КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА


Соңғы мақалалар:

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

2025 жылдың 23 қазан күні Мемлекеттік Тілді дамыту институтының ұйымдастыруымен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті қаржыландыратын AP26103897 «Қолданбалы лексикография: қазақ топонимдерінің этимологиялық сөздігін түзу және оны цифрландыру» ғылыми жобасы аясында «Қазақ топонимикасының өзекті мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция жұмысына жобаның жетекшісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Б. Тілеубердиев, Мемлекеттік Тілді дамыту институтының ғылыми қызметкерлері, сондай-ақ магистранттар мен докторанттар қатысты. Іс-шара офлайн және Zoom платформасы арқылы онлайн форматта қатар өткізілді.

Конференцияда филология ғылымдарының кандидаты, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің қауымдастырылған профессоры Б. Бияров топоним этимологиясын анықтауда тілден тыс деректердің маңызына тоқталды. Ол тарихи, географиялық және этномәдени мәліметтерді тілдік талдаумен ұштастыру арқылы топонимдердің шығу төркінін айқындаудың тиімді жолдарын ұсынды.

Филология ғылымдарының кандидаты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің қауымдастырылған профессоры А. Абасилов өз баяндамасында Қызылорда облысы ойконимдерінің қалыптасу ерекшеліктерін талдады. Ғалым аймақтық атаулардың табиғи-географиялық, тарихи және этнолингвистикалық сипатын ашып, олардың жүйелену жолдарын көрсетті. Сол университеттің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ғ. Тұяқбаев шетелдердегі қазақ топонимдік аңыздарына тоқталып, қазақ диаспорасы мекендеген өңірлердегі жер-су атауларының этникалық жад пен мәдени сабақтастық тұрғысынан зерттелу қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Б. Боранбай Сыр бойының ономастикалық кеңістігі мен ономастикалық саясат мәселелерін көтеріп, аймақ топонимдерін реттеу мен жаңғыртудың ғылыми-тәжірибелік негіздері туралы ой бөлісті.

Конференцияның басты мақсаты – қазақ топонимикасының өзекті мәселелерін талқылап, білім алушыларға топонимдердің тек тілдік бірлік қана емес, халықтың дүниетанымы, мәдениеті мен тарихының көрінісі екенін көрсету, сондай-ақ топонимдердің этимологиялық сөздігін түзу және оны цифрландырудың ғылыми маңызын айқындау болды.

Жиын соңында ғылыми жобаны жүзеге асырудың алдағы жоспары бекітіліп, қатысушылар ортақ пікір алмасу арқылы қазақ топонимдерін зерттеудің жаңа бағыттарын белгіледі.





ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз













05/09/2025 12:33

Бір күнге үш мереке
0 2721 0





ТЕКСТ

Яндекс.Метрика