КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА


Соңғы мақалалар:

 

Қазақ тілі сөздік қоры жағынан әлем тілдері арасында ағылшын, араб тілдерінен кейінгі үшінші орын алады деп мақтанамыз. Бірақ телеарналардағы қай бағдарламаларды көрсеңіз де, оған келген белгілі әдебиетшілер, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері мен өнер адамдарының, әртүрлі сала өкілдерінің аузынан сол бай сөздік қорды ести алмай қынжыламыз. Телеарна хабарларында «жаңағы» тәрізді қыстыр­ма сөздер жиі қолданылады. Теледидар уақыты тым қымбат екені белгілі. Мәселен, жаңалықтар мен бірді-екілі тікелей эфирден берілетін бағдарламаларды айтпағанда, бәрі алдын ала жазылатын хабарлар ғой. Ендеше, «жаңағы» сияқты жабайы сөздерді эфирге жіберместен кесіп тастауға болады емес пе? Қала берді, тікелей эфир болса да кез келген азамат сауатты сөйлеуге дағдыланғаны дұрыс деп білемін.

Соңғы жылдары басқаларды былай қойғанда, қазақ сөзінің қаймағын қалқып ішкен азаматтардың да аузынан «исі қазақтың» деген сөз тіркесін жиі естиміз. Әсіресе қазаққа тән дүниелер туралы әңгіме қозғағанда «исі қазақтың» деп кеуде кере мақтана айтамыз. Білгенге бұл тіркес – ұлтымызды басқа ұлт­тардың алдында кемсітетін сөз! Сонда күллі қазақта басқа ұлттардан ерекше иіс бар ма? «Исі қазақтың» деген сөз тіркесін орысшаға аударсаңыз, «запах казаха» болып шығады, яғни өзгелер қазақтардың исі басқалардікінен бөлек екен ғой деп түсінеді. Түптеп келгенде, «исі қазақтың» сөз тіркесі «русский дух» дегенді дұрыс аудармаудан туындаған. Орыс тілінде «дух» сөзі екі түрлі мағына беретіні белгілі. «Дух, душистый» сөздері «иіс» мағынасын берсе, «дух, душа» «жан» деген мағынада айтылады. Соған қарағанда бір шала сауатты аудармашымыз «русская душа» дегенді естіп алып, оны «орыстың иісі» деп түсінген. Сөйтіп, «қазақтың жаны», «қазақы рух», «қазаққа тән», «барша қазақтың» деген тіркестердің орнына «исі қазақтың» деген жаңа сөз тіркесін жасағансыған. Бұл сөз тіркесі кейін жоғарыда айтқан «жұқпалы» «жаңағы» сөзі секілді ауыздан-ауызға тарап, тілімізге сіңісті боп кеткен.

АНА ТІЛІ газеті

Жамбыл облысы

Қаратау қаласы


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз