КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА


Соңғы мақалалар:

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Error 404

404 - Ештеңе табылмады.

Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы Тілдерді дамыту және ономастика бөлімі 2025 жылы 21 қараша күні сағат 10:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (Достық, 13) акт залында «Мемлекеттік тіл мәселелері» атты конференция өткізеді.

Конференцияның мақсаты – Қазақстандағы мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, оның қолдану аясын кеңейту және көптілді қоғамдағы тіл саясатын дамыту мәселелерін талқылау. Сонымен қатар қазақ тілінің білім беру, мәдениет, ғылым және мемлекеттік басқару салаларындағы рөлін нығайтуға арналған тиімді стратегиялар мен инновациялық шешімдер ұсыну.

Конференция жұмысына мемлекеттік органдар мен мекемелердің тиісті мамандары, ғалымдар, қаладағы қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері, тіл белсенділері, зиялы қауым және БАҚ өкілдері шақырылды.

Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 4/617 қаулысымен «Алматы қаласының Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары» бекітілген болатын. Конференцияда осы аталған жоспарға сәйкес 2025 жылдың басынан бері өткізілген іс-шаралар мен орындалған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, нәтижелері талданады,  қаладағы тілдік ахуалды жақсарту бойынша ұсыныстар айтылады.

Конференцияда «Алматы қаласындағы тілдік ахуал - 2025» атты ғылыми монографияның таныстырылымы өтеді. Іс-шара барысында жылдың басында жарияланған «Қазақ тілінің үздік оқытушысы», «Сәбилерді сөйлетейік» атты қалалық байқауларының жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар таратылып, Алматы қаласы әкімдігінің дипломдары мен алғыс хаттары беріледі.

Конференция жұмысы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен насихатталатын болады.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз




















05/06/2024 11:25

Хабарландыру!
0 6257 0



15/07/2024 16:45

Хабарландыру!
0 6032 1







14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 5639 0




ТЕКСТ

Яндекс.Метрика