КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ақпараттық хат

Авторы: MTDI

15/09/2017 20:16   0   14912   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ТІЛ БІЛІМІ ИНСТИТУТЫ

 

Ақпараттық хат

 Құрметті әріптестер!

 

2017 жылы   17 қарашада   А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында қазақ тілінің қолданбалы саласының көрнекті маманы, филология ғылымдарының докторы, профессор Асқар Құдайбергенұлы Жұбановтың 80 жылдық мерейтойына орай «Тіл біліміндегі цифрлық технологиялар: Қазақ тілінің ұлттық корпусын құру» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді.

 

Конференция  жұмысының негізгі бағыттары:

 

I. Қолданбалы лингвистика: статистикалық және компьютерлік лингвистика мәселелері

II. Әлем тілдерінің электрондық корпустары және Қазақ тілінің ұлттық корпусын құрудың алғышарттары

ІІІ. Түркі тілдері мәтіндерін семантикалық талдау және омоним сөздерді автоматты түрде ажырату

IV. Қазақ сөзін анализдеу мен синтездеу әдістері

V. Компьютерлік лингводидактика: білім берудегі цифрлық және инновациялық технологиялар

VІ. Автоматтандырылған аударма мәселесі

VII. Ақпарттық-іздеу жүйелері

VIIІ. Қазақ тілінің ұлттық корпусын латын әліпбиіне ауыстырудың өзекті мәселелері

 

Конференция материалдары бойынша арнайы жинақ шығарылады.

Конференцияға қатысу үшін автор өзі туралы қысқаша мәлімет, мақала, ұйымдастыру жарнасын (3000 теңге) жіберуі тиіс.  Мақала  27 қазанға дейін қабылданады. Тіркеу  2017  жылдың  17 қараша  күні сағ. 13 00-де жүргізіледі. Басталуы сағ. 14.00-де.

Мақаланың безендірілуіне қойылатын талаптар: көлемі 5-6 бет, редакторы – WORD, 14 шрифт.  Мәтіндер TIMES NEW ROMAN  қарпімен жазылуы қажет. 14 кегль, интервал одинарный; астынғы және үстіңгі жақ өлшемі – 2 см., оң жақ – 1,5 см., сол жақ – 3 см. Мақалалардың баспа мәтіні және электронды нұсқасы болу керек. Сілтеме жасалатын әдебиет мақала ішінде реттік саны бойынша (тік жақшаның ішінде), мақала соңында толық түрде көрсетіледі. Қазақ тілінде жазылған мәтін үшін орысша, орыс және басқа тілдерде жазылған мәтін үшін қазақша түйіндеме (резюме) беріледі. Түйіндемеден кейін автор туралы мәлімет (қызмет орны, ғылыми атақ-дәрежесі, мекенжайы, байланыс телефоны) келтіріледі.

Мақалалар мына мекенжайда қабылданады:

050100, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі 29, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, 320-бөлме (Компьютерлік лингвистика бөлімі).

 

Жауапты қабылдаушылар: Карбозова Бұлбұл, Қожахметова Ақтоты.

e-mail: bulakarb_83@mail.ru, akony_8484@mail.ru

 

Байланыс телефондары:   

Тел.: 8 (727) 2-72-55-47; 2- 61-12-09;

8 777 200 99 25 (Бұлбұл)

8 775 604 48 77 (Ақтоты)

факс: 8 (727) 2-72-69-61



ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 208159 0


02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 194682 0




26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 127553 0










ТЕКСТ

Яндекс.Метрика