THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
2025 жылдың 29 қазан күні Мемлекеттік Тілді
дамыту институтының ұйымдастыруымен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым
комитеті гранттық негізде қаржыландыратын «Аңыз-әңгіме кейіпкерлерінің визуалды
портретін әзірлеудің филологиялық негізі және практикалық маңызы» ғылыми жобасына
қатысты ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция жұмысына жобаның жетекшісі,
филология ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университеті «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтының гуманитарлық
зерттеулерді үйлестіру бөлімінің басшысы А. Асқарова, Әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университетінің аға оқытушысы С. Дарибаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университетінің магистры А. Мамирбекова, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу
университетінің филология ғылымдарының кандидаты С. Итегулова және Мемлекеттік
тілді дамыту институтының ғылыми қызметкерлері қатысты. Іс-шара офлайн және
Zoom платформасы арқылы онлайн форматта қатар ұйымдастырылып, ғылыми пікір
алмасуға кең мүмкіндік берді.
Конференцияның басында жоба аясында осыған дейін
отандық және халықаралық деңгейде (ККСОН және Scopus базаларында) жарияланған
ғылыми мақалалар туралы ақпарат берілді. Сөз алған филология ғылымдарының
кандидаты С. Итегулова бұған дейін атқарған ғылыми және шығармашылық еңбектерін
таныстырды. Ол «Қазақ жырлары негізінде әзірленген сценарийлер» мен «Эпикалық
жырлардағы кейіпкерлер: дәстүр, замана құндылығы және көркем бейне», сондай-ақ
«Қазақ жырларындағы кейіпкерлер» жобаларының жүзеге асу барысын баяндады. Эпикалық
мұраларды заманауи форматта ұсыну арқылы жас ұрпақтың ұлттық мәдениетке
қызығушылығын арттырудың тиімді жолдарын атап өтті.
Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы
директоры Б. Қапалбек өз сөзінде жоба шеңберінде әзірленген комикстер мен анимациялық
бейнероликтердің мазмұндық және көркемдік ерекшеліктеріне тоқталды. Ол қазақ
эпосының кейіпкерлерін заманауи визуалды шешімдер арқылы бейнелеудің ұлттық
сана мен эстетикалық талғамды қалыптастырудағы маңызын атап өтті. Сондай-ақ, Б.
Қапалбек күнтізбелік жоспарды таныстырып, ондағы жұмыстардың кезең-кезеңімен
орындалу барысы мен алдағы міндеттердің бөліну тәртібі жөнінде баяндама жасады.
Конференцияның басты мақсаты – зерттеу тобының
осы уақытқа дейін атқарған жұмыстарын талқылап, алдағы кезеңге арналған
жоспарларды нақтылау, сондай-ақ жобаны жүзеге асыруға қажетті келісімшарттардың
алғышарттарын айқындау.
Іс-шараның қорытынды бөлімінде жобаның тиімді әрі нәтижелі жүзеге асуы үшін жұмыстарды тең бөлу, әр қатысушының міндетін нақты айқындау және ғылыми нәтижелердің сапасын арттыру мәселелері талқыланды.
ПІКІР АЛМАСУ
23/10/2025 16:55
«Қазақ топонимикасының өзекті мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференция өтті
|
08/10/2025 11:22
Мемлекеттік тілді дамыту институтында «ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ-2025» байқауы жарияланды
|
03/10/2025 15:14
Мемлекеттік тілді дамыту институтында жетілдірілген бағдарламаның жобасы талқыланды
|
09/09/2025 16:02
Ұлт ұстазының туған күніне орай А. Байтұрсынұлы музей-үйінде дөңгелек үстел өтті
|
ТЕКСТ

2)
3)
4)



