КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

    Академик Асқарбек Құсайынов орта мектепте білім беру сапасын көтеруге арналған жаңа тұжырымдамасын ұсынбақ. Еліміздегі білім беру саласын терең зерттеу нәтижесінде туған бұл еңбекте бүгінгі білім берудің өзекті мәселелерін шешу, соның ішінде шет тілдерін бастауыштан емес, орта сыныптардан бастап оқыту, оқытудың мазмұны, сапасы және т.б.жайттар ашып көрсетілген. 
    Шетелде жазылса миллиондаған ақша төленетін тұжырымдаманы тегін жазып берген ғалымның ұсыныстары қабылдансын десек, көп болып қолдау көрсетейік!
БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ

    Сейсенбі, 20 маусым күні сағат 11:00-де "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің баспасөз орталығында Қазақстан педагогика ғылымдары Академиясының баспасөз мәслихаты өтеді.
    Баспасөз мәслихатының тақырыбы – "Қазақстанда орта білім берудің жағдайы және оның сапасын көтеру жолдары".
   Баспасөз мәслихатына Қазақстан педагогика ғылымдары Академиясының президенті, академик Асқарбек ҚҰСАЙЫНОВ, Қазақстан Еңбек Ері, Қазақ КСР халыққа білім беру үздігіАягүл МИРАЗОВА, педагогика ғылымының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Шәркүл ТАУБАЕВА, №130 орта мектептің директоры Ардақ СМАҒҰЛОВА, EDTECH-KZ Халықаралық білім беру орталығының бас директоры Ғани БЕЙСЕМБАЕВ, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, "Қайнар" университетінің проректоры Фаузия СӘМЕТОВА, №105 гимназияның бастаушы сынып оқытушысы Наталья НОВОСОЛЬЦОВА қатысады.
    Ғалым-компаративист Асқарбек ҚҰСАЙЫНОВ отандық білім беру жүйесінің дамуы мен әлемнің жетекші елдерінің білім жүйелерін зерттеу нәтижесінде Қазақстан Республикасында орта білім беру сапасын көтерудің ғылыми негізін дайындады. Соның негізінде ол Орта білім беру сапасын көтерудің Кешендік бағдарламасын жасау қажеттігін ұсынып отыр, бұл бағдарлама 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын толықтыруға арналған. 
Оны жүзеге асыру үшін Үкімет тарапынан қосымша қаржы талап етілмейді.
Агенттіктің баспасөз орталығына журналистік куәлікпен кіруге болады.
Аккредитация үшін телефондар: (+7-727) 250 35 28, e-mail: press2@interfax.kz .
Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 6а үй

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


15/06/2017 16:12

БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ
0 6211 1


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика