THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
«АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖАЗЫЛЫМНЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ» АТТЫ КУРС ӨТТІ
Авторы: МТДИ ақпарат
01/04/2024 13:52 0 2180 1
Мемлекеттік
тілді дамыту институтында 27-30 наурыз аралығында «Академиялық жазылымның
теориясы мен практикасы» атты курс өтті. Аталмыш курсқа филология ғылымдарының
кандидаты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің
профессоры, әлеуметтік лингвистикаға қатысты көптеген еңбектердің авторы
Аман Абасилов жетекшілік етті.
Курста академиялық жазбаның пәні және оның ерекшеліктері: академиялық жазба пәнінің мақсаты мен міндеттері; тілдік қатынастың түрлері: оқылым, хат, сөйлесім (айтылым), тыңдалым; ғылыми бағыт бойынша жазылған жұмыстардың ерекшелігі, академиялық мәтіндердің түрлері, құрылымы, академиялық жазылымның теориясы мен практикасы және оның ерекшелігі, академиялық жазылым және ғылыми стиль, академиялық оқылым әрекеті, тақырып таңдау, ақпарат іздеу, жазылым үдерісі, сыни ойлау, плпгиаттық және одан сақтану жолдары, зерттеу әдісі, гипотеза және оны құру, мәліметтерге талдау жасау, кіріспені жазу, параграф және оның құрылымы, негізгі бөлімдерді жазу, қорытынды бөлімді жазу, түйіндеме және оны жазудың жолдары сынды тақырыптар қамтылды.
5 бөліктен
тұратын қысқа курстың нәтижесінде тыңдаушыда төмендегідей кәсіби құзыреттер
қалыптасты:
- мәтінді талдау әдістемесін меңгерді.
- мәтінмен жұмыс істеу әдістемесін үйренді,
- қазіргі заманғы ақпараттық кеңістікте
мәтіндерді аналитикалық өңдеудің мақсаттары мен міндеттерін білді;
- аннотацияның, рефераттың
жанрлық-стилистикалық сипаттамаларын меңгерді,
-аналитикалық шолу, ғылыми хабарламаларды
талдауды үйренді;
- аннотация мен рефератты коммуникативті
ұйымдастыру принциптерін білді;
-ғылыми, ғылыми-техникалық және
ғылыми-танымдық мәтіндерді талдауды,
- салалық мәтінінің стилистикалық және жанрлық
қатыстылығын анықтауды;
- мәтіндердің стиль қалыптастырушы
элементтерін бөліп көрсетуді;
- мәтінге семантикалық талдау жүргізу және
оның негізгі сөздерін белгілеуді;
- сөйлеу мәнерлілігінің құралдарын қолдануды;
- мәтіндердің мазмұнын аннотация, реферат,
шолу түрінде қорытып дәлелдеуді меңгерді.
Курсқа қатысушыларға
72 сағаттық сертификат берілді.
ПІКІР АЛМАСУ
ТЕКСТ