THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
404 - Ештеңе табылмады.
Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.
Қазақ тілі әлемде 70-тіл: түркі тілдері 5-орында
Авторы: Слямбеков Қымбат
31/05/2017 10:40 0 74604 4
Қазақ тілі таралуы мен сөйлеушілер саны жағынан әлемде 70-орында. Алайда соңғы статистика бойынша қазақ тілі 40-орынға көтерілген, 16 197 000 сөйлеушісі бар http://ostranah.ru/_lists/languages.php. Ал басым бөлігін түркі тілдері құрайтын Алтай тілдік жанұясы 3-орында тұр. «Қазір түркі әлемінде 40-тай (кейбір зерттеушілер – 25, енді біреулері – 49 деп, көрсетеді) тілде сөйлейтін 200 миллиондай адам өмір сүріп жатыр. Түркі әлемінің тілдік көрінісін көру үшін алдымен, цифрларға сөз берейік. Сол 200 миллион халықтың 40 пайыздайы бір, 70 пайыздайы 6 тілде,ал қалған 30 пайызы 34 тілде сөйлейді екен. Халқының саны жағынан алғашқы ондықты 80 млн. түрік, 35 млн. әзірбайжан, 30 млн. өзбек, 12 млн. қазақ, 9 млн. ұйғыр, 7 млн. түркімен, 6,5 млн. татар, 4,5 млн. қырғыз, 2,2 млн. башқұрт, 1,5 млн. қашқай тілдері құрайды» (проф. Дандай Ысқақұлы) http://turkiya.kz/?p=782. Демек, түркі тілдері сөйлеушілер саны жағынан әлемде 6-орында (қытай, испан, ағылшын, хинди, араб, түркі), ал әлемдік, халықаралық тіл ретінде 5-орында (ағылшын, қытай, испан, араб, түркі) тұрады екен. Түркі тілдерінде сөйлейтіндердің қатары 800 млн. дейін жетуі мүмкін де еді, себебі түрік қауымы өте кең кеңістікті билеген: Бабыр Үндістанды, Құтыз бен Бейбарыс Мысырды, Персияны Гагауыз. Үш мыңжылдық ішінде түркі қауымы 16 ірі держава, империя құра алған. Алайда түркі жұрты ассимиляцияға өте тез түсіп кететін болған, сондықтан да жаулап алған жерлерінде өзінің біртұтастығын сақтап қала алмаған. Алайда жоғарыдағы цифр бүгінгі күннің көрсеткішіне айнала алмады.
Барлық әлемдік тілдерді алып қарасақ, испан, ағылшын тілі, француз, қытай тілдерінің барлығы ірілі-ұсақты диалектілер мен бірнеше нұсқалардан тұрады. Мәселен, географиялық жағынан ең кең таралған испан тілінің 40-тан астам диалектісі бар, Испания мен Латын Америкадағы испан тілдері болып екі бағытта бөлініп кеткен. Испанияның өзінде испан тілінің түрлері ретінде саналатын кастилья мен баск тілдері бірнеше ғасыр бойы бір-бірімен «сыйыспай» келген еді, соңында кастилья тілі қазіргі Испанияның «ана тілі» болып отыр. Латын Америкасындағы әр мемлекеттегі испан тілін келесі бір мемлекет халқы түсіне бермейді: Мексика – Аргентинаны, Куба – Перуді, Гватемала – Чилиді. Бірақ мұның барлығы бір испан тілін құрап отыр. Ағылшын тілі хақында да осыны айтуға болады, Қытай тілі де ірі 5 диалектіден құралған, бұл диалектілер де тікелей және ыңғайына қарай құрылған, қытайлық диалектілер де, ағылшындық диалектілер де өзара өте алшақтап кеткен, бірін-бірі түсінбейді десе де болады. Орыстардың өзі украин тілін орыс тілінің диалектісі ретінде қарастырады. Қазіргі еуропалық тілдердің барлығы көне латын тілінің әртүрлі диалектілерінен пайда болған тілдер еді.
Демек, түркі тілдерін де бір тілдің бірнеше диалектісі ретінде қарастыруға болады ғой (олай қарастыратындар да бар!). Егерде жоғарыда аталған тілдердің диалектикалық сипаттамаларын қарасақ, онда түркі тілдерін біртұтас, бір ата тілдің диалектілері екенін байқауға болады. Түркі қауымы өте кең кеңістікке таралғандықтан тілдерінде айырмашылықтың болуы заңды да еді, себебі тілдің өзі кеңістік пен шекараға тәуелді. Қазақ, Қырғыз, Татар, Башқұрт, Қарақалпақ, Ноғай, Құмық (бұл халықтар өзара шектесіп жатыр, сондықтан да тілдерінде аса айырмашылық жоқ) қатарлы ұлттардың тілі ешқандай аудармашысыз түсініледі, яғни, тілдері 95 пайыз ұқсас. Өзге түрік тектестердің тілін ауызекі тілде бірден ұғыныспасақ та, жазуда бірден түсінісуге болады. Сондықтан да ортақ әліпби жүйесі керек.
Ататүрік билік басына келгенде Османдықтар аталатын бұл халық Ататүріктің жебеуімен «біздің түбіміз Орталық Азияда, біз Азиядан келгенбіз, біз түрікпіз» деумен өздерін осы күнге дейін түрік деп атады. Мәселен, Түркия тіл білімі ғылымында түрік тілінің әдеби тілінің тарихын қарастырғанда тарихи-мәдени кезеңдерге былайша бөледі: түркімен түрікшесі, өзбек түрікшесі, әзірбайжан түрікшесі, қазақ түрікшесі, татар түрікшесі, ұйғыр түрікшесі, якут түрікшесі, шуваш түрікшесі және түркия түрікшесі. Бұл бөлінушіліктің себебі, әр кезеңдегі түрік тілінің өзгерісі дәл осы тілдерге (қазақ, ноғай, әзірбайжан, қарақалпақ, татар) ұқсас болып отырған, сондықтан да қазіргі түркия түрік тілінің әдеби тіл процесі, эволюциясын дәл осы формуламен қарастыру арқылы нағыз диалектілік сипатты көрсетіп отыр.
Егер ертеңгі күні ТүркіОдағы құрылып жатса, онда бір ортақ тілдің қажет болатыны жайында көп айтылып жатыр. Бұл одақта лидерлік жоқ деу арқылы, ортақ тілдің қажеті жоқ, себебі бірін-бірі түсінісе алатын бұл туысқан мемлекеттерге ЕуроОдақтың принципін қолданудың қажеті жоқ. ЕуроОдақ бұл интеграциялық аймақ, оның үстіне шығу тегі жағынан туысқан халықтар емес, аралары тым алыстап кеткен, соның өзінде де одаққа бірігіп отыр, ал ТүркіОдағының ерекшелігі де сол – рухани жағынан жасақталады. Тіпті, ЕуроОдақтың өзінде еш рухани-туысқандық қатынас болмаса да бір ортақ тіл, герман-роман тілдеріне ортақ тіл синтезделіп келе жатыр. Бұл қажеттілік те еді, себебі 23 мемлекеттің тілің жұмыс жасау қиындық әкелетін еді. Бір жағынан бұл тілдік үрдіс өзара интеграциялық импульстің әсерінен де ортақ тіл қалыптасып келе жатыр, себебі ЕуроОдақ – гомогенді мәдени аймақ. Ал ТүркіОдағына мұндай процестің қажеті жоқ, түркі тілдері бір тілдің әртүрлі диалектілері және бір-бірімен еркін түсінісе алады және түсінісудің өзге де бір технологиялары пайда бола жатар.
Егер түркі тілдерін ірі-ірі диалектілер деп қарастырсақ, онда біртұтас түркі тілдері әлемде 5-орында тұр, онда қазақ тілі де түркі тілдерінің бір құрамы болғаннан кейін әлемдегі 4 не 5-тіл деп қарастырайық, 70-тіл емес. Бұл жерде қазақ тілін бүкіл түркі тілдерінің ата тілі ретінде қарауымызға болады, мұны барлығы да мойындап отыр, көне түркі тілін түсіну үшін ең бірінші болып қазақ тілін білу қажет екені ғылымда дәлелденген де. Алаш кезеңінде татарлар да түркілерге ортақ тіл – қазақ тілі деп мойындаған және Ахмет жасаған төте жазуды ортақ жазуды өздеріне қабылдауды ойлаған. Түріктердің өзі «нағыз түрікше – бұл қазақша түрікше» деп айтады.
ПІКІР АЛМАСУ
ТЕКСТ