THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
404 - Ештеңе табылмады.
Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.
Орыс тілі: кері кету симптомы. Қазақстандағы орыс тілі
Авторы: Слямбеков Қымбат
14/06/2017 14:38 0 66649 0
Сонымен, Украина орыс тілінің ресми қызметін тоқтату ниетінде. Есесіне, ағылшын тілін тереңдетіп енгізу механизмдерін ойластырып жатыр. Балқан территориясы онсыз да орыс кеңістігінен бөлшектенді. Орталық Азия мен Беларуссияға беделді бұл орыс тілінің көптеген аймақтарда шеттетіліп жатқанын байқау аса қиын емес. Әзірше, орыс тілінің әлемдік дәрежесін арттырып отырған жайт – Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыс тілі болуы. Бұл – үш таған одақ әлемдегі Еуро Одақтан кейінгі екінші орында тұрған саяси бірлік, сондықтан орыс тілінің бұл одақта айқын мәртебесінің болуы әлем елдерінің орыс тілімен санасуына міндеттейді. Еуразиялық одақ құрылғанға дейін Ресей орыс тілін Еуро Одақтың ресми тілдерінің бірі етпек болып көп күш салды, – бола алмады. Ол үшін Еуро Одақ мемлекеттерінің бірінде орыс тілі ресми тіл болуы тиіс еді, олай етерліктей балқан елдерінің бірде бірі де орыс тіліне күш бере қоймады. Алайда, Латвияның 44%-ын орыс ұлты құрайды, алайда мемлекеттік тіл – латыш тілі.
Орыс тілінің әлемдік тілдер қатарынан түсуі
Осыдан екі жыл бұрын Тарту лингвистикалық институты алдағы уақыттарда орыс тілі әлемдік тілдер қатарынан шеттетілуі мүмкін екені жайында жасаған сараптамасы қоғамда дабыл қақтыруға әсер етті http://fognews.ru/russkij-yazyk-bolshe-ne-yazyk.html. Ол бойынша, орыс тілінің әлемдегі және қоғамдағы қызметінің, рөлінің түсуімен қатар грамматикалық-құрылымдық қабатының да әлсірегені (түбір сөздердің жойылуы, табиғи, төл түбір сөздердің сөзжасамдық қызметінің құртылуы, бәсеңдеуі), лексикалық қорының «шұбарлануы» (ағылшындық-америкалық сөздердің енуі) орыс тілінің өлі тілдер қатарына енгізілуіне әсер етуде. БҰҰ, ЮНЕСКО ресми тілдері қатарынан «құлауы» мүмкін. Бұл болжам жайында институт мемлекетке соңғы бес жыл бойы құлақтандырып отырған, алайда бұған құлақ асқан билік жоқ көрінеді.
Орыс тілінің төл сөздері өзінің сөзжасамдық қасиетін жоя бастаған, керсінше, кірме сөздер оның орнын ауыстырған. Бұл – факт. Әрине, кез келген тілге қазір ағылшын тілінің еніп жатқанын білеміз. Сол тәрізді орыс тіліне де ағылшын тілінің көп бөлігі еніп жатыр, сондықтан қоғамның пиджин-орыс тілінде сөйлеуі біраз негативті көзқарастар туғызып отыр. Біздің қоғамда да «шала қазақ» тілінде сөйлейтіндерге қатысты жағымсыз көзқарастың бар екенін білеміз ғой. Дәл осы жағымсыз типтік көрініс немістер арасында да бар.
Ресей өзінің орыс тілінің насихатын арттыру үшін де, пиар жағын қамтамасыз ету үшін де әлемде орыс тілінде сөйлеушілердің саны 500 млн. немесе 300 млн. деген еш негізсіз ақпаратты таратып отыр. Мұны біз позитивизм деп атар едік. ХХ ғасырдың аяғында орыс тілінде сөйлеушілердің саны 350 млн. болатын. Алайда қазіргі шынайы деректердің біріне көз салсақ: орыс тілінде сөйлейтіндердің саны әлемде 129 млн. ғана екен. Оның 5/4 бөлігі (86%) Ресей аумағында болса, 11,5% – бұрынғы КСРО мемлекеттері, 2,5% – қалған мемлекеттер үлесі. Оның үстіне Ресейде халық санының азаюы да орыс тілінде сөйлейтіндер санын одан әрі қысқарта берері сөзсіз.
Ресейдегі орыс тілі
Ресейдемектепте, жоғары оқу орындарында орыс тілін үйрету сағаттары айтарлықтай азайған, кейбір лицейлер мен колледждерде мүлдем тоқтатылған. Бір түрлі дөрекі көрінсе де, бұл Ресейдің ішкі саяси жағдайымен байланысты: коррупция, цензура заңдарының дұрыс сақталмауы, мемлекеттің демократиялық мүмкіндігінің төмендігі тәрізді жайттарды айтса болады. 2011 жылы 5-7 сыныптар арасында орыс тілі пәнінің сағаттары азайған: 5-6 сыныптар арасында – 3 сағат, 7 сыныпқа – 1 сағат азайған. Екі он жылдықтың ішінде орыс тілінде білім алушылардың саны 2 млн. қысқарған.
Ресейдің өз ішінде де орыс тіліне қатысты мәселелер жетіп-артылады. Солардың бірі – мектеп оқушыларының жаппай орыс тілінен сауатсыздығы. Мұның қауіптілігі жайында құлаш-құлаш мақалалар жазылып жатыр. Оқушылардың бұл күйге түсуіне Бірыңғай Мемлекеттік емтихан (БМЕ) жүйесі әсер еткен дейді мамандар. Біздің ҰБТ жүйесі де біраз мамандардың келіспеушілігін тудырғанын білеміз, бұл жүйелердің барлығы оқушының терең ойлануы мен жүйелі түрде білім қабылдауына мұрсат бермейді, тек автоматы қабылдау мен шала-жансар ойлауға ғана душарқылады. Ресей БМЕ жоғары балл алған оқушылардың өздері ЖОО жалпы шығармашылық емтихандарында шала сауаттылығын одан әрі «дәлелдей түскен». Журналистика факультетіне оқуға емтихан тапсырған 229 талапкердің 82% өз мәтінінде 24-25 қатеден, ал қалған 18% 8 қатеден жіберген. Ал халық арасында ұйымдастырылатын «Тоталды диктанттың» қорытындысын келтірсек: 14,5 мың адам қатысқан, оның 58% – қанағаттанбаушылық, 25,5% – қанағаттандырарлық, 12% – жақсы, 1,5% – өте жақсы өлшемдерін көрсеткен. Демек, мемлекеттің жартысынан көбі сауатсыздыққа шалдыққан десек болады. Бір кездері сауаттылығы жағынан алдыңғы қатарда тұрған бұл мемлекеттің сауаттылығының мұнша төмендеуі, расымен де, ойланарлық жайт.
Ресей Федерациясындағы республикалар да орыс тіліне баса мән беріп отырған жоқ. Мәселен, Татарстан анна тілі ретінде татар тілін бірінші кезекке қояды және оны оқыту орыс тілінің есебінен көбейтіліп отырған көрінеді. Бұл Ресей ішінде де, Татарстанның ішінде де дау туғызуда. Бірақ орыс тілі ресми тіл болса да, орыс тілі мәселесі күн тәртібінде тұр.
Орыс тілі мемлекеттік ресми тілі болса да, сыртқы істер министрлігі оны қолданып отырған жоқ: есесіне ағылшын, француз, неміс тілдерін қолданып отыр. Ағылшын тілінің ғылым-білім саласына еш кедергісіз кіруі байқалады. Қарапайым ғана, орыс ғалымдарының ғылыми еңбектері ағылшын тілінде жарияланады және ЖОО осыған міндеттейді.
Қазақстандағы орыс тілінің жағдайы
Қазақстандағы орыс тілінің жағдайы Украинамен салыстырғанда әлде қайда жақсы, әрине. Алайда кері ағыстың бар екенін айту қажет. Қоғамда орыс тіліне шеттетілу тән деген де пікір бар. Бірақ бұл жауапқа саясаткер Серік Белгібайдың пікірін айтсақ болады: «Біріншіден, орыс тілі ешқандай да шеттетілуге ұшырап отырған жоқ. Тек мемлекетте қазақ ұлтының саны ұлғайып отыр. Мектеп оқушылар қазақ тілінде білім алуының көбеюі де қазақ ұлтының санының көбеюімен байланысты». 1990 жылдан бері 2013/14 жылғы оқу жылы аралығында мектепті орыс тілінде оқушылардың үлесі 65,05 %-дан 32%-ға дейін азайған, яғни, жарты есе құлаған.
Алайда басты проблема – орыс тілін оқыту мамандарының тапшылық жағдайға түсуі. Білікті кадрлардың Ресейге кетіп қалуы ғана себеп емес бұған. Жалпы жағдаятты аңғарсақ, Орта Азияда орыс тілінің оқытушылары аз. Кадрлардың «қартаюы» байқалады: русистердің универсалды мәселесінің бірі де сол – тәжірибелі, біліктілігі жоғары мамандардың азаюы және оны алмастыратын жас буын кадрларының болмауы. Бұл проблема Ресей русистеріне де қатысты, алайда, бәрінен бұрын, бұл Орта Азияға қатысты.
Қазақстанда жүргізіліп жатқан қазақтандыру процесі қоғам төңірегінде орыс тілінің шектетілуі, национализмнің алға басуы деп баға берілуде. Сонымен қатар қазақ қоғамында орыс тіліне екінші мемлекеттік тіл мәртебесін беру жайында да пікірлердің, көзқарастардың мол екенін ұмытпау қажет. Әлемнің көптеген мемлекетіне екі тілдің мемлекеттік тіл ретінде қолданылуы тән: Финляндия, Канада, Бельгия, Швейцария, Дания, Белоруссия. Бұл елдердің тілдік саясатын аналог ретінде қолдануды ұсынады бұл топ. Алайда орыс тіліне екінші мемлекеттік тіл санатын бермесе де, біздің мемлекеттік тілдік саясат барынша либералды бағытта.
Қазақстандағы орыс тілі қаймағы бұзылмаған орыс тілі ретінде таниды русистер. Себебі Ресейдегі орыс тілі ағылшындық элементтермен, слэнг, терминдер мен ластанып кеткен. Ал біздің елдегі орыс тілі әзірше бұл процеске ұшырай қоймады, есесіне орыс тілінің құрамына қазақ тілінің элементтері ене бастағанын қазақстандық русистердің көбі айтып жүр. Бұл, өз кезегінде, заңдылық та. Қостілді кеңістікте тілдердің өзара ауыс-күйісі болары заңды. Қазақстандық орыс тілі, Грузиялық орыс тілі, Өзбекстанда да, Түркіменстанда да орыс тілінің бір-бір түрлері бар екені белгілі.
Орыс тілін меңгеруге ниет етушілердің де көбі Қазақстанға келіп білім алады. Қазіргі таңда Қазақстан ЖОО мен тілдік курстарында Қытай, Корея, Тайланд, Жапония, АҚШ, Малайзиядан келген азаматтар оқып жатыр. Бұған себеп болған бірден-бірнәрсе – Қазақстанда тұру мен білім алу, тамақтану Ресейге қарағанда аз шығынды талап ететіндікте. Мұның өзіҚазақстанда орыс тілі Ресейдегі орыс тілінен еш кем еместігін білдіреді.
ПІКІР АЛМАСУ
24/04/2017 17:25
Түркі Одағының уақыт сайын көтеріле беруі оның құндылығының артып келе жатқанына мысал
|
ТЕКСТ