КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қытай қазақтары

Авторы: Baq.kz

23/06/2017 10:16   0   6812   0

    Тұңғыш қазақша «Зерде» смартфоны қазақ баласын Гиннесс рекордтар кітабына енгізді
    Тұңғыш қазақша «Зерде» смартфонын насихаттау үшін 21 жастағы Қуанақын Серікұлы есімді азамат дүниедегі ең ірі көшпелі құмды шөл Такла-Маканды жаяу кесіп өтіп, Гиннесс кітабына енді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 
    Такла-Макан – ҚХР-да орналасқан Сахара шөлінен кейінгі екінші ірі құмды шөл және әлемдегі ең үлкен көшпелі шөл. Шығыстан батысқа қарай ұзындығы 1000 шақырым, түстіктен оңтүстікке қарай кеңдігі 400 шақырымды құрайды. Қуанақын Серікұлының «Ажал теңізі» деп аталатын құмды шөлдегі сапары 560 шақырымға созылған.
    Меллат Сейфоллаұлы, IT маманы, «Зерде» жобасының бағдарламалық жетекшісі:
«Бұл жоба тек Андроид жобасын қазақшаға аудару емес, оған көптеген өзгеріс енгізілді, көптеген мазмұн қостық және жасыл энергия арқылы қуаттандыру мүмкіндігін қостық. Біз смартфонның мәзіріне, ішкі келбетіне жалаң ұлттық түс беріп қана емес, осы заманауи технология арқылы біздің ұлттық мұраларымызды да насихаттап отырмыз. «Зердені» жасауға бір жыл уақытымыз кетті. Біз смартфонды бүгінгі қоғамдық ортаға ыңғайлап, зиялы қауым өкілдерімен кеңесіп, түрлі қоғамдық пікірлер, сауалнамаларға негізделіп жасадық. Осы күнге дейін жарық көрген көптеген смартфонда бар барлық артықшылықты «Зердеге» топтастырдық. Тіпті, көлікте отырып та оны алыстан меңгере беруге болады. Сонымен бірге, телефонның жадына жас ұрпақ үшін қазақтың 80-ге жуық халық ертегісін қостық, қазақтың таңдамалы 100 әнін мәтінімен бірге көрініп тұратын етіп жасадық. Және осы күнге дейінгі барлық қазақша қосымшаны ішіне қондырдық».
    Осыған дейін ҚазНетте тұңғыш қазақша смайликтерді жасаған Нұрсал Сетерханұлының «Зерде» смартфон жобасының көркемдік жетекшісі болып жұмыс атқаратыны да бізді қуантты.
    Жоғарыдағы суретте 2010 жылы жасалған Гиннесс рекордының сертификаты бейнеленген. Қуанақын Серікұлы жаңартқан рекордтың сертификаты бір айдан кейін қолға тиеді дейді ұйымдастырушылар.

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика