КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ


Кез келген мемлекет ең алдымен өзінің ұлттық қауіпсіздігін қорғауға міндетті. Сол ұлттық қауіпсіздіктің негізгі саласы – ақпараттық қауіпсіздік екені белгілі. Біз ақпараттық қауіпсіздікті былай қойып, әлі күнге ақпараттық тәуелсіздікке қол жеткізе алмай келеміз. Содан болар, қазір елімізде ресейлік һәм батыстық ақпарат құралдарының айы оңынан туып, «ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс» болып тұр. Тіпті, «олардың журналистері барлаушы ретінде жұмыс жасайды екен» деген пікірлер айтылатын болып жүр. Неге? «Алаш айнасы» басылымы осы мәселені ой таразыға тартып көрген еді. 

Әрине, біз өзіміз журналист болғандықтан шетелдік әріптестерімізді кінәлауға хақымыз жоқ. Десек те, әлем елдеріндегі саяси оқиғаларға қарап, осындай тенденцияның бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Себебі, әлемдік тәжірибеде тыңшылық (шпиондық) жасап, мемлекеттік немесе әскери құпияларды, деректерді шетелге асырған журналистер туралы ақпараттар өте көп. Өйткені, мамандар ақпараттың қожасы саналатын журналистерді тыңшылық жұмысқа пайдалану тиімді екенін айтады. Оны былай қойып, кез-келген журналист ақпаратты саралағанда өз мемлекетінің мүддесі тұрғысынан қарайтыны белгілі.

Мақсат Жақау, саясаттанушы:

– Әр мемлекет өзінің ұлттық қауіпсіздігіне баса назар аударады. Осы ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан алсақ, бізде сол қауіпсіздіктің кепілі болып саналатын ақпараттық қауіпсіздікке көп мән берілмей келеді. Әлеумет, экономика болмашы бір ақпараттан халық толқып кетуі мүмкін. Мұндай даурықпа, арандатушы ақпараттарды еуропалық және ресейлік журналистер жиі жазып жатады. Мұны сырттағы түрлі күштер тиімді пайдалануға тырысады. Сондықтан, шетелдік ақпараттық агенттіктердің қызметкерлерінің өнімін ЦРУ, ФСБ секілді ұйымдар пайдаланатынын жоққа шығара алмаймыз. Біз этикалық һәм құқықтық тұрғыда журналистикаға, еркін ойға шектеу қоюға хақымыз жоқ. Бірақ, мемлекеттің қауіпсіздігі үшін құзіретті органдар шеттен келген тілшілерді назардан тыс қалдырмағаны жөн. 

Сөзіміз дәлелді болуы үшін екі мысал келтірейік. Осыдан бірнеше жыл бұрын Әзербайжан билігі белгілі журналист Рауф Миркадыровқа ресми түрде «тыңшылық жасады» деп айып таққаны белгілі. Рауф Миркадыров «2008 жылы Армения арнайы қызметіне кіріп, Ереванға Әзербайжанның мемлекеттік құпияларын жеткізіп отырған». Сондай-ақ, Молдова билігі журналист Эрнест Варданеан сатқындық жасады деген айыппен 15 жылға бас бостандығынан айырғанды.

Әзімбай Ғали, саясаттанушы:

– Әр ахуалға персоналды тұрғыда қарау қажет. Дүниежүзінің көптеген елдері журналистерін барлаушы ретінде пайдаланатыны рас. Олардың бәрі бірдей барлаушы десек артықтау болар. Бірақ, кез-келген ел үшін журналисті барлаушы ретінде ұстаған өте тиімді. Мысалы, қазір Украинада көптеген Ресей журналистері барлаушы қызметін қатар атқарғаны айтылып жүр. Тіпті, «агент-журналистер ұшақты атып түсірді» деген секілді әңгімелер де айтылды. Бұған әрине, дәлел жоқ. Десе де Украинадағы жағдайларға шет елдегі журналистердің ықпалы мол болғанын ешкім жоққа шығара алмайды. 

Журналист-тыңшылар белгілі бір мемлекетті зерттеу арқылы іштен жау тауып, оларды оқытып-үйретіп, басын құрап, өз еліне қарсы әрекет еткізуге тырысады. Саясаттанушы Әзімбай Ғалидың айтып отырғаны осы жайтты меңзейтін секілді. Мәселен, Украинаның шығысындағы жағдайларда ресейлік журналистердің ықпалы анық көрінді. Біз сол жайлардан сабақ алып отырмыз ба?

Дәурен Қуат, журналист:

– Біріншіден басқа елдердің журналистері елдің ішкі және сыртқы жағдайындағы ақпараттарды жариялау арқылы өз мемлекетінің мүддесі тұрғысында қызмет жасайтыны белгілі жайт. Екіншіден, халықаралық қауымдастықтың мүшесі болғандықтан біз ашық қоғам құруға тиіспіз. Бұл орайда біздің ақпараттық агенттіктердің жайы мәз емес. Біз әлі ақпарат агенттіктердің жұмысын жолға қоя алмай отырмыз. Билік ресейлік басылымдардың таратқан мәліметтеріне құлақ асады. Ақпараттық қауіпсіздік басты қаруға айналған заманда өз көзімізбен, өз ойымызбен ақпарат тарата алмауымыз – ұятты жағдай. Ресейдің, Қытайдың, батыс елдерінің барлаушылары жариялы түрде жұмыс жасамағанымен, журналист-агенттері жариялы түрде ақпарат таратып жатыр. Біздегі оқиғаларды бес саусағындай біледі. Геосаясаттағы әр саяси қадамға қатысты сараптама жасап, өз елдерін хабарландырып отыр. Мәселен, Украинаның дағдарысына тікелей ресейлік журналистер ықпал жасағаны белгілі. Олар белгілі бір дәрежеде барлаушылық қызмет атқарып, мемлекеттегі бейберекетсіздікке себепкер болды. Қазір осыны түсінген украин билігі ел аумағындағы орыс телеарналарын тоқтатуға күш салып отыр. Ал, біздің ел бәрін көріп, біліп отырса да қозғалар емес.

Тыңшылық әрекет негізінен астыртын, елеусіз жасалатындықтан, бүкіл ел тағдырына, мемлекет құрылымына кері әсерін тигізіп жатады. Сондықтан да, қылмыстық құқық бойынша тыңшылық ісі өте қауіпті қылмыс болып саналады. «Сондай «қылмыстылар» біздің ортамызда жоқ» дей аласыз ба? Ендігі қойылар сауал осы…

Қазақ үні


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



14/10/2024 09:57

Хабарландыру!
0 925 0




15/07/2024 16:45

Хабарландыру!
0 2121 1




05/06/2024 11:25

Хабарландыру!
0 2859 0



14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 2625 0




ТЕКСТ

Яндекс.Метрика