КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Тіл тазалығы үшін күрес ешқашан толастамақ емес.
Б.Момышұлы

«Бала тілі – балдан тәтті, ана тілі одан тәтті», – дейді халық даналығы. Тіл – тұтас бір халықтың болмыс-бітімі десек, артық айтпағанымыз болар. Қазақ халқы тілінің көп уақыт мемлекеттік тіл дәрежесіне жете алмағанына қарамастан, ата-бабадан ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан қол жетпес құнды мұрасы - Ана тілін көзінің қарашығындай сақтап, жас буынға жеткізе білді. Ендеше, тіліміз ата-бабаларымыздың аманаты екенін жас ұрпақ ешқашан ұмытпауға тиісті.

Әрине, кез келген тілдің мәселесі болатыны, айтпасақ та түсінікті. Бірақ бүгінгі күні көкейкесті мәселеге айналып, елді елең еткізіп, тіл жанашырларының жанына батып жүрген мәселелер шаш етектен. Солардың бірі – мекенжай сөзінің әр жерде әрқалай беріліп жүргендігі. Бір жерлерде мекенжай, бір жерлерде мекен-жай, ал бір жерлерде мекен жай деп беріліп жүр. Сөзімізге дәлел болу үшін мысалдар келтіре кетсек:

ТОО"ERP-Service "KazTransCom"
Мекен-жай
Астана қаласы, 010000
Жансүгіров к. 8/1, БЦ «Аружан» 5 қабат

Қарағанды Мемлекеттік медицина университеті
Мекен-жай: Қарағанды қ. Гоголь көшесі

Мемлекеттік тілді дамыту институты
Мекенжайы: Алматы қаласы, Пушкин көш., 78 (Қабанбай батыр көшесiнiң қиылысы

Көкіл мектебі
Мекен-жайымыз:«Көкіл» мектебі, Гоголь, 34 (Қалдаяқов көшесінің қиылысы)

Астана қаласы Ішкі істер департаменті
Мекен-жайы: Бейбітшілік көшесі, 19 үй

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Мақалалар мына мекенжайда қабылданады:
050100, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі 29.

Астана қаласы ІІД Жол полициясы басқармасы, мекен-жайы: Пром.зона көшесі, 35 үй
Астана қаласы ІІД ЖПБ ӘТБ Процессинг орталығы, мекен-жайы: Циолковского көшесі,18 үй
Астана қаласы ІІД Көші-қон полициясы басқармасы, мекен-жайы: Сейфуллин көшесі, 29 үй
"Алматы" ауданы Ішкі істер басқармасы, мекен жайы: Жансүгірұлы, 2 үй:
"Сарыарқа" ауданы Ішкі істер басқармасы, мекен жайы: Ақ бұғы көшесі, 1:
"Есіл" ауданы Ішкі істер басқармасы, мекен-жайы:Қорғалжың тас жолы, 21 үй 

"Алматының назар аударарлық орындары" сайтындағы КИНОТЕАТРЛАР

"Цезарь"
Мекен-жай: 
ул. Фурманова, 50, угол ул. Гоголя
Тел.: +7(727) 273-63-93, +7(727) 273-05-07

"Cinema Towers"
Мекен-жай:
ул. Байзакова 280, здание бизнес-центра "Алматы-Towers"
тел.: +7(727) 319-35-35, +7(727)756 67 76

"Star Cinema" (Mega)
Мекен-жай:
ул. Розыбакиева, 247 А, угол пр. аль-Фараби
Тел.: +7(727) 2322591, +7(727) 2322592, +7(727) 232-25-95 (автоответчик)

"Алатау" 
Мекен-жай:
ул. Толе Би, 41,
Тел.: +7(727) 250-50-11

«Иллюзион (Maxima) 3D»
Мекен-жай:
пр. Райымбека, 239 "г", ТРК "Maxima", 3 этаж
Тел.: +7(727) 227-33-22

"Искра"
Мекен-жай:
пр. Достык 44, уг. ул. Джамбула
Тел.: (8-727) 250-50-10

Енді қай нұсқасы дұрыс? Кез келген сөздің дұрыс жазылуын Орфографиялық сөздікке сүйене отырып біле аламыз.
1963, 1978 жылдары «Ғылым» баспасынан шыққан Орфографиялық сөздіктерде мекен-жай деп берілсе, ал 1988, 2005, 2008 жылдардағы Орфографиялық сөздіктерде мекенжай деп берілген. 
Сондай-ақ, 2005 жылы «Арыс» баспасынан жарық көрген Орфографиялық сөздікте мекенжай сөзін бірге жазылатын сөздердің қатарына жатқызған. 
Екінші сыңары аралық, тану, тас, таным, жай, хат, қағаз, ішілік, сымақ деген сияқты қазақ сөздері болып келген тіркестер бірге жазылады делінген. Мысалы: Жылыжай, саяжай, мекенжай. 
Демек, мекенжай қос сөз емес, біріккен сөз.
Мекенжай сөзін мекен-жай деп жазып жүргендерге неге шек қойылмайды? Кез келген адам мекен-жай деп тұрған жазуды көріп, еріксізден еріксіз мекен-жай деп жазатын болады. Көптеген адамдар мекен-жай деп жазыла ма мекенжай ма басын қатырғысы да келмейді. Алматы қаласының назар аударарлық орындары сайтында мекенжай сөзін қате жазып қана қоймай, астына орыс тілінде жазыпты. Не орыс тілінде, не қазақ тілінде жазбай ма? Ана тіліміздің әрбір сөзіне осылай салғырт қарасақ, сауатсыз елге айналмаймыз ба?

Нұрымбетова Жанна
Мемлекеттік тілді дамыту институтының қызметкері

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 208508 0


02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 195573 0


26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 153670 0












ТЕКСТ

Яндекс.Метрика