КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА


БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Error 404

404 - Ештеңе табылмады.

Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.

Қазақ тілін оқыту мәселесі – еліміздің білім саласының ғана емес,мемлекеттік тілдің болашағының өлшемі. Бүгінгі оқушы – ертеңгі мемлекеттікқызметкер, ғалым, дәрігер, заңгер, инженер. Сол ұрпақтың қазақша еркін сөйлейалуы, сауатты жаза алуы, өз кәсібінде мемлекеттік тілді қолданып, дамытуы –балабақшадан басталып, мектеп пен жоғары оқу орны арқылы жүйелі қалыптасатынұзақ процесс. Алайда осы жүйе бүгінгі күні тұтастығын жоғалтып, деңгейлерарасында алшақтық көбейіп, мазмұны мен мақсаты бірізді болмай отырғаны жиіайтылады.

Қазақ тілін оқыту жүйесіндегі түйткілдерге байланысты Сенат депутаттары Р.Рүстемов, А.Нухұлы, Н.Байқадамов, А.Есбай, Қ.Тастекеев Премьер-министрдіңатына депутаттық сауал жолдап еді. Бұл хатта қазақ тілі мен әдебиеті пәніноқытудың әдістемелік негіздерін қайта қарау, білім беру сатылары арасындағысабақтастықты қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді оқытудың біртұтастұжырымдамасын қабылдау қажеттігі нақты айтылған.

Депутаттық сауал өте нақты әрі дәлелге сүйеніп жазылған. Онда қазақ тіліноқыту жүйесіндегі олқылықтардың қайдан басталатыны ашық көрсетілген. АлҮкіметтің жауабы көлемді, ресми ақпаратқа толы болғанымен, мәселенің өзегінетерең бойлай алмады. Бұл – қоғамдық әрі кәсіби талқылауды қажет ететін жағдай.

1-мәселе. Сабақтастық жоқ.

Депутаттық сауалда ең алдымен қазақ тілін оқыту бағдарламаларындағысабақтастықтың жоқтығы сынға алынады. Балабақшада берілген тілдік дайындықбастауышта жалғаспайды, бастауыштағы білім орта буында жүйелі тереңдетілмейді,ал орта буындағы лингвистикалық дайындық жоғары оқу орнында ескерілмейді.

Ахмет Байтұрсынұлының: «Қазақ мектебіне түзелген программа жоқ, онсыз оқубір жөннен шықпайды» деген сөзі бүгінгі жүйеге дөп келеді. Бір білім сатысындабасталған тілдік даму келесі сатыда қолдау таппай, тіпті қайтадан нөлденбасталатыны жасырын емес.

Министрліктің жауабында, керісінше, бәрі қағаз жүзінде реттелгендейкөрінеді: стандарт бар, үлгілік бағдарламалар бар, спиралдық әдіс бар, жасерекшелігі ескерілген. Бірақ депутаттар «спиралдық әдіс бар ма?» деп емес, «олнеге жұмыс істемейді?» деп сұрады. Бұл сұраққа нақты жауап берілмеді.Нормативтік құжаттарды тізу – жүйенің жұмыс істеп тұрғанын дәлелдей алмайды.

2-мәселе. Грамматика.

Депутаттық сауалда қазақ тілін оқытудағы грамматика жүйесінің бұзылуыарнайы атап өтіледі. Себебі грамматика – тіл үйретудің қаңқасы. Іргетасы әлсізүйдің берік болмайтыны сияқты, грамматикасы жүйесіз пән де нәтиже бермейді.

Грамматикалық материал жеңілден күрделіге қарай бірізді берілмейді. Бірсыныпта өткен ереже келесі жылы дамытылмайды, күрделендірілмейді. Диктант,көркем жазу, мазмұндама сияқты жазу дағдысын қалыптастыратын классикалыққұралдар оқу үдерісінен шеттетілген.

Министрліктің жауабы бұл мәселеге формалды тұрғыдан келеді: грамматика«Әдеби тіл нормалары» бөлімінде қамтылған, бес норма бар деп көрсетіледі.Алайда бұл – мазмұндық мәселені шешпейтін жауап.

Қазақ тілі пәнінің басты мақсаты – оқушыны сөйлеуге және сауатты жазуғаүйрету. Бұл мақсат бірінші сыныптан он бірінші сыныпқа дейін өзгермейді, текмәтін тудыру деңгейі күрделене береді. Ал грамматика осы мәтіннің нормаға сайболуын қамтамасыз етуі керек.

Осы тұрғыдан алғанда, мектепке қажеті – академиялық емес, қолданбалыграмматика. Яғни мәтін тудыру кезінде орфоэпиялық, орфографиялық,пунктуациялық, лексика-грамматикалық және стилистикалық нормалардың бұзылмауынқамтамасыз ететін жүйе. Бұл нормалар оқушының санасында үнемі қайталану арқылығана қалыптасады.

3-мәселе. Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін біріктіріп оқыту.

Депутаттар ең өткір көтерген мәселелердің бірі – «Қазақ тілі» мен «Қазақәдебиеті» пәндерін бір пәнге біріктірудің орынсыздығы. Бұл – тіл менруханияттың табиғатына тікелей әсер ететін мәселе.

Қазақ тілі – практикалық дағды пәні. Оның мақсаты – сауатты жазу, дұрыссөйлеу, ойды жүйелі жеткізу. Ал қазақ әдебиетінің мақсаты – рухани-эстетикалықтәрбие, көркем ойлау, ұлттық құндылықты сіңіру. Екі пәннің мақсаты да, әдісіде, нәтижесі де бөлек.

Министрліктің жауабында бұл мәселеге қатысты нақты ұстаным айтылмады.Пәндерді біріктірудің ғылыми немесе әдістемелік негізі түсіндірілмеді. Алмұғалімдер де, сала мамандары да біріктірілген пәннің нәтижесі тілдік дағдыныда, әдеби талдауды да әлсіреткенін көріп отыр.

Тіл әдебиеттің міндетін, әдебиет тілдің міндетін атқара алмайды. Екеуіқосылған жерде екеуі де жұтаңдайды.

5-мәселе. Филология мамандарын даярлаудағы ала-құлалық.

Депутаттар көтерген тағы бір маңызды мәселе – жоғары оқу орындарындафилология мамандарын даярлау стандарттарының бірізді болмауы. Әр университет өзбағдарламасын өз қалауынша жасап отыр. Бұл академиялық еркіндік емес,жүйесіздікке апаратын жол.

Филология мамандығы – ұлттық мүддеге қызмет ететін сала. Оның негізгі жұмысберушісі – мектеп. Ал мектепке керек маманның бейнесі анық: сауатты жазатын,тіл нормасын меңгерген, әдебиетті терең білетін ұстаз. Мұндай маманды даярлауүшін ел бойынша ортақ стандарт қажет.

Министрліктің жауабы бұл мәселеге тікелей тоқталмай, жалпы қазақ тіліпәндерінің оқытылуын мысалға келтірумен шектелген. Бұл сауалдың өзегін ашпайды.

6-мәселе. Мемлекеттік тілді оқытудың ұлттық тұжырымдамасы бар ма?

Депутаттар көтерген ең стратегиялық мәселе – мемлекеттік тілді оқытудыңбіртұтас ұлттық тұжырымдамасын қабылдау қажеттігі. Қазіргі жүйе балабақша,мектеп, ЖОО және ересектерге арналған оқытуды бір арнаға түсірмей отыр. Әрдеңгей өз бетінше жұмыс істейді.

Министрлік бұл сауалға 2023-2029 жылдарға арналған тіл саясатытұжырымдамасын алға тартады. Алайда бұл құжат – жалпы тіл саясаты туралы. Алдепутаттар сұрағаны – нақты оқу үдерісінің ғылыми-әдістемелік моделі: нені,кімге, қалай оқыту керек?

Мазмұны айқындалмайынша, әдіс те, нәтиже де болмайды. Мемлекеттік тілдіоқытудың нақты әдістемелік моделі жоқ жерде реформа да нәтиже бермейді.

Депутаттық сауал қазақ тілін оқытудың бүгінгі ахуалына нақты диагноз қойды:сабақтастықтың үзілуі, грамматиканың жүйесіздігі, пәндердің жасандыбіріктірілуі, филолог даярлаудағы ала-құлалық және ең бастысы – мемлекеттіктілді оқытудың бірыңғай ұлттық тұжырымдамасының жоқтығы.

Министрліктің жауабы құжаттардың бар екенін көрсеткенімен, мәселенің себебімен шешу жолдарын нақты айқындай алмады. Формалды есеп пен шынайы нәтиженіңарасы алшақ.

Бүгінгі қажеттілік – бар бағдарламаларды қорғау емес, олардың тиімділігінқайта қарау. Қазақ тілін оқытуға жаңа мазмұн, жаңа әдіс, жаңа көзқарас қажет.Бұл – реформа емес, ұлт үшін қажет шешім. Мемлекеттік тілдің болашағы – бүгінқабылданатын осы шешімдерге тікелей байланысты.

 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз




















05/06/2024 11:25

Хабарландыру!
0 6928 0





15/07/2024 16:45

Хабарландыру!
0 6741 1





14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 6322 0




ТЕКСТ

Яндекс.Метрика