THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Алматы – әсем
қала. Алайда қала көркін бұзатын жайттар да жоқ емес. Соның бірі – көше бойына
тізілген жарнама тақтасындағы қателер. Әлбетте, қатені кез келген адам
баласы жасайды. Дегенмен бүгінде аяғыңды аттап бассаң, қате мәтінге көз
сүрінетін жағдайға жеттік. Орфографиялық қателерді былай қойып, мәтін
аудармасындағы қателікті көргенде не күлеріңді, не жыларыңды білмейсің. Дерекке
сүйенер болсақ, 2015 жыл басталғалы бері Алматы қаласында ономастика туралы заңның
талаптарына сай келмейтін 50-ге жуық жарнама тақтайшасы анықталыпты. Мұндай
қателіктер әсіресе, қазақ тіліндегі нұсқасында жиі кездеседі. Осы мәселе
бойынша Алматы қаласының тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама
басқармасымен байланыстық. Біздің сауалымызға басқарманың бас маманы Бауыржан
Абдуллаев жауап берді.
– Негізі, Тіл
туралы заң бұзылған жағдайда, ономастикалық заңға сәйкес жарнама иесіне
10,20,50 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Бұл өткен жылғы жүйе. 2014 жылдан 2015
жылға дейін жарнамадағы қате бойынша тексеріс болған жоқ. Біз тек жаңа жүйе
қабылданғаннан кейін жұмыс жасаймыз.
– Жарнамалық
қателерге басқарма қандай шара қолданып отыр?
– Әлбетте, біз
жарнама берушілерге ескерту жасаймыз. Содан кейін «Алматы жарнама» ЖШС-не
жібереміз. Олар тексеріп, жарнама берушілерге айыппұл салады. Қатені кез келген
адам баласы жасайды. Дегенмен бүгінде аяғыңды аттап бассаң, қате мәтінге көз
сүрінетін жағдайға жеттік. Орфографиялық қателерді былай қойып, мәтін
аудармасындағы қателікті көргенде не күлеріңді, не жыларыңды білмейсің. Дерекке
сүйенер болсақ, 2015 жыл басталғалы бері Алматы қаласында ономастика туралы
заңның талаптарына сай келмейтін 50-ге жуық жарнама тақтайшасы анықталыпты.
Мұндай қателіктер әсіресе, қазақ тіліндегі нұсқасында жиі кездеседі. Осы мәселе
бойынша Алматы қаласының тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама
басқармасымен байланыстық. Біздің сауалымызға басқарманың бас маманы Бауыржан
Абдуллаев жауап берді.
– Негізі, Тіл
туралы заң бұзылған жағдайда, ономастикалық заңға сәйкес жарнама иесіне
10,20,50 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Бұл өткен жылғы жүйе. 2014 жылдан 2015
жылға дейін жарнамадағы қате бойынша тексеріс болған жоқ. Біз тек жаңа жүйе
қабылданғаннан кейін жұмыс жасаймыз.
– Жарнамалық
қателерге басқарма қандай шара қолданып отыр?
– Әлбетте, біз
жарнама берушілерге ескерту жасаймыз. Содан кейін «Алматы жарнама» ЖШС-не
жібереміз. Олар тексеріп, жарнама берушілерге айыппұл салады.
Әңгіме
төркінінен алыстамай «Алматы жарнама» ЖШС-не хабарластық. Телефон тұтқасын
орыстілді хатшы қыз алды. Өзімді таныстырып, хабарласу себебімді түсіндірдім.
Сөзімді аяқтағаным сол, тұтқаның арғы бетінен «кешіріңіз, ештеңе түсінбедім»
деген орыс тіліндегі жауап келді. Түсінбеген екен, амалымның жоғынан хатшы
қызға түсінікті тілді пайдаландым. Ақыры, бір кісіні шақырды. Тілдесе келе
естіген жауабымыз біреу болды:
– Бізге жарнама
бойынша өтініш түскенде Алматы қалалық тілдер басқармасының мөрі болуы керек.
Мөрсіз қабылдамаймыз. Ал жарнамадағы қатеге байланысты айыппұл салу біздің
өкілеттікке кірмейді...
«Алматы жарнаманың» жауабы осы болды.
jasqazaq.kz
ПІКІР АЛМАСУ
ТЕКСТ