КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ


Өркен Кенжебек, журналист: «Біз ақпараттық саясатта неге ұтылып жатырмыз?!» деген сұрақтың жауабы бірнеше факторға байланысты. 

Мәселен, Руперт Мэрдок деген әлемнің телемагнатының жетпісінші жылдары құрастырып шығарған «SSS» деген шаблоны бар. Яғни әлемдік коммерциялық масс медиа өз көрерменіне «Сенсация (скандал). Спорт. С...» сынды үш нәрсені ұтымды бере алса болғаны, қажетіне жетеді деген жаңалық ашқан болатын. «Иттің адамды қабатын емес, адам итті қауып алды» дейтін бірінші аталған сенсация мен айқай-шуға (скандал) толы ақпаратты беруде біз жетістікке жеттік. 

Мэрдок атаған екінші тарап – «Спорт». Бүгінде «аладопқа телмірген әлем», «Реалфан», «Барсафан», «спорт деген сиқыр» дей келе, бұл жағынан да қажет дүниені керегінше қамтыдық. Яғни халықтың әлсіз тұсын масс медиа осы спорт тақырыбы арқылы дөп басты. Үшінші «S» – ұлы сөзде ұят жоқ дейміз де, жыныстық қатынас, сол анайы дүниеге деген құштарлық, жалпы көрпенің астындағы интимді дүниені жалпақ жұртқа жария ету. Ересек адамдардан бөлек, жас жеткіншектердің қызығушылығын оятатын бұл тақырып балалардың ерте есеюіне әкелетін жағдай. 

Демек, сонау жетпісінші жылдардан бері барлық дерлік масс медиа осы «SSS» приципі бойынша қызмет етуде. Қазақстандағы коммерциялық БАҚ – Қытай, Түрікменстан елдеріне қарағанда осы жүйені жартылай қабылдаған ел. Біздегі үш әріпті арналар халық арасында неге танымал?! Себебі олар әлеуметтік агрессия сынды техникамен жұмыс жасайды. Мәселен, кешкі жетіде «Жезөкшелікті заңдастыру керек пе?!» деген тақырыпта ток-шоу болды делік. Телебағдарламада тақырыптың төңірегінде екі тарапта пікір таласады, дауласады, айқайлайды, бір-бірінің шашын жұлады және тағы басқа қолдан қойылымдар жасайды. Бұдан кейін жаңалықтар беріледі. Онда бір жерді су басты, біреудің әйелін өлтірді деген сынды ақпараттар беріледі. Бірақ бе­рілген жаңалықтың себебі яки салдары түсіндірілмейді. 

Әрине, коммерциялық арна мен мемлекеттік телевизияның өзіне тән мүдделері бар. Бірақ екеуіне тән бір нәрсе – халықты ағарту. Мәселен, Қаныш Сәтбаев алгебраны керемет білгенінен емес, басқа жазатын адам болмағаны себепті жазды. Жалпы, Алашорда қайраткерлері халықты ағарту, сауаттандыру керектігін түсініп, көп қызмет етті. Қазіргі масс медиаға жүктелетін міндет те осы! Бұқаралық ақпарат құралдарында Біз адал болу керек үш функция бар. Біріншісі – ақпараттық. Бұл жағынан 24.kz, кейбір арналардағы жаңалықтар, әлеуметтік желілер, дос-жаран мен қызметтестердің айтары бар және тағы басқа. Яғни біз ақпаратқа қанықтық. Бірақ ақпараттың көптігі кезінде адамда талғам қалыптасатыны жағымды құбылыс. 

Екінші функция – адамның тынығуы үшін жасалатын көңіл көтеру бағдарламалары. Бұл сатыда да жоспар жүз еседен асырылып орындалуда. Хан мен бектен тараған халықтың рухты ұрпағының талғамын «әншімен ас дайындау», «әншінің жеке өмірі, құпия сыры», «әншімен реалити-шоу» деген сияқты бағдарламалар арқылы енді-енді мұрнын сүртіп үйренген әншілердің өміріне телміртіп қойды.

Ендігі ұрпақтың дегредацияға ұшырап кетпеуі үшін аса қажет үшінші функция – ағартушылық. Бұған дейін бұл функция «National geografic»-тің жануарлар мен құстар туралы деректі фильмдеріндегі аңдардың мейірімін көрсету арқылы он пайызға дейін орындалып келді. Ағартушылықтың өзін үшке бөліп қарастыруға болады. Мотивациялық: «қазақ, сенің бабаң батыр болған!» деген өткеннің ұрпағына әсер еткен мотив пен «Стив Джобстың лекциялары», «Чарлз Чаплиннің «Нобель» сыйлығын алғанда айтқан сөзі» сынды ұлы адамдар айтқан ұлы сөздердің сөлін алып беру. Нағыз ағартушылық: несие туралы, нашақорлыққа қарсы, азғындыққа қарсы дұрыс ақпараттандыру. 

Қорыта айтарым, біздің БАҚ деңгейі – ұлттың сапасы деп қарастыру керек. Мемлекеттің идеологиясы тарапынан бұқаралық ақпарат құралдарына күшеюіне әрекет жасалу керек және өзімнен бастап барлық әріптестеріме айтарым ұлттың санасының артуына, терең таным-түсінік беруге барынша тырысу керекпіз. Қазіргі БАҚ есін жинауы қажет.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



14/10/2024 09:57

Хабарландыру!
0 943 0




15/07/2024 16:45

Хабарландыру!
0 2135 1




05/06/2024 11:25

Хабарландыру!
0 2865 0



14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 2630 0




ТЕКСТ

Яндекс.Метрика