THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
«Qazaq tili» Халықаралық академиясы мен
Мемлекеттік тілді дамыту институты 2023
жылдың 7 желтоқсанында сағат 15:00-де
«Түркі үндесімін ұлықтаған ғалым» (Әлімхан
Жүнісбектің 85 жылдығына арналған жинақ),
«Біртілді сөздік жасаудың ғылыми-теориялық
негіздері» (Байынқол Қалиұлы, Бижомарт Қапалбек),
«Қазақ тілі жүйесінің орфографиялық сөздіктердегі
көрінісі» (Орынай Жұбай, Анар Салқынбай, Бижомарт Қапалбек) кітаптарының танысты-рылымын
өткізеді.
I. Түркі үндесімін ұлықтаған ғалым» жинағы қазақ
тілтанымында өзіндік орны бар, белгілі тілтанушы ғалым, филология ғылымдарының
докторы, профессор Әлімхан Жүнісбектің 85 жылдығына орай шығарылып отыр.
Әлімхан Жүнісбектің дыбыс үндестігін барша
түркі тілдерінің ең басты, ең маңызды, құрылымқұраушы, грамматикада да,
фонетикада да, сөзжасамда, ғылымда шешуші рөл атқаратынын жан-жақты дәлелдеп,
іргелі теорияға айналдырған. Үндесу, үйлесу, гармонияда болу, бір-біріне
сәйкестену, өзара икемделу, үнемі детерминацияда болу құбылысын Әлімхан
Жүнісбек семасиологияға да, морфонологияға да, палеолингвистикаға да, тілдің
құрылымы мен қолданылуы қатпарларына да тұтас және тікелей қатысы бар маңызды
ерекшелік ретінде таныды. Әлімхан Жүнісбек тың ойларын заманның ең танымал тау
тұлғалы ғұлама ғалымдары мойындаған.
II. «Біртілді сөздік жасаудың ғылыми-теориялық
негіздері» атты монография «біртілді сөздік жасаудың» ғылыми-теориялық негіздері мен тәжірибелері сөз етіледі және
олардың қалыптасу тарихына ғылыми тұрғыдан талдау (сараптама) жасалынады.
Еңбекте, негізінен сөз, сөз тіркестері, сөз мағыналары, оларға анықтама беру
мәселелері мен стильдік тармақтары жайында жан-жақты айтылған. Еңбекті біртілді
сөздік жасаудың нұсқаулығы ретінде пайдалануға толық болады.
III. «Қазақ тілі жүйесінің орфографиялық
сөздіктердегі көрінісінде» Рабиға Сыздықтың 2000 жылы шыққан «Қазақ тілінің
анықтағышы» атты еңбегімен, 1988, 2005, 2007 жылдарда жарық көрген
орфографиялық сөздіктермен салыстырыла талданды. Еңбек тілдік қолданыстардың
тұрақтануы, қалыптануы, өзгеруі, т.с.с. туралы мол ақпарат береді. Кітап емле,
норма, орфография, фонетика, терминология, қазақ әдеби тілінің тарихы, қазақ тіл
білімінің тарихы, т.с.с. мәселелермен айналысып жүрген зерттеушілерге, филолог
маман-дарға, ЖОО студенттеріне, магистранттар мен докторанттарға, жалпы
көпшілікке арналған.
Шараға Қазақстан Республикасының Ғылым және
жоғары білім министрлігі, Оқу-ағарту министрліктерінің және жоғары оқу
орындарының оқытушылары мен профес-сорлары, ғылыми-зерттеу институттарының
қызметкерлері, Тіл саясаты комитетінің, Қалалық және облыстық тіл
басқармаларының жауапты мамандары, докторанттар мен магистранттар, БАҚ өкілдері қатысады.
Таныстырылым Қазақстан Республикасының Ұлттық
кітапханасында өтеді (Абай даңғылы, 14).
Шараға онлайн түрде Zoom платформасы
арқылы қосылуға болады.
Cілтемесі:
https://us06web.zoom.us/j/89063026267?pwd=3Daca9yZsGzAbtWaRQ5zfYEZq6fBM3.1
Конференция идентификаторы: 890 6302 6267
Кіру коды: 072838
Байланыс: + 7 778 427 67 07
(Самарханова Ақерке)
+7 708 180 12 36
(Каленбекова Арайлым)
ПІКІР АЛМАСУ
ТЕКСТ