КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бесінші шақырылған Парламенттің сессиясын жаба отырып, Мәжіліс спикері Қабиболла Жақыпов Үкіметке үшбу арызын ақтара кетті. Соның бірі “Тәуелсіздіктің 23 жылында Үкімет бір де бір заң жобасын мемлекеттік тілде әзірлей алмады” деген реніш болатын. Бақсақ, бұл бесінші шақырылымда ғана алға тартылған мәселе емес. Айта айта жауыр болған жайт. Дегенмен, заң мәтінін мемлекеттік тілде әзірлеудің көсегесі көгерер ме? Өйткені бұған дейін де ынты-шынтамен кірісеміз делінген талай сөз айтылған орнында қалып еді... Депутаттардың назын "Алаш айнасы" былайша жеткізеді.
Парламент палаталарының бірлескен отырысында, сессияны қорытындылап баяндама жасаған Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов сөз арасында Үкіметке ауыз толтырып айтарлықтай іреніш білдірді. Оның әуелгісінен бастасақ бұл атқарушы биліктен келіп түсетін заң жобаларының сапасы еді. «Әлбетте, сапа жылдағыдан сәл де болса жақсарып-ақ келеді, алайда жетілдіру көкжиегі көрінер емес», – дейді Қабиболла Қабенұлы.
Оның айтуынша, Парламенттің бесінші шақырылымының жұмысы барысында Үкіметтен Мәжіліске 267 заң жобасы еніпті. Дегенмен, соның 43-і депутаттық корпустың сынынан аса алмай, суырмадан алынып Мәжіліске кірген бойда есігінен кері қайтқан.
«Мұндағы айқын проблемалардың бірі ведомствоаралық келісімнің болмауында. Профильді мемлекеттік органдардың жасаған заң жобаларына басқа ведомстволар немқұрайды қарайды, атүстілік жасап формальды түрде келісіле салады. Нәтижесінде Мәжілістегі жұмыс топтарында тиянақты сараптар жасалып, қандай да бір норманы қабылдаудың салдарына баға беріледі. Сосын әлгіндей «шіп-шикі» құжат 70-80 пайызға дейін жаңарып, жекелеген жағдайларда тұтастай қайта жазылып жүр», – деген спикер нақты мысалдарды алға тартты. Мәселен, депутаттар «Азаматтық қорғаныс туралы» заң жобасын бастан-аяқ қайта жазып шығыпты. Тіпті, заң жобасын әзірлегендер елде болып жатқан жағдайларды ескермейтіндей екен. Өйткені, Мәжіліс депутаттары осы құжатқа бөгендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету нормаларын өз қолдарымен жазып шыққан.
Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы Үкіметтен келіп түскен заң жобаларының кейбірі тұтастай шетелдік заңның көшірмесінен тұратынын да ақтарып салды. «Мысалы, «Дербес деректер туралы» заң жобасының көптеген нормалары ТМД-дағы бір елдің заң нормаларын үтір-нүктесіне дейін түгел қайталап шыққан. Ал ондағы баптар біздің ұлттық заңнамамызға, оның ішінде Қазақстанның 7 кодексі мен 27 заңына қайшы келген. Нәтижесінде депутаттарға заң жобасын толығымен қайта жазып шығуға тура келді», – деді спикер.
Заң шығармашылығындағы екінші қордаланған мәселе – мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түпнұсқалықтың сақталмауы. Бұл ретте спикер Жақыпов Үкіметке пысықтай түсу үшін кері қайтарылған 13 заң жобасының 10-ы осындай себептен орын алғанын атап өтті.«Тәуелсіздік жылдарында 2,5 мыңға жуық заң қабылданды. Бірақ осы 23 жылдың ішінде Үкімет бір де бір заң жобасының бастапқы мәтінін мемлекеттік тілде әзірлемеген. Ал депутаттар мемлекеттік тілде әзірленген тек 2 заң жобасына бастамашылық жасаған. Елбасы айтқанындай, бұл мәселені шуламай, саяси дискуссияға айналдырмай әр азамат үйде де, жұмысында да, қоғамдық орындарда да қазақ тілінде сөйлеуді парыз ретінде санап, тіліміздің күнделікті қолдануына үлесін қоса отырып жүзеге асырған орынды», – деді Мәжіліс спикері Қабиболла Жақыпов.
Шындығында ұятты-ақ жағдай. Әлгі мемлекеттік тілде әзірленген екі заң жобасының біріншісі алғашқы сайланымдағы Әкім Ысқақ бастамашы болған “Көші-қон туралы” Заң болса, одан кейін екінші сайланымда депутат Фариза Оңғарсынованың бастамашылығымен “Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы” Заң. Содан бері қолында бастамашылық құзыры бар Үкімет те мемлекеттік тілге мән бермеген, Парламент те пәрмендік көрсетпеген. Бүйте берсе жоғарыда аталған екі заңды музейге қойып, мемлекеттік тілдің мәртебесін музейлерден ғана тамашалайтын шығармыз деген ой келеді. Тәуелсіздіктің 23 жылында мемлекеттік тілге қарай табан аттап баса алмаған заңи жұмыстарды, құқықтық тіл техникасын қалай көгертеміз? Тек орысша ғана оратындардың орнын қазақша заң жасайтындар қашан басады? Тіпті осы уақыт ішінде заңды мемлекеттік тілде жазатын адам туған жоқ деп айтуға ауыз бармайды. Бұның өзі ауызды қу шөппен сүртіп, әрекетсіз отыра беруді ғана көрсетсе керек. Әйтпесе, «тас лақтырсаң – заңгерге тиеді» деп айтып жүргеніміз қашан? Олардың барлығы қайда сонда?
Білім және ғылым министрлігінің деректеріне қарағанда, 2013 жылы жоғары оқу орындарын қазақ тілінде бітірген түлектер саны барлық мамандықтар бойынша 85 мыңнан астамды құраған. Ал 2014 жылы бұлардың саны 89 мыңнан асып түсті. Сонымен қоса, соңғы 2 жылда қазақ тілінде 4 мыңнан астам заңгер жоғару оқы орындарын бітірген. Осылардың бәрі қайда сіңіп жатыр?
Мәжіліс спикері де Қазақстан Үкіметінің қазақ тілінде заң әзірлейтініне үміт үзген болуы керек: “Депутаттық корпус Үкімкетке үлгі көрсетіп, мемлекеттік тілде заң жобаларын әзірлеуге кірісер” деген сенім білдірді.

Қанат Қазы
Алаш айнасы

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 208532 0


02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 195623 0


26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 153730 0












ТЕКСТ

Яндекс.Метрика