THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Қазақстанның
Грузиядағы елшісі Ермұхамет Ертісбаев «Қазақ елі» деген ұғымды қоғамдық санаға
сіңіретін кез келді деп есептейді. «Білесіздер ме, грузин тілінде «Грузия»
деген сөз жоқ. Мемлекеттің атауы әр тілде әртүрлі аталады...
Конституцияда
«Сакартвели» деп жазылған, бұл грузин жері» деген мағына береді. Тұрғындар
өздерін «картвели» деп атайды. Сондықтан бізге де «Қазақ елі» дегенді қоғамдық
санаға енгізе берген жөн. Әсіресе, бұл патриоттық рухты көтеру үшін қажет»
дейді елші.
Гүлшат
НҰРЫМБЕТОВА, Саяси ғылымдар докторы, профессор;
– Әрине, елдің,
жастардың, жалпы, қоғамның санасына сілкініс жасау үшін бір нәрсе керек. Онда
да рухты оятатын, отаншылдыққа жетелейтін ілгек болуы керек. Ол меніңше, «Қазақ
елі» деген атау. Бір өкінішті дүние, бізде талай игі бастамалар көтеріледі.
Бірақ көбіне жалғаспай қалады. Латын қарпіне көшеміз деп шабылдық. Оның да арты
белгісіз. Қоғам әрі-сәрі күйде қалды. «Қазақ елі» деп аталып жатса, жақсы.
Бірақ біз әлемдік саясатқа, жалпы, төрткіл дүниеге «Қазақстан» не болмаса
«Қазақстан Республикасы» деген атаумен танылдық. Мойындалдық. Халықаралық
құжаттарға да солай бекітілдік. Енді келіп өзгерткіміз келеді. Бұл бір жылдың
дүниесі емес, бәлкім, жүре келе қалыптасар. Бірақ халықтың санасына
ақырын-ақырын сіңіре берсек артық болмас деп ойлаймын.
Сайын БОРБАСОВ,
саясаттанушы:
– Шын мәнінде, Қазақстан деген атау ешқандай қорқынышты емес. Бірақ уақыт өте келе мемлекеттің атын өзгертіп жатсақ, одан бір жаман астар іздеуге болмайды. Сонау тәуелсіздікке қол жеткізген кезде Қазақстанда қазақтың саны 41 пайыз ғана еді. Қазір 67 пайызға көтерілдік. Енді алдағы жиырма жылда 80 пайызға көтерілуге тиіспіз. Құдай аналарымыздың, жарларымыздың құрсағына саулық берсін делік. Демек, көп ұзамай біз монаұлттық мемлекетке қол жеткіземіз. Сол кезде «Қазақстан» емес, «Қазақ елі», не болмаса, «Қазақ Республикасы» деп атауымызға болады. Тіпті Қазақ Республикасы деп жатсақ, өте жақсы. Өйткені әлемдегі демократиялық мемлекеттердің барлығы өздерін «республика» деп атайды. Мәселен, Француз республикасы, т.б. Яғни Ермұхамет Ертісбаев айтқандай, осы бастан халықтың санасына құя берген дұрыс. Бұл жөнінде жақында Ұлытауда болған сұхбатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та жақсы айтқан. Демек, сең қозғалды. Соны халық енді іліп әкетуі керек.
ПІКІР АЛМАСУ
ТЕКСТ