КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА


Соңғы мақалалар:

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

2025 жылдың 3 қараша күні «Bilim innovations group» орталығының ұйымдастыруымен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті гранттық негізде қаржыландыратын «Қазақстан аумағындағы тілдік ортада монотілді бала өсірудің қиындықтары, себебі және шешу жолдары» ғылыми жобасына қатысты ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция жұмысына жоба жетекшісі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Саткенова Жайна, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты  Мұхамади Құралай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Орынай Жұбай, филология ғылымдарының магистрлері Алпысбай Әлия, Самарқанова Ақерке және орталықтың ғылыми қызметкерлері қатысты. Іс-шара офлайн және Zoom платформасы арқылы онлайн форматта қатар ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстанның көптілділік жағдайында монотілді баланы өсіру қиындықтарын анықтау, олардың себептерін талдау, мәселені шешудің тиімді жолдарын ұсыну. Тілдік ортаның бала дамуына әсерін зерттеп, монотілді бала тәрбиелеу барысында туындайтын әлеуметтік және оқытудағы қиындықтарды анықтау. Мәселенің шешімі ретінде ата-аналар мен педагогтерге практикалық ұсыныстар әзірлеу.

Жоба жетекшісі өз баяндамасында жобаның өзектілігіне тоқталып, оның қоғамдағы сұранысы мен ғылыми маңызын айқындады. Қазіргі таңда Қазақстанның көптілді тілдік кеңістігінде монотілді баланы өсіру мәселесі өзекті болып отырғанын атап өтті.

Конференция барысында қатысушылар жоба мақсаттары мен міндеттерін талқылап, зерттеу әдістері мен дереккөздерін таңдауға қатысты пікір алмасты. Сондай-ақ, монотілді баланың тілдік дамуын зерттеу тетіктері, эмпирикалық материал жинау тәсілдері, ата-аналар мен педагогтерге арналған сауалнама құрылымы және зерттеу кезеңдерін үйлестіру мәселелері қаралды.

Жиын қорытындысында зерттеу тобының мүшелері өзара міндеттерін бөлісіп, алдағы жұмыстың негізгі басымдықтарын белгіледі. Конференция нәтижесінде жобаны жүзеге асырудың ғылыми және практикалық тетіктері пысықталып, оның табысты орындалуына бағытталған ортақ ұстаным қалыптасты.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз

































ТЕКСТ

Яндекс.Метрика