КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

КТК телеарнасынан жаңалықтар көріп отыр ем, бір уақытта мынадай бір қызық репортажға тап болдым. Бүгін Мәжіліске “Бітімгершілік туралы” заң жобасын түсіндіруге келген генерал, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаровқа депутат Киянский мемлекеттік тілде сұрақ қойған. Алайда, тілді меңгеріп жүрген халық қалаулысы қазақша қойған сауалына орысша жауап алып аң-таң болды және оны теледидардан көріп отырған мен де аң-таң болдым.
“Бітімгершілік операцияға қатысуға арналған шығындарды халықаралық ұйымдармен әріптес мемлекеттердің өтеуі туралы мәселесі айтылады. Сұрақ. Нақты айтқанда қандай шығыстар және қандай жағдайда өтеледі?”, – деп депутат Виктор Киянский сауалын қойып еді Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров: “Спасибо, за вопрос! Каждая операция по поднятию мира, имеет собственный бюджет”, – деп орысша қойып кеп жіберді. Қазақша сұрақ қойған орысқа орысша жауап берген қазақты ғылыми тілде кім деп айтуға болады (Тілші ғалымдар осыған термин тапса екен)? Мына жағдай мені ойландырып тастады. Әншейін бір көшедегі адам болса мейлі екен, білдей бір министрліктің шенеунігінің бұл қылығы бізді жерге тығып жібере жаздады. Қазақша қойған сұраққа орысша жауап берген қазақты көріп отырып теледидардың сыртында тұрған мен ұялып кеттім.
Кейіннен арна тілшілері Киянскийдің қазақша сұрағына генерал-майор не үшін орысша сайрап кеткенін сұрады. Вице-министр бұл қылығына қатты өкінетінін айтып ақталып бақты. Генерал бұған өзінің тіл білмейтіндігі емес, аңғалдығы себеп болғанын айтады. “Қазақша жауап беруге мүмкіндік болды. Аудармасын тыңдап отырып, орысша ойланып, орысша айтып жіберіппін. Кейін өкініп қалдым”, – дейді Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров. Сонда дейміз, Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 23 жыл болса да орысша ойлауын қоймаған шенеунікті қалай түсінуге болады?
Енді дәл осы болған оқиғаны сарапқа салып көрелік. Жалпы, этнолингвистика ілімінде "тілдік оппозиция" немесе "тілдік бәсекелестік" деген ұғым бар екен. Мәселен, қазақ тілінің мәртебесінің өсуі және сөйлеушілерінің көбеюі бүгінде тілдік оппозицияны күшейтіп жатыр. Бір ғана мысал, елімізде бұған дейін қазақша сөйлемеген депутат Киянскийдің қазақша сөйлеуі, ал орыстың мемлекеттік тілде сөйлей алу мүмкіндігін ескермеген вице-министрдің қазақша сауалға автоматты түрде орысша жауап беруі – бұл айқын "тілдік опозицияның" көрінісі болып есептеледі.
Тілдік оппозиция тек орыс тілінде сөйлейтін, жазатын, ойлайтындармен негізінен екі тілде сөйлейтін, жазатын, ойлайтындар арасында жүріп тұрады және соңғы кездері елімізде мұндай қақтығыстар жиі болуда. Әлі де орыс тілінің артықшылығын сақтағысы келетін ниеті, психологиясы бар адамдар, қазақы құндылықтарға, әсіресе, қазақ тілі мен мәдениетін іштей менсінбеушілік, тәкаппарлық, «ұлылық» дерті басым адамдар өзге ұлттардан емес, өз қазағымыздан шығып жатыр.
Бұған дейін тілдік оппозициялық қайшылық тек орыстілді қазақтар мен қостілді қазақтар арасында көрініс алып келсе, бүгінде қазақтілді өзге ұлттар мен орыстілді қазақтардың арасында немесе қостілді өзге ұлттар мен орыстілді қазақтардың, орысша ойлайтын қазақтардың арасында тым белең алуда. Тілдік оппозиция ана тілін менсінбейтін, ұлттық құндылықтарды мойындамайтындар мен ұлттық патриоттар арасында да көрініс табуда. Қазіргі уақытта қазақтар арасында қоспа, былық, қойыртпақ, орыс-қазақ сөздерін араластырып сөйлеу кең етек алды және бұл қарапайым адамдар түгіл, интеллигенция, ақын, жазушылар, ғалымдар арасында да бар екенін мойындау керек. Кейде қазақша біле тұра, орысша сөйлейтін интеллигенттеріміз де бар. Олар орысша ойлайды, қазақ тіліне менсінбеушілікпен қарайды және мұндай жағдайға себеп мемлекеттің тілдік саясатты дұрыс жүргізе алмауы жатыр. Дәл сол себепті Қорғаныс вице-министрі Талғат Мұхтаровтың бұл қылығын түсінуге әбден болады.
Тіл білімінде "тіл нарығы (языковой маркетинг)" деген тағы бір ұғым бар. Әр мемлекетте тілдердің өз алдына әлеуметтік топтардың мәртебесін айқындайтын ықпалына байланысты өз «бағасы», өз құндылығы болады. Мәселен, жоғарыдағы оқиғадан ұққанымыз, депутат Киянскийдің мемлекеттік тілдің мәртебесін мойындағаны, жоғары бағалағаны, ал вице-министр Талғат Мұхтаровтың әлі де болса мемлекеттік тілге немқұрайлы қарайтыны, төмен бағалайтыны анықталады. Осы екі бағалаушылықтан "тілдік оппозиция" туындап отар.
Тіл адамдық капитал ретінде оның меңгергендердің қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік, саяси мәртебесін айқындайды, сондықтан ол тілге сұраныс та жоғары болады. Негізінен, ол қызметті көп мемлекеттерде "мемлекеттік тіл" атқаратыны анық. Бүгінде қазақ тілі алуан түрлі бәсекелестікке түсіп отыр: экономикалық салада, интеллектуалдық, ғылыми, мемлекеттік қызмет, мәдениет, өнер, БАҚ, құқық, денсаулық, отбасы, дін, әскери қызмет, саясат т.б. Сондықтан, мемлекеттік тілідң мәртебесі халық тарапынан толықтай жоғары бағаланбайынша тілдік оппозиция қақтығыстары жиі болып тұрады. Ал, біз "Тіл сақшысы" қоғамдық қозғалысы қандай ұлт болмасын "мемлекеттік тілді" жоғары бағалағандарды ғана жоғары бағалайыз.

Дінмұхамед Аязбеков
"Тіл сақшысы" қоғамдық
қозғалысының ұйымдастырушысы

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 208531 0


02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 195620 0


26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 153724 0












ТЕКСТ

Яндекс.Метрика