тыныс-тіршілігінен хабардармыз ба?
Авторы: Baq.kz
01/06/2017 12:04 0 49512 0
Қазақтар көп шоғырланған Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Ресей елдерінің ішіндегі Ресей қазақтары ішінде ана тіліміздің аясы тарылып келеді. Қазақ мектебі көп болмаса да, Моңғолия мен Қытайдағы қандастарымыз туған тілге берік. Кешегі Алаш арыстарының ізі қалған Орынбор, Омбы, Астрахань облыстарында қазақ тілі тек пән ретінде ғана оқытылады екен. Ал жергілікті қазақтар болса Қазақстан жағынан әзірге ешқандай қолдау жоқ екендігін айтады.
Қазіргі статистикаға сүйенсек, Ресей Федерациясында 1 300 000-дай қазақ тұрады. Олардың басым бөлігі Қазақстанмен шекаралас жатқан облыстарды мекен етеді. Атап айтсақ Алтай өлкесі, Самара, Орынбор, Шелебі, Қорған, Сарытау, Омбы, Новосібір, Түмен, Волгоград, Петербор, Мәскеу қалаларында сондай-ақ, Татарстан мен Қалмақияда қандастарымыз бар. Нақтырақ санын айтар болсақ, Астраханда - 170 мың, Орынборда - 135 мың, Омбыда - 110 мың, Саратовта 100 мың, Волгоградта - 60 мың, Челябіде - 40 мың, Алтай Республикасында - 20 мың, Түменде - 20 мың, Новосібірде - 20 мың, Қорғанда - 15 мың, Самарада - 15 мың, Уфада - 10 мың, Алтай өлкесінде - 10 мың, Санкт-Петерборда - 10 мың, Мәскеу қаласы мен Мәскеу облысында - 10 мың, Якутияда - 2,5 мың, Мурманскіде - 1 мыңдай қазақ бар. Тұрғындарының 50-85 пайызын қазақтар құрайтын аудандар да кездеседі. Мәселен, Астрахань облысындағы Красноярск ауданының 85 пайызы қазақтар екен. Бірақ басым бөлігі қазақтар болғанымен, ана тілдің жағдайы онша болмай тұр. Осынша қазақтың басын біріктіріп отырған облыстарды алар болсақ, тек Алтай өңірінде ғана қазақ мектебі бар. Керей ауылында қазір 80-ге тарта үй бар. 1925 жылы негізі қаланған Қаракөл орта мектебі Құлынды ауданына қарайды. 2011 жылы өткен Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында Ресейдегі қандастарымыздың мәселесі көтерілген-ді. Алайда баяғы бір жартас бір жартас. Көрші елдегі қандастардың қолы жеткендері кабельдік желімен отандық арналарды көріп отыр. Тіпті кабельдік арналардағы бағдарламалар Ресейлік хабарлардан еш айырмашылығы жоқ дейді сол елдегі бауырларымыз. Олардың меңзегені ана тіліндегі хабарлардың аздығы еді. Ол жақтағы тілдің жайынан бөлек, жастар мәселесі де бірінші орында. Қазақ жастарының басым бөлігі елдің тұлғаларынан хабарсыз боп шықты. Араласатын ортасы орыстілді болған соң, ата-аналары да бұл жайтқа көз жұма қарауда. Бір жылдары біздің елдегі аспиранттар сырттағы қазақтарға ана тілін үйретеміз деп бастама көтергенде, үн қоса қоятын жастарды таппапты. Жақсы бастама осылайша аяқсыз қалды. 90 пайызға жуығы қазақтар орналасқан бірнеше облыста бір ғана қазақ мектебінің болуы өкінішті-ақ. Ресейдегі миллионнан асатын қандастарымыздың бүгінгі тіршілігі осындай...
ПІКІР АЛМАСУ
23/04/2015 11:03
Р. Әбдіраш: Тілмаштың рөлін сомдаса, өз тіліне тән акцентпен еріксіз көрермен назарын аудартады
|
ТЕКСТ