THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Көрермендердің тарихи фильмдерге қызығушылығы артып келеді
Авторы: Еламан Тұрысбек
24/04/2017 10:17 0 4445 0
«Алматы»
телеарнасы арнайы жобалар редакциясының бас редакторы, белгілі журналист Мақсат
Ғадылбекұлы
– Мақсат мырза,
«Алматы» телеарнасы жаңа тарихи телесериалды ұсынбақшы, осы жайында айтып
өтсеңіз?
– Бүгінде қоғам,
көрермен тарапынан тарихи фильмдерге қызығушылық артып отыр. Мұның себебі де,
түсінікті шығар деп ойлаймын. Бір жағынан, мұны тарихқа қызығушылық деп
түсінсек, екінші жағынан бұл тарихи оқиғаларды бейнеде көруге мүмкіндік береді.
Әрине, халық соңғы уақытта шетелдік сериалдардың көбейіп кеткеніне сын
білдірді. Үкімет тарапынан да бұған қатысты ойлар айтылды. Дегенмен, аталмыш
сериалдардың рейтингі жоғары болғанын жасырудың қажеті жоқ. Телеарна рейтингке
қарайтыны анық. Алайда, тек рейтинг қуатын болсақ, біз нәтижеге жетпесіміз
анық. Сондықтар, «Алматы» телеарнасы жаңа сериал таңдау кезінде біраз
зерттедік. Мұның көрерменге қызықты болуын әрі тарихи санаға әсер ету деген
ұстанымды қатар қарастырдық. Жаңа сериал «Кіші хандар дәуірі» деп аталады.
Аталмыш сериал «N Entertainment» медиа-компаниясымен түсірілген. Телесериалдың
продюсері әрі сценарий авторы - белгілі жазушы Ален Арман. Яғни, сериалдың
сапалы дүние екендігіне күмән жоқ. «Кіші хандар дәуірі» атты 20 сериялық
драмада Моңғұл империясының тарихындағы 22 хан басқарған ақтаңдақ беттерін
жеткізуге тырысқан. Сценарий авторы әрі продюсері Ален Арман өзінің сұхбатында
бұл сериалдың сценарийін жазу барысы 7 жылға созылғанын, Моңғұл империясы
жайында 200-ге жуық тарихи құжаттарды зерттегенін айтты. Мұның барлығы сериалды
шынайы етеді. Телесериал сценарийі 22 кіші хандардың дәуірінде нақты болған
жайттар мен фактілерге негізделген. Көрермен сол заманның өмірі, болған
оқиғалар, адамдар арасындағы билік үшін талас-тартыс, қарым-қатынасты көре
алады. Сериал түсіріліміне 500-ге жуық адам қатысқан, соның ішінде Моңғолияның
халық әртістері А.Энхтайван және Н.Сувд та бар. Сондықтан, бұл сериалдың
көрерменге ұнары анық.
– Неліктен бұл
фильмді таңдадыңыздар?
– Әрине, телесериал
сатып алудың алдында оның әсері жайында біраз зерттенгенімізді айтып өттім. Бұл
Моңғол империясының тарихы болғанымен, біздің тарихпен тікелей байланысты
дүние. Бір жағынан, аталмыш сериал елімізде тұңғыш рет көрсетілетінін ескерсек,
екінші жағынан өз тарихымызды білуге мүмкіндік бермек. Әрі бұл кезең болған
оқиғаларымен ешкімді де бей-жай қалдырмасы анық. Шыны керек, сериал сол кездегі
адамдар арасындағы қарым-қатынасты өте керемет бере білген. Бұл орын алған
тарихи фактілерге басқа қырынан қарауға әсер етпек. Мәселен, шетелде жастардың
тарихқа деген қызығушылығын фильмдер арқылы берудің керемет дәстүрі қалыптасты.
Бұл тіпті кейбір елдерде туризмнің дамуына да әсер етіп отырған жайттар да жоқ
емес.
– Қазір отандық
тарихи фильмдер, сериалдар жоқ десек те болады. Неліктен деп ойлайсыз?
– Оның себебін
түсіндіру қиын шығар. Өткенде ғана Президент Н. Назарбаев тарихи фильмдерге
ереше мән беру қажеттілігін айтты, түсіруге тапсырма берді. Болашақта бұл
тапсырма орындалып жатса, біз сатып алуға дайынбыз. Ал жекелеген телеарналарға
мұндай сериалдар түсіру үлкен шығын әрі техникалық тұрғыдан мүмкін де емес.
Өзім Қазақ хандығының құрылу кезеңі туралы сериал түсірсе, бұл көрермен
тарапынан ерекше қолдауға ие болар еді деген ойдамын.
– «Алматы»
телеарнасының болашақ жоспарымен бөліссеңіз?
– Біздің жоспарымыз көп. Қазір ұлттық дүниені наисхаттайтын «Жәдігер» атты жобамыз бар. Соны жетілдірсек деген ой бар. Жаңа бағдарламалар мен жаңа жобаларға әзірлік үстіндеміз. Бәрін ашып айтудың қажеті жоқ та шығар. Келесі жылы біздің арнадан көре аласыздар деген сенімдемін.
alashainasy.kz
ПІКІР АЛМАСУ
ТЕКСТ