THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖАЗЫЛЫМНЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ» КУРСЫ
Авторы: МТДИ ақпарат
04/12/2023 17:05 0 2329 0
Мемлекеттік тілді дамыту институтының
ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың қараша айында «Академиялық жазылымның
теориясы мен практикасы» атты (онлайн/оффлайн) курс өтті. Курсты филология ғылымдарының
кандидаты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, Әлеуметтік
лингвистика саласының білікті маманы Аман Абасилов жүргізді.
Академиялық
жазылым курсы қазір барлық ЖОО-да жүргізіле бастады, мода болып тұр десе де
болады. Керек курс, бірақ ортақ бағдарламасы түзеліп, бірізденбей тұр. Біздің курста
академиялық жазылымның пәні және оның
ерекшеліктері, мақсаты мен міндеттері, тілдік қатынастың түрлері: оқылым, хат,
сөйлесім (айтылым), тыңдалым, ғылыми бағыт бойынша жазылған жұмыстардың
ерекшелігі, академиялық мәтіндердің түрлері, құрылымы, академиялық жазылымның
теориясы мен практикасы және оның ерекшелігі, академиялық жазылым және ғылыми
стиль, академиялық оқылым әрекеті, тақырып таңдау, ақпарат іздеу, жазылым
үдерісі, сыни ойлау, плагиаттық және одан сақтану жолдары, зерттеу әдісі,
гипотеза және оны құру, мәліметтерге талдау жасау, кіріспені жазудың техникасы,
параграф және оның құрылымы, негізгі бөлімдерді жазу, қорытынды бөлімді жазу,
түйіндеме және оны жазудың жолдары қамтылды.
5 модульден
тұратын қысқа курстың нәтижесінде тыңдаушыларда төмендегідей кәсіби білім жинады:
-
мәтінді талдау, онымен жұмыс
істеу әдістемесін меңгерді;
-
қазіргі заманғы ақпараттық
кеңістікте мәтіндерді аналитикалық өңдеудің мақсаттары мен міндеттерін білді;
-
аннотацияның, рефераттың
жанрлық-стилистикалық сипаттамаларын үйренді;
-
аналитикалық шолу, ғылыми
хабарламаларды талдау мәселелері айтылды;
-
аннотация мен рефератты
коммуникативті ұйымдастыру принциптері көрсетілді;
-
ғылыми,
ғылыми-техникалық және ғылыми-танымдық мәтіндерді талдаудың жолдарын меңгерді;
-
салалық мәтінінің стилистикалық
және жанрлық қатыстылығын анықтаудың тәсілдері айтылды;
-
мәтіндердің стиль
қалыптастырушы элементтерін бөлу жолы көрсетілді;
-
мәтінге семантикалық талдау
жүргізу және оның негізгі сөздерін белгілеу үйретілді;
«Академиялық жазылымның теориясы мен
практикасы» атты курсқа бірқатар жоғары оқу орындарының мұғалімдері,
Мемлекеттік тілді дамыту институтының оқу бөлімінің және филология бөлімінің ғылыми
қызметкерлері қатысты. Курс соңында қатысушыларға 72 сағаттық сертификаттар
табысталды. Мамандардың сұранысына қарай мұндай курстар МТДИ базасында тұрақты
түрде ұйымдастырылып тұрады.Үнемі байланыста болыңыздар.
ПІКІР АЛМАСУ
ТЕКСТ