THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Оптимистер ағылшын тілін, пессимистер қытай тілін үйренеді.
Авторы: Балғын Әділбаева
26/04/2017 10:04 0 44092 0
ҚАЗАҚ ТІЛІН КІМ ҮЙРЕНЕДІ?
Қазақ тілі де
халықаралық қатынастар тілі болмақ
«Қазақстан
Республикасының халықаралық шарттар туралы» заңының 7 бабында (Халықаралық
шарттардың тілі) былай деп көрсетілген болатын:
1. Екiжақты
халықаралық шарттар, әдетте, келiссөздерге қатысушы тараптардың мемлекеттiк
тiлiнде жасалады. Тараптардың келiсуi бойынша халықаралық шарттардың тiлi
ретiнде өзге тiл таңдап алынуы мүмкiн.
2. Көпжақты
халықаралық шарттар келiссөздерге қатысушы тараптардың келiсуi бойынша
белгiленетiн тiлдерде жасалады.
3. Халықаралық
шарттарға өзгерiстер мен толықтырулар олар жасалған тiлдерде ресiмделедi.
Бұл жағдай
(халықаралық шарттарды мемлекеттік тілде жасасу) мемлекеттік тілдің
мәртебесін көтеру деп танылды. Бірақ мемлекеттік тіл дәрежесін алған уақыттан
осы уақытқа дейін шарттар қай тілде жасалынып келді? Тек ана тілімізде еместігі
белгілі.
Мәжілістіктер
мәнді бастама көтерді делік. Бастамалары жүзеге асып, қазақ тілін халықаралық
қатынастар тіліне көтерсе нұр үстіне нұр.
Қазақтар қай
«темпераментке» сәйкес келеді?
Қазақстандықтар
да бұл тілдерді үйренуден қалыс қалмайды. Ағылшын және қытай, не басқа да
алпауыт компанияларда жоғары еңбек ақысы бар жұмысқа орналасу үшін осы тілдерді
білу – басты шарт.
Қазақстандағы
2009 жылғы санақ бойынша, елдің 15,4 пайызы ағылшын тілін түсінеді, еркін оқи
алатыны 2,6 пайыз, еркін оқып, жаза алытындар 7,7 пайызды құрайды.
2011 жылы 5
сәуірде English First ағылшын тілін оқытатын компания ағылшын тілін үйренушілер
арасында халықаралық зерттеу жүргізген. Зерттеуге 44 елден 2 миллион адам
қатысқан. Нәтижесінде белсенділер қатарында Норвегия, Нидерланды, Денмарк,
Швеция, Финляндия енген. Ал төмен көрсеткішті Панама, Колумбия, Тайланд,
Түркия, Қазақстан көрсетіп тұр. Интернет арқылы жүргізілген бұл сауалнама
шынайы көрсеткіш деп қарауға келмейді. Сондай-ақ, елдің демографиялық
жағдайының да ескерілмегені көрінеді.
Өз еліміздегі
2009 жылғы санақ бойынша нәтижеге қайта оралсақ. Өз ұлтын қазақ деп
көрсеткендердің 17,5 пайызы ағылшынды түсінеді, 2,9 пайызы еркін оқиды, 9
пайызы еркін меңгенген. Ал олардың қазақ тілін білу деңгейі: ауызша
түсінетіндер – 98,4 пайыз, оқи алатындары – 2,3 пайыз, оқып жаза алатындары –
93,2 пайыз екен. Қазақстандағы ағылшын тілін ең көп меңгенген ұлт – кәрістер.
Олардың 24 пайызы ауызекі сөйлесе алса, 11 пайызы еркін оқып жаза алады екен.
Қазақстандықтардың
«пессимистердің үйренетін тілі» қытай тіліне қызығушылығы жоғары. Тіл үйрететін
орталықтардың басым көпшілігі ағылшынмен қоса қытай тілін бизнес көзіне
айналдырған. Қазақстанда Конфуций институты жұмыс істейді. Оның мақсаты –
жергілікті халыққа қытай тілін үйрету.
Конфуций
институтының тарихына үңілсек. 1987 жылы Қытай үкіметі «Мемлекеттің шетелдерге
қытай тілін үйретудің басқарушы ұйымы» деген құзыретті жұмыс тобын құрған. Осы
мемлекеттік басқарушы ұйымның аясында арнайықытай тілін оқытуға қатысты
университеттер, институттар, орталықтар ашылған. 2004 жылы қараша айында
халықаралық деңгейдегі тұңғыш Конфуций институты Оңтүстік Кореяның астанасы
Сеулде пайда болды. Ал 2007 жылы Пекинде Конфуций институтының орталық штаты өз
жұмысын бастады. Қазіргі таңда әлем бойынша қытай тілін үйренушілердің саны
шамамен 4 миллионнан асады. 2009 жылдың соңына дейін 88 мемлекет пен арнайы
аймақтарда 282 Конфуций институты мен 272 Конфуций дәрісхана ашылған. Бұдан тыс
50-ден астам мемлекеттің 260 мекемелерінен Конфуций институтын ашу жөніндегі
арнайы ұсыныстар түскен. Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша екі Конфуций институты
жұмыс істейді. Оның біреуі Астанада, екіншісі Алматыда.Институт құрылғаннан
бері 500-ге жуық тіл үйренушілер арнайы курстарданөткен.
Шетелдіктер
қазақ тілін қандай мақсатта үйренеді?
Шығыстағы
шекарамызбен 1460 метр шектесетін Қытай елінің Бейжің қаласындағы Орталық
ұлттар университетінде түркі тілдері факультеті бар. Негізін Кеңес Одағының
ғалымдары қалаған. Қазіргі таңда аталмыш факультет қазақ филологиясыжәне ұйғыр филологиясы
болып бөлінеді. Факультетте қазақ тілінен, этнографиясынан, фольклорынан ғылыми
жұмыстарын қорғағандарының дені – қытайлар екен. 2002 жылы осы университеттің
шет тілдер институты «Орысша-қазақша-қытайша аударма» мамандығын ашқан. Алайда
бұл мамандықты бітіргендерге сұраныстың болмауынан мамандық әрі қарай
дамытылмай қалған.
Қазақстанға
келген қытайлықтар (тек қытайлықтар емес, барлық Қазақстанға келуші
шетелдіктер) қазақ тілін емес, орыс тілін үйреніп келеді. Сол себептен де,
қытайлықтар қазақ тілін «өлі тіл» ретінде қабылдайтындығы жөнінде де пікірлер
қалыптасқан. Ал орыс тілі Қытайда Кеңес Одағы ыдырағанға дейін негізгі шет
тілі ретінде оқытылған.
Шығыстың «таңғы
шық елі» деп аталып кеткен Кореяның Ханкук Шетел Зерттеулері Университетінің
Орта Азия тілдері кафедрасы жұмыс жасайды. Кафедрада қазақ тілі мамандығы
оқытылады. 2011 жылы журналист Рауан Сәбитұлының on.kz сайтындағы корейлік
студенттен алған сұхбатына назар аударар болсақ, ол корейліктердің Қазақстанға
күштеп қоныстандырылуы қазақ жеріне өзінің қызығушылығын арттырғанын айтады.
Одан әрі Қазақстан 1991 жылы Кеңес Одағы ыдыраған соң одақ құрамындағы елдерден
оқ бойы озық дамыған ел ретінде көрінгендігін және Қазақстанның болашығы жарқын
ел ретінде танығандықтан, қазақ тілін үйреніп жүргендігін жеткізген. Алайда,
Кореяда да қазақ тілі мамандарынан гөрі орыс тілі мамандарына сұраныстың көп
екендігін де жасырмайды. Сондай-ақ, қазақ тілін үйренуге оқулықтың, сөздіктің
жетіспейтіндігін жеткізген. Ал Қазақстанда оқыған кезін (КИМЭП) еске алған корейлік
студент қазақ еліндегі мемлкеттік тілдің ақсақтығын аңғарып, өз тілінде
сөйлегісі келмейтін қазақтардың бар екендігін де айтқан. (Сұхбаттың толық
мәтінін мына сілтемеде: http://www.on.kz/u48326/blogpost/33432/)
Польша
мемлекетінде де қазақ тілін оқытатын оқу орны бар. Ол – Познань университеті.
Университеттің Азиятану кафедрасының түркология бөлімінде қазақ тілінен
дәрістер оқылады. «Азаттық» радиосына сұхбат берген Қазақстаннан Познань
университетіне дәріс беруге шақыртылған Гүлайхан Ақтай алқашқы жылдары (2002
жыл) студенттердің қазақ тілін үйренуге деген құлшынысының жоғары болғандығын
айтады. Алайда Қазақстаннан келген түрлі деңгейдегі шенеуніктердің орыс тілінде
сөйлеуі олардың қарқындарын бәсеңдетіп, «Қазақстанға бару үшін орыс тілін
білсек жеткілікті екен» деген ойдың қалыптасуна әкелген-ді дейді.
Ал АҚШ-тың
Вашингтон университетінің оқытушысы, түрколог ғалым Талант Мауқанұлының
айтуынша: «АҚШ-та 5-6 университетте Орта Азия тіл мәдениетін зерттейтін
факультеттер бар. Сонда қазақ, ұйғыр, өзбек тілдерінен сабақ өтеді. Бұған
америкалық докторанттар мен студенттер қатты қызығады. Олардың көбі қазақтың
тілі мен тарихына, Қазақстанның саясатына қызығады. Америкада ғалымдарға
қойылатын бір талап – докторант, егер Қазақстанның саясатына байланысты диссертация
жазса, ол міндетті түрде орыс тілімен қоса, қазақ тілін де игеруі керек. Біздің
университетте 60-тай тіл үйретіледі. Солардың бірі – қазақ
тілі».(http://www.azattyq.org/content/Kazakhstan_Kazakh_abroad_China_USA/1353835.html)
Осы оқу
орындарынан басқа Германияның Гумбольдт университетінде Қазақстан және қазақ
тілі кафедрасы жұмыс жасайды екен.
Осы келтірілген
мысалдардан барлығына ортақ мынадай мәселелерді көруге болады:
- Тіл
үйренушілер Қазақстанның жеріне, саясатына қызығады;
- Тіл
үйренушілер қазақ тілін үйрене жүріп Қазақстанда қазақ тілінсіз-ақ өмір сүруге
болады деп ойлайды;
- Тіл
үйренушілерге қазақ тілін оқытатын оқулықтар тапшы (тіл мамандарының құлағына
алтын сырға);
-Тіл үйренушілер үшін қазақ тілі дегенде ассосация ретінде орыс тілі де қатар жүреді.
ПІКІР АЛМАСУ
28/04/2017 15:40
Аралас және өзгетілді мектептер Президент жолдауының 100% орындалуына кедергі келтірмей ме?
|
ТЕКСТ