THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Мемлекеттік тілді дамыту
институтында Хайуанаттар туралы ертегілердің комикс жинағы жарыққа шықты. Бұл
жоба – мемлекеттік тілді насихаттауға, балалар әдебиетін жаңаша форматта
ұсынуға және ұлттық құндылықтарды заманауи құралдар арқылы дәріптеуге
бағытталған.
Қазақ халқының хайуанаттар туралы
ертегілері – ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жеткен тәрбиелік маңызы зор рухани
мұра. Сол мұраны жас ұрпаққа сіңіруіміз керек. Бүгінгі цифрлық дәуірде балалардың
кітапқа қызығушылығын арттыру үшін комикс форматы ерекше рөл атқарады. Осыны
ескерген институт мамандары дәстүрлі ертегілерді комикс жанрында ұсынуды жөн
көріп отыр.
Комикс жинағы төрт бөлімнен
тұрады. Әр бөлімде хайуанаттар туралы тәрбиелік мәні зор ертегілер
топтастырылған. Жинаққа енген шығармалар жеңіл тілмен баяндалып, мазмұны
сақтала отырып осы форматқа ықшамдалған. Әр оқиға кәсіби иллюстрациялармен
безендіріліп, кейіпкерлердің мінезі мен әрекеті сурет арқылы әсерлі жеткізілген.
Бұл балалардың мәтінді тез қабылдауына, оқиға желісін жақсы түсінуіне және
оқуға деген ынтасын арттыруына мүмкіндік береді.
Комиксте түлкі, қасқыр, қоян, аю
секілді хайуанаттар арқылы адам бойындағы түрлі қасиеттер бейнеленеді.
Айлакерлік пен тапқырлық, адалдық пен достық, жалқаулық пен еңбекқорлық секілді
қарама-қарсы мінездер оқиға барысында салыстырмалы түрде көрсетіледі.
Мұндай мазмұн баланың тек тілдік
қорын байытып қана қоймай, сыни ойлау қабілетін дамытуға да ықпал етеді.
Сонымен қатар ертегілердегі ұлттық дүниетаным, мақал-мәтелдер мен тұрақты
тіркестер арқылы балалар мемлекеттік тілдің көркемдік мүмкіндігін тереңірек
сезіне алады.
Әдебиетімізбің мазмұнын өнердің
басқа түрдері арқылы жеткізуді ЖИ-дің көмегімен анимациялық өнімдер жасау
арқылы да жоспарлап отырмыз. Қазір аталған шығармалардағы кейіпкерлерді
паспорттау жұмыстары жүріп жатыр.
Мемлекеттік тілді дамыту
институты алдағы уақытта бұл комикс түріндегі серияны жалғастырып, мифтік
кейіпкерлер батырлар жыры, аңыз-әңгімелер мен басқа да халық ауыз әдебиеті
шығармаларын басып шығару жоспарланып
отыр.
Толық ақпарат алу үшін +7 778 427
6707 нөмеріне хабарласыңыз.
МТДИ АҚПАРАТ
ПІКІР АЛМАСУ
20/02/2026 10:32
«Түркі елдерінде мемлекеттік тілді оқыту жүйесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық дөңгелек үстел
|
26/11/2025 15:01
Қызылорданың А.Байтұрсынұлы атындағы №211 мектебінде республикалық деңгейде конференция өтті
|
01/06/2017 16:43
Орыс тілді мектептерде тіл дамыту жұмыстарының әдістемелік ерекшеліктері
|
ТЕКСТ

2)
3)
4)



