КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Соңғы кезде қазақтың байырғы сөздерін орынсыз қолдану көбейіп кетті. Осы қалпымен жосылтып тарта берсе, бізден кейінгі ұрпақ қара танымай қаңғып кететін шығар. 
Өткен жолы бір басылымнан оқыдым, «Алаштың адуын­ды азаматтары» дейді. Тіпті сөз төркінін танитын, атақ-даңқы Алашқа мәшһүр айтыскер ақын ағамның жинағының аңдатпасында да жүр. Ақынның ақындығын айғақтайтын тұсқа мынадай анықтауыш қосыпты «адуынды айтыскер ақын». Бұрынғы түсінікте адуын сөзі алдымен әйел қауымына арналса керек-ті. Оның ішінде де долы, ызалы әйелге. Ертеректе ел ішінде «әне бір әйелге жоламаңдар, адуынды, тілі тиеді» деп сақтандырып жататын. Бұрынғылар бізге қарағанда қазақ тілін жақсы білген ғой. Қазір талғам төмендеп, түйсік жоғалған тұста адуын сөзін азаматқа да, ақынға да қолдана беретін болдық. Осыдан барып қой, кейінгі ұрпақ анығы осы екен деп үйреніп кететін болса, мықты екеніңізді көрейін, түзетіп көріңіз.
Тағы бір көп қолданылғандықтан әбден ақжем болып, түте-түтесі шыққан сөздің бірі «атсалысты». Маған нанбасаңыз, кез келген өз тіліміздегі басылымды алып, оқып көріңізші. Әлдебір мемлекеттік бағдарламаның орындалуына, кез келген үлкенді-кішілі шараның өткізілуіне қиян-кескі «атсалысып жүрген» біреулерді көресіз. Осы арада қаламдас қауымға ұсыныс айтқым келеді. Әбден сілікпесі шығып, шаршаған осындай сөздерді бірер жылға демалысқа шығарып жіберейікші. 
Тағы бір басылымнан оқыдым. Елдің екі тізгін, бір шылбырын қолына ұстап жүрген дөкей ағам демографияның дүмпуіне атсалысыпты. Зайыры ол сәбилердің перзентханадан балабақшаға дейінгі, білім ошағына дейінгі мехнатты жолын жеңілдетуге үлес қосқан болар. Ал басылымның жазуы жаңағыдай. Бір оңдысы, кейінгі інілер газет оқымайды ғой. Оқыса, демографияның дүмпуіне үлес қосқан жаңағы дөкейдің көкейіндегі ойға тілегі қабысқан келіндердің келесі күні көздері көгеріп жүрер еді. 

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



14/10/2024 09:57

Хабарландыру!
0 931 0




15/07/2024 16:45

Хабарландыру!
0 2130 1




05/06/2024 11:25

Хабарландыру!
0 2860 0



14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 2628 0




ТЕКСТ

Яндекс.Метрика