КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ


Адамның сөйлеу мәнері таңқаларлық дүние. Себебі адам сөйлеген уақытта бір мезетте 100 кеуде, мойын, жақ, тіл, ауыз бұлшық етін жұмыс істетеді. Әр бұлшық ет жүздеген және мыңдаған жеке дара бұлшық ет талшық байламынан тұрады. Мұндай көлемдегі бұлшық етті басқару үшін жүргенде немесе жүргірген кезде қолданылатын нейрондар санынан әлдеқайда көп нейрон пайдаланылады. Бір қозғаушы нейрон балтырдың 2000 бұлшық ет талшығын басқара алады. Ал қайшы ретінде дауыс желбезегін бақылау үшін бір немесе екі нейрон басқарып отыруға жеткілікті.

Әрбір айтылған сөз немесе сөйлем бір уақытта жасалған бұлшық ет қимылымен сипаталады. Сөйлеуге керекті барлық мәлімет адамның бас бөлігінде орналасқан. Алайда бұл қақиып қалған бағдарлама емес. Мысалы, егер сіз тіліңізді абайсызда жаралап алсаңыз, кейіннен ота жасатқан соң тұрақты бағдарлама сөзді анығырақ шығару үшін өзгеріске ұшырайды.

Қарпайым «Сәлем» деп айтылған сөз көп нәрсені түсіндіреді. Дыбыс үндестігі адамның қандай күйде екенін (мұңлы, асығыс, қорыққан, ашулы, ризашылық, сағыныш т.б.) көрсетеді. Сонымен қатар сөйлеген сәтте дыбыс қарқындылығының да мағынасы бар. Ол мысқыл, бауырбасып қалу, қолдау немесе мазақ ету секілді әрекеттерді айқындайды. Мұның барлығы бұлшық ет дыбыс үйлесімдігі жағынан 180 градусқа тез өзгере салады.

Адам бір секундта 14 дыбыс шығара алатын қабілетте. Және айта кететіні тіл, ерін, жақ сияқты сөйлеу аппараттары 1 секундта үш-төрт есе көбірек қимылдай береді.

Бізге дейінгі өмір сүрген адамдар жануарларға ұқсас қарым-қатынас түрін дыбыстау және көзбен шолу іс-әрекеттері арқылы тілдескен. «Сөз» адам қашан затты зат деп дұрыс пайымдаған кезде, оған деген сұраныс болған шақта пайда болады. Ең алғашқы символдық тіл осыдан екі жарым миллион жыл бұрын, Homo Habilis адамдары тастан құрал-сайман жасай алған кездері пайда болған. Бұл кезең - адам тарихындағы ең бір айтулы оқиғаның бірі. Уақыт өте келе ауызша сөйлеу жаймен бір қалыпқа түсіп, осыдан 150 мың жыл бұрын өмір сүрген Homo Sapiens деңгейіне жетеді. Одан бөлек грамматика, синтаксис секілді тілдің жетекші бөліктері эволюция нәтижесінде шыққан.

massaget.kz


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 303 0








27/02/2024 11:57

ХАБАРЛАНДЫРУ
0 583 0








ТЕКСТ

Яндекс.Метрика