THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Орыс мектептеріндегі қазақ тілі сабағында оқушылардың жазылым әрекетін дамытуда модульдік оқыту технологиясын қолданудың ерекшеліктері
Авторы: Асылдана Сүйінқызы Жұмашева, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, филология факультетінің ІҮ курс студенті
31/05/2017 16:12 0 129613 1
Қазіргі кезде мектептегі білім беруде маңызды мәселелердің бірі – оқушылардың коммуникативтік құзіреттіліктерін дамыту. «Құзіреттілік»– оқушының алған білімі мен біліктерін күнделікті өмірде тәжірибе және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Ал, «коммуникация» – қарым-қатынас, өзара байланыс дегенді білдіреді. Бұл терминнің тілге байланысты мағыналық ерекшелігі лингвистикалық энциклопедиялық сөздікте: «Коммуникация - /лат. сommunicatio от – communico - делаю общим, связываю, общаюсь/ - общение, обмен мыслями, сведениями, идеями и.т.д. специфическая форма взаимодействия людей в процессе их познавательно-трудовой деятельности»,-деп көрсетілген. Яғни, қоғам талабына сай, бәсекеге қабілетті, шығармашылығы дамыған жеке тұлға болып қалыптасу үшін коммуникативтік құзіреттілікті дамыту қажеттігі туындайды.
Тілдік қатынас (коммуникация) – тіл арқылы байланыс, сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы; қоғамдық, ұлттық тіл арқылы ұғынысу, түсінісу; яғни адамзаттың тіл арқылы қатынасқа түсуі.
Тілдік қатынастың дыбыс арқылы айтылуы және әріп арқылы таңбалануы лингвистикада ауызша және жазбаша тілдік қатынас деп те айтылады.
Орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі тілдерді оқытудың жалпы теориясы - лингводидактиканың бөлімі болып табылады. Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне оқытудың әдістемелік мәселелерін зерттеу мемлекетіміздің жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарында жүргізіліп келеді. Орыстілді мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі жан-жақты зерттеліп отырса да, әлі де жүйелі түрде зерттеуді қажет етеді. Соның бірі – орыс тілді оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамыту. Жалпы білім беретін мемлекеттік стандарт бойынша оқытудың міндеттері:
қазақ тілінде сөйлеу және жазу икемі мен дағдыларын қалыптастыру, яғни коммуникативті біліктілікті қалыптастыру;
қазақ тілінің тілдік білім негіздерінің жүйесін танып білу, яғни тілдік білікті қалыптастыру;
қазақ халқының мекенін, тарихын, рухани және материалдық мәдениетін, тұрмысын таныту, яғни тарихи-мәдени таным біліктілігін қалыптастыру», – деп белгілейді [2.2 б].
Жазудың қарым-қатынастағы маңызы туралы Н. А. Павленко: «Письмо – способ воспроизведения, закрепления языка», – дейді. Тілдік жүйе үлкен жүйе, үлкен құрылым деп жатсақ, ол жүйелі құрылым жазуға түсіп, яғни «тасқа қашалып, таңбаға басылып» дегендей, денотаттық тұрпатқа ие болғаннан кейін ғана мәңгілік құндылыққа айналды. Өйткені, жазу ауызша сөзді жай ғана таңбалап қана қоймай, адамның тіл туралы түсінігін кеңейтті, тереңдетті және ең бастысы, тілдің дәл қазіргідей күрделі деңгейге жетуіне әсер етті. Бүгінгі әдеби тіліміздегі мәтіндер, күрделі синтаксистік құрылымдар, күрделі фразалық тұтасымдар жазудың арқасында ғана дүниеге келді. Жазу дегеніміз – өзіне тән таңбалық сипаты бар, белгілі бір заңдылықтар арқылы тіркесетін әріптердің жүйелі жиынтығы. Жазу өмірдің барлық саласында кең түрде қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауындағы ең тиімді, қажетті жолы, ойды нақты, түсінікті берудің амалы.
Сауатты жазудың қоғамдық мәні зор. Сауаттылықты қалыптастырудың негізі – емле ережелері.
Мектептегі жазба жұмысы алдына бірнеше ұстанымдар қояды:
1) Тілдің фонетика, морфология, синтаксис салаларын тығыз байланыста оқытады.
2) Әртүрлі тілдік құбылыстарды бір-бірімен салаластыра оқыту (дыбыс пен әріпті, фонеманы позиция тұрғысынан).
3) Мағыналық-құрылымдық ұстаным (морфемалардың құрамы мен мағынасы туралы білімді тірек ету).
Қазақ тілін сауатты үйрету үшін оқушыларға берілетін жазба жұмыстарын дұрыс жоспарлаудың маңызы зор. Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектепте оқушылар қазақ тілінің дыбыстық құрамын, дыбыстардың айтылу нормасын, дыбыстық заңдылықтарын, грамматикалық құрылысын меңгеруге, ойын еркін жеткізуге, жеткілікті дәрежеде сөздік қорын меңгеруге, сонымен бірге қазақша сөйлеуге жаттығып, қазақ тілінде қарым-қатынас жасай алуы қажет. Оқушыны мұндай дәрежеге жеткізу үшін педагог-мамандар түрлі жаңа технологиялардың тиімді жақтарын алып, оқушыны жеке тұлға ретінде дамыту жолында жұмыс жасай алулары қажет.
Оқу орыс тілінде жүргізілетін оқушылардың қазақ тілінде тілдік қатынас жасау деңгейін жетілдіруде, әсіресе жазылым әрекетін дамытуда арнайы қарастыруды қажет ететін мәселелер бар. Мектеп оқушылары мемлекеттік тілде өз ойын нақты, дәл жеткізе алмайды, олардың жазбаша сауаты нашар, тіл тазалығы мен сөйлеу мәдениеті талапқа сай емес.
Мектеп бағдарламасының талабына сай сауатты жазу дағдысын қалыптастыру үшін бірнеше жазба жұмыстар жүргізілуі тиіс. Мұндай жазба жұмыстарына жататындар:
1. Жазбаша жаттығулар
2. Қысқа мәтіндер
3. Жазбаша бақылау жұмыстары
4. Диктанттың түрлері
5. Жазбаша ойындар
6. Іс – қағаздарының үлгілері
7. Мазмұндама
8. Сөздікпен жұмыс
9. Шығарма
Оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытуда орфографиялық дағды қалыптастырып, өз ойын жазбаша дұрыс бере білуге дағдыландыратын және үйрететін жаттығу жұмысының тәжірибелік әдістерінің бірі - диктант жаздыру жұмысы.
Жазбаша сөйлеу тілін дамыту бағытында жүргізілетін диктант жұмысының ең тиімді түрлері сұрыпталып, оқу бағдарламасында берілген модуль мазмұны бойынша аталған диктант түрлеріне мәтін қоры дайындалды:сөздік диктанты; жатқа жазу диктанты, терме диктант; бақылау диктанты; шығармашылық диктант.
Орыстілді оқушылардың жазбаша тілін дамытуда жүргізілетін жазба жұмысының тағы бір түрі – мазмұндама.
Мазмұндама жұмысын орыстілді сыныптарда жүйелі ұйымдастырып, нәтижесін бақылап отыру қажет. Мәтін мазмұнын түсініп, ауызша баяндап беруге даярлауда жеке сөйлемдерден бастаған орынды. Оқушылардың жеке сөйлемдерді жаттап алу дағдысының қалыптасуы диктант пен мазмұндама жұмыстарын орындауда көмектеседі, есте сақтау қабілеттерін дамытады.
Жеке сөйлемдермен жұмыс істеу дағдысы қалыптастырылғаннан кейін оқушыны шағын, қысқа мәтінмен жұмыс істеуге дағдыландырады. Мәтін мәнерлеп оқытылып, мазмұны айтқызылады. Мәтінмен жұмыста орындалатын жұмыс түрі: 1.Мәтінді мәнерлеп оқу; 2. Мәтінді жаттау; 3. Мәтінді ауызша мазмұндау.
Оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытуда орындалатын жазба жұмысының бір түрі – шығарма.
Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне меңгертуде де жазылым әрекетіне жаттықтыруда жүргізілетін шығарма жұмысының ерекшеліктері еңбектерде қарастырылды. Жазылым әрекетін жетілдірудің ең жоғары сатысы болып табылатын шығарма жұмысын орындауға, жаттығу арқылы тақырып мазмұнын әңгімелеуге, жоспарды өз бетімен құрастыруға, ой қорытындысын жасауға үйренеді.
Шығарма – тіл дамыту жұмыстарының ішіндегі оқушылардың өзіндік ойын, тілін, сөйлеу мәнерін қалыптастыру ісіне тікелей қатысы бар тілдік қатысымды дамытатын жұмыс түрі.
Жаттығу жұмыстары қазақ тілі пәнінен жинақтаған теориялық білімді бекітуде, дұрыс жазу емлесі мен дұрыс сөйлеу өлшемдерін қалыптастыруда, оқушылардың тілін ұстарту, байланыстырып сөйлеуге үйретуде ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту дағдыларын қалыптастырады. Қатысым әдісі арқылы оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытуда жүргізілетін жаттығулар жүйесінің қатысымдық бағыты, танымдық қызметі және шығармашылық ойлауды дамыту бағыттары негізге алынады. Осыған байланысты жазбаша сөйлеу тілін дамытуда берілетін жаттығулар жүйесі екі негізгі бағытта жүргізіледі:
1.Тілдік жаттығулар;
2. Қатысымдық жаттығулар.
Мемлекеттік тілді орыс сыныптарындағы оқушылардың жазба жұмысын дамыту аса күрделі әрі үнемі ізденісті қажет ететін іс. Яғни, бұл жерде сабақ жүргізу әдістемесін меңгерген ұстаз сабақты түсіндіріп қана қоймай, оқушының өз бетімен ізденуіне түрткі болып отыруы, жетектей білуі қажет. Осы орайда, ұстаз дәстүрлі әдіс-тәсілдерді түрлендіре отырып және жаңа технологияларды ұтымды пайдалана отырып оқыта білсе, оқушының бойындағы тілге деген қызығушылықтың артары және жазбаша сөйлеу тілінің дамуы сөзсіз. Бүгінгі күнде белгілі болған көптеген технологиялар бар. Соның бірі – М.М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы». Технологияның тиімділігі – оқушының терең білім алуына және мұғалімнің де шығармашылық шыңдалуына септігін тигізеді.
Бұл технологияның ерекшелігінің бірі – сөйлесу бөлімінде оқушылардың жазбаша тілінің дамуына мүмкіндік беруі. Технология модульдік сипатта. Оқу модулі үш құрылымды бөліктен: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады. Оқу модулінің ерекшелігі – жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады.
Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндетімен таныстырады. Және осы модуль уақытына есептелген грамматикалық материалды түсіндіреді. Негізінен сызба, кесте т.б белгілерге сүйене отырып түсіндіреді.
Сөйлесу бөлімі оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған. Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әртүрлі белсенді формаларды (топтық, жұптық, ұжымдық) қолдану – оқытудың міндетті шарты болып табылады. Сөйлесу бөлімі оқу материалдарын қайта жаңғырту және қарапайым білік пен дағды қалыптастыру мақсатында, кейін алынған білімді талдау, жинақтау, бағалау мақсатында жүргізіледі. Орыс тілді аудиторияда жазылым әрекетін дамыту үшін жасалатын жұмыстардың ең негізгілері сөйлесу бөлімінде орындалады. Яғни, сөздік диктант, терме диктант, шығармашылық диктант, жатқа жазу диктанты, мазмұндаманың түрлері, шығарма, түрлі тілдік, қатысымдық жаттығулар оқушылардың жазылым әрекетін дамыту мақсатында жүргізіледі. Бұл жұмыстардың түрлерін оқушылардың қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру үшін түрлі формада ұйымдастыру қажет. Нәтижесінде оқушылардың сауаттылық деңгейлері артып, жазылым әрекеті дамып отырады.
Қорытынды бөлім – бақылау. Бұл бөлімде оқушы өзінің сөйлеу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдысын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі керек. Білімді бақылау формаларына: тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, шығарма немесе бақылау диктанты жатады.
Оқытуда көп уақыт сөйлесу бөліміне беріледі. Сол себепті сөйлесу бөлімін даярлағанда мұғалім оқу материалының негізгі мазмұнын бөліп, құрылымдайды. Мұнда оқушылар оқу материалына қайта оралып, пысықтап, бекітуі үшін оның әр сабақта жеке бөліктермен берілетінін есепке алу керек, бұл бөліктерде қысқаша сыйымды түрде тұтас тараудың мазмұны беріледі. Және мұғалім оқушылардың өзара сөйлесуін қамтамасыз етуге баса көңіл бөледі. Сөйтіп, мұғалімнің сөйлесу бөлімін дайындаудағы 5 әрекет-қадамнан тұратын даярлық құрылымы қалыптасады:
1. Модульдің сөйлесу бөліміндегі негізгі материалдың мазмұнын белгілеу.
2. Оқу материалын біртұтас, жинақы «өсу» бағытымен беру.
3. Тақырып бойынша жеңілдетілген деңгейдегі және білім стандартының талаптарын қамтамасыз ететін деңгейдегі тапсырмалар да йындау.
4.Оқушылардың пәнге қызығушылығын және креативтілігін (шығармашылық қабілеттерін) дамытуға арналған шығармашалық сипаттағы материал дайындау.
5. Осы бөліктің барлық сабақтарында өзара сөйлесуді қамтамасыз ету.
Қорыта айтқанда, модульдік оқыту технологиясын жүйелі түрде пайдалана білген ұстаздың оқушының білім, білік дағдыларын арттыруда ұтары мол деп білемін. Өйткені, технология практика жүзінде өтіліп жатқан тақырыпқа жиі қайта оралып отыру арқылы және оқушының бойындағы жасырын жатқан дарынын ашуға, қызығушылығын арттыруға бағытталған ойын әрекеттері арқылы сабақ ұйымдастыруды қажет етеді. Және бұл жұмыстар арқылы мұғалім де көп ізденіп, өзін-өзі толықтырып отырады. Яғни оқушылармен бірге дамиды.
Асылдана Сүйінқызы Жұмашева
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе
өңірлік мемлекеттік университеті,
филология факультетінің
ІҮ курс студенті
Орыс ауд

ПІКІР АЛМАСУ
ТЕКСТ