КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

ТМД кеңістігінде пайда болған жас мемлекеттер ес жиған сәтте-ақ халқының санын түгендей бастады. 

Өйткені «көп қорқытады, терең батырады». Қазақтың ежелден келе жатқан мақалына жалғыз біз ғана емес, ғаламшардың ден қоятыны тәуелсіздіктің кемесіне мінген сәттен бастап белгілі болып қалған еді. Қазір халқының саны миллиардтық межеден әлдеқашан асып кеткен алпауыт елдер Қытай немесе Үндістанмен санаспайтын ел кемде-кем. Тіпті 70 млн «баласы» бар түрік елі де кез келген алпауыт елдің сәлемін ойланып барып қабылдайтын сыңай байқатып қояды. Құдайы көршіміз 30 млн болған өзбек бауырларымыздың кейбір әрекетінен «біз көппіз» деген астамшылық байқалап қалады. Осы тұста «ТМД кеңістігіндегі мұсылман елдері – қазақ пен өзбектер тәуелсіздік алғанда халқының саны қанша еді, қазіргісі қалай?» деген заңды сұрақ туады. 1989 жылы түңғыш санақта біздің елде 16 млн 600 мың болғаны белгілі болды. Ал жақында күнделікті басылым беттерінде 17 миллионнан асып, қазақ ұлты 65,5 пайыздық межеден өтті деген сүйінші хабар пайда болды. Әрине, бұл жаман емес. 2020 жылы 20 млн-дық межені бағындырамыз деп отырған қазіргі көңіл күй үшін де жаман көрсеткіш емес. 1911 жылғы патша үкіметінің санағы бойынша, Қазақстандағы қазақтардың үлес салмағы 67 пайызды құраған болатын. Одан бергі уақытта төмен қарай құлдиладық, тіпті есігіміз айқара ашылған тың игеру кезінде 29 пайызға дейін құлдыраған заман өтті. Арада бір ғасыр өткенде 1911 жылғы көрсеткішке жете алдық. Бірақ төмендегі деректерге көз жүгіртсеңіз, қуанышымыз су сепкендей басылатыны анық. 1989 жылы Қазақстанда халық саны 16 млн 600 мың болған. Өзбекстанда сол кезде 19 млн 810 мың болыпты. Биыл Қазақстанда азамат саны 17 млн 277 мың болса, Өзбекстан 30 млн-ға жетіп қалыпты. 25 жылда 700 мыңға өстік. Ал өз-ағаларымыз 25 жылда 10 млн 200 мыңға-ға өсіп кетті!
«Бір-бірімен қатар қонған туысқан халықтар арасында қазақстандықтардың мұншалықты кенжелеп қалуына не себеп болды? Саясаттанушы Әзімбай Ғалидың пайымдауынша, демографиялық саясатымызға гендерлік саясат да кері әсер етіп жатыр. Өзбектер қазір төрімізде тайраңдап жүрген «гендер-бикешті» есігінен де қаратпапты. Себебі олар «бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербету кез келген әйелдің маңдайына жазыла бермейтін бақытты» тереңірек ұғынса керек. Қазір етегінде 5 бала, жетегінде 5 бала оратылып жүретін өзбек әйелдері орталықтан шалғай жерлердегі әрбір отбасында кездеседі. 
– Әйел – бірінші кезекте от анасы, ана, жар болуы қажет. Себебі әйелді табиғат солай жаратқан. Отбасын құруды, бала табуды екінші орынға ысырып қойған әйелдердің саны көбейіп барады. Біздің демографиялық өсімімізді де кейінге тартып отырғандар да солар. Біз қыздарымызға қыз болып, бой түзей бастаған күннен бастап осы ұғымды санасына сіңіре беруді қолға алу қажет, – дейді саясаттанушы Әзімбай Ғали. 
Демогрфиялық көрсеткіштің төмендеуі – ХХI-ғасырға тән ғаламдық құбылыс. Одан біз қаласақ та, қаламасақ та қалыс қала алмаймыз. Алдағы жылдары Қазақстандағы туу көрсеткіштері төмендей бастайтыны Үкімет мінберлерінен де жиі айтылып жүр. Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов 2015 жылдан бастап Қазақстандағы бала туу саны төмендей бастайтыны туралы болжам жасады. Оны қазірдің өзінде анық байқауға болады. Алғашқы 2014 жылдың екі айында туу көрсеткіші небәрі 0,8%-ға өсті. Оның айтуынша, оның себебі 90-жылдардағы демографиялық дағдарыс кезіндегі дүниеге келген балалардың репродуктивті жасқа түсуі. Ол кезде бала саны аз туылған болатын. Осы орайда, Қазақстан үкіметінің бала тууды ынталандыратын шараларды қолға алудың кезі жетті. Жастар арасында жанұя құндылықтарының төмендеуі де демографияға әсер ететіні анық.
Саясаттанушы Расул Жұмалы мұсылман елдеріндегі демографиялық құбылыс әлемнің ешбір стандартының шекпеніне сыймайтынын айтады. Көрші ел – өзбектердегі демографиялық дүмпудің себебі де соған байланысты. Өзбекстан халқының басым көпшілігі ауылда тұрады, ауыл шаруашылығымен айналысады. Одан бөлек, ол елдерде өзге ұлттардың үлесі бізбен салыстырғанда әлдеқайда төмен болды. 1980 жылдардың аяғында, Өзбекстан халқының 80 пайызын өзбек ұлты құрады. Жұмалының пайымдауынша, біздегі жағдай басқаша. Біздің үлес салмағымыз 40 пайыздан әрі аса алмады. Ел астанасы Алматыда қазақтардың саны 20 пайызды құрады, 50 пайыз орыс, қалғандары өзге ұлт өкілдері болды. Ал тәуелсіздік алған алғашқы жылдары 3 млн орыс ұлтының өкілдері тарихи отанына көшіп кетіп 12 млн адам қалды. 
– Сондықтан демограф-мамандардың демографиялық өсім ата-мекеніне оралған қандастарымыздың, қала берді, түркі тектес ұлттардың есебінен толығып отыр деген пікіріне қосыламын. Елден кетіп қалған 4 млн адамның орнын сырттан келген өз бауырларымыз толтырды. Соңғы он шақты жылдардағы демографиялық өсімнің 97 пайызы қазақ ұлтының есебінен толығып отыр. 1980 жылдардың аяғында 40 пайызға дейін құлдырап кеткен қазақтардың үлес салмағы қазір 70 пайыздан асты. Абсолютті тұрғыда біз 17 млн-дық көрсеткіште қалсақ та сапалық тұрғыда қазақтың саны өсті, қазақ қалалық ұлт болды. Бұл – қуантарлық жайт. Бұл – біз үшін үлкен мүмкіндік. Демографиялық өсім ұлт болып ұйысып отырған, қазақы дәстүрдің қаймағы бұзылмай отырған өңірлерде, ауылдарда жоғары екені байқалады. Алматы мен Астанада немесе солтүстік облыстарда үш-төрт баласы бар отбасылар көп балалы болып саналады. Ал оңтүстікте немесе шалғай ауылдарда кез келген отбасында 5-6 баладан бар, – дейді саясаттанушы. 
Расул Жұмалы айтқандай, көпбалалы деген ұғым өзгеріп кетті. Қазір 10-12 баласы бар отбасылар ауылға да арман болып қалды. Сондықтан «баланы шектеу тәрізді қазаққа жат саясат ауылға да жетті» деген саясаттанушылардың пікірін амалыңның жоқтығынан қостайсың. Ел ішінде «мұндай түсінік қарқын алып кетті» деген қауіп бар. Себебі демографиялық ахуал төмендеп кеткен жылдары дүниеге келген балалар отбасын құратын жасқа енді келді. Егер саясатымыз айқын болса, біздің өсетін кезіміз, 1990 жылдардың басында қатарымызға қосылған 4 млн қазақтың өсім беретін кезі енді келді. Бүгін қолға алмасақ, ертең кеш болып қалуы әбден мүмкін. Мамандар өсетін «немесе кері кетуге, қартайған ұлт болуға бет алған жол айрыққа енді келдік, шегінерге орын жоқ. Қазақтың табиғаты аста-төк емес, сәл ғана жылымықта да көбеюге бейім» деп отыр. 
Осы тұста саясаттанушы Расул Жұмалының Елбасымыз, Үкімет назар аударарлық қызық ұсынысына назар аудармасқа болмайды. 
– Геологиялық, географиялық карта деген бар. Мен саясаттанушы ретінде демографиялық карта дегенді қолданысқа енгізудің кезі келді деп ойлаймын. Облыс басшылары шұғыл түрде айналысса деген тілек бар. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда тәрізді демографиялық дүмпудің көзі болып табылатын кейбір өңірлерге «демографиялық өсім беретін ерекше аймақ» деген ерекше мәртебе беру қажет! Мысалы, ауылдық аймақтарда 6 – 8 баласы бар отбасыларға жүріп-тұруына ыңғайлы микро-автобустар, демалыс үйлері мен балалар лагерьлеріне тегін немесе бағасы жеңілдетілген жолдама. Облыс, аудан әкімдіктері жанынан демографиялық қор ашып, Ұлттық қордан арнайы ақша бөліп тұруға мемлекеттің мүмкіндігі жетер еді, – дейді Расул Жұмалы. 
Күнделікті басылым беттерінде осы тақырыпты көптен қаузап жүрген журналист Фазылбек Әбсаттарұлының пайымдауынша, халықтың санын көбейтуді қолға алмасақ, еліміз үлкен әлеуметтік дағдарысқа ұшырайтыны анық. Яғни соңғы мәліметтер бойынша халқымыз қартайып барады екен. БҰҰ-ның есебі бойынша да Қазақстан халқы қартайып бара жатқан елдердің қатарына жатады. Кәрі азаматтардың көбеюі – бұл дағдарыстың басы ғана. Осы ретте журналист халық санын көбейтудің екі жолын ұсынады.
– Біріншісі, әлемдік тәжірибедегідей баланың тууына жағдай жасап, ынталандырып, бала санын жылдам көбейту. Яғни жауыр болса да айтайын, әлеуметтік жағдай болмаса, баланың тууы өспейді. Екіншісі, шетелдегі қазақтарды көшіріп әкелу. Билік райынан қайтпай көшті жүргізбесе, онда біз азамат ретінде шетелдегі қандастарымызды шақырту құқымызды пайдалануымыз керек. Құдайға шүкір, шетелдегі 5 млн қазақты шақыртуға Қазақстандағы қазақтардың саны жетеді. Қысқасы, халық санының ұзақ жылдардан бері көбеймеуі, мемлекеттің барлық саладағы әлсіздігін көрсетеді. Осы халық саны арқылы Қазақстанның шын бет-бейнесін көруге болады. Былайша айтқанда, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының көрсеткіші. Халықтың өсімі тоқтап жатқан кейбір дамыған елдерде қордаланған әлеуметтік экономикалық жағдайдан екенін ашық түрде қоғамның алдында мойындап және оған қарсы күресіп, себеп-салдарларын жойып жатыр. Бізде жалған мәліметтермен өз-өзімізді алдай бермей, дертті ашып айтып, қоғам болып, билік болып, бәріміз жұмыла күресейік. 

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



14/10/2024 09:57

Хабарландыру!
0 948 0




15/07/2024 16:45

Хабарландыру!
0 2143 1




05/06/2024 11:25

Хабарландыру!
0 2868 0



14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 2630 0




ТЕКСТ

Яндекс.Метрика