THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
2009 жылы
іргетасы қаланған Мемлекеттік тілді дамыту институты мемлекеттік тілді қолдану
мен дамыту жолында мынандай қызметтер атқарады:
-
Орыс және өзге тілдерден қазақ
тіліне, қазақ тілінен өзге тілдерге аудармалар жасау;
-
Түрлі мәтіндердің қазақ тілінің
нормасына сай құрылғандығын тексеру, редакциялау, корректуралық тексерулерден
өткізу;
-
Лингвистикалық кеңестер беру;
-
Жеке адамдарға, мемлекеттік қызметкерлерге
мемлекеттік тілді үйрететін деңгейге бөлінген топпен және жекелей оқытатын
курстар ұйымдастыру;
-
Тіл үйрететін, қазақша іс жүргізетін,
аудармамен айналысатын мамандарға арнап біліктілігін арттыру курстарын жүргізеді;
-
Тіл біліміне қатысты ғылыми
зерттеулермен айналысу;
-
Тіл білімінің барлық салаларына
қатысты іргелі зерттеулер жүргізу;
Мемлекеттік тілді дамыту институтында жыл сайын түрлі жоғары оқу орындарынан филология факультетінің студенттері мен докторанттары іс-тәжірибеден өтсе, магистранттар тағылымдамадан өтеді. 2024 жылдың 25-наурыздан бастап сәуірдің 8-не дейін Филология факультеті А. Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының «Қазақ филологиясы», «Қолданбалы қазақ тіл білімі», «Қазақ филологиясы», «Қазақ тілі мен әдебиеті» (тіл бағыты) мамандықтарында оқитын 2-курс магистранттары, 8-19 сәуір аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультеті түркітану және тіл теориясы кафедрасының Шет тілі: екі шет тілі мамандығының 2 курс магистранттары тағылымдамадан өтсе, 22-қаңтар мен 25-ақпан аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология факультет, «Қазақ филологиясы» мамандығының 2 курс докторанттары, 16-қаңтардан бастап 10-мамырға дейін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Филология факультеті, Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының 4 курс студенттері іс-тәжірибеден өтуде.
Тағылымдама мен
іс-тәжірибеден өту барысында студенттерге төмендегідей тапсырмалар берілді:
- «Біртілді
сөздік жасаудың ғылыми-теориялық негіздері» (Б. Қалиұлы, Б. Қапалбек) атты
монографияға сыни-публицистикалық мақала жазу;
- «Қазақ тілі жүйесінің орфографиялық
сөздіктердегі көрінісі» (О. Жұбай, А. Салқынбай, Б. Қапалбек) атты монографияға
сыни-публицистикалық мақала жазу;
- Жұмсалымды грамматиканың қазақ тіл
білімінде даму (видео-сабақтар бойынша) ғылыми мақала жазу;
- Мектептегі жаңартылған білім беру бағдарламасы: артықшылықтары мен
кемшіліктері туралы мақала жазу;
- Шетелде (Жапония, Амерка, Оңтүстік Жапония, Түркия, Финляндия,
Сингапур) бастауыш білім қалай беріледі?! тақырыбында сыни- публицистикалық
мақала жазу;
- Портал бойынша ресурстар (А1, А2, В1, В2, С1);
- Диссертация тақырыбы бойынша 5 бет ғылыми мақала жазу;
- Институттың тіл үйрету порталын ресурспен толтыру (тапсырма жасау);
- Порталды ресурспен толтыру
(видеоматериал дайындау);
- Оқыған тілі бойынша
бастауыш мектептің жүйесі, созылу мерзімі, оқылатын пәндері, қолданылатын
бағдарлама және олардың сипаты туралы мақала жазу;
- «Академиялық жазылым» онлайн
семинарына қатысу;
- «Тіл полициясы» бөліміне мақала жазу (қателермен жұмыс), институтта
орындалып жатқан фольклорлық кейіпкерлерді біріздендіру жобасы бойынша бір
дастанды алып сюжет жазу, комикс жасау;