КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

 Жарымжан жарнамалар мен мәнсіз мәтіндер, шала аудармалар қала көркінің шырайын бұзып, ана тілімізді қор қылуда. Әр қадам аттаған сайын кездесетін жарнамалар стилистикалық, грамматикалық, пунктуациялық қателерге толы. Сөздің мағынасын емес, тікелей сөзбе-сөз аударылған сақау жарнамалардан көз сүрінеді.

Алматы қаласындағы «Аватария» балалар ойын-сауық алаңындағы мына бір қателерді көрмеске болмады. «Туған күн» дегенді «Туған кун» деп жазса, «до 3 лет» дегенді «3 жылға дейін» деп аударған.

«Wolt» тамақ және тауар жеткізу қызметінінің мына бір жарнамасын көріп жағамды ұстадым. «Побалуйте себя хрустящими крылышками» дегенді «Өзіңді тауықпен еркелет» деп аударғандары қай сасқандары? Бұл деген ана тілін қорлау, мемлекеттік тілге деген құрметсіздік.

Жарнамалардағы қателер мен сауатсыз аудармалар туралы айтылып та, жазылып та жүр. Алайда, мемлекеттік тілдің мәртебесі көтеріліп, осынау қателіктерге тосқауыл қойылмай тұр. Осы ретте Заң тілге «қызмет» етпей ме деген ойға келесің.

Осы мәселе жөнінде Алматы қаласы әкімі аппараты Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің бас маманы Ардақ Нұрғазинаның пікірін білген едік:

-          «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңында «деректемелер мен көрнекі ақпараттың мәтіндері орфография нормалары және мәтіннің түпнұсқалы аудармасы сақтала отырып жазылады» деп қана көрсетілген. Ал жарнама туралы заңнамада оның орыс және қазақ тілдерінде таратылатындығы туралы ғана норма бар, мағыналы, мәнді болуы туралы ешқандай талап жоқ. Кәсіпкерлер мен жарнама жасаушылар жарнаманың мемлекеттік тілдегі мәтінінің заңнама талаптарына сәйкес бар болғандығына ғана мүдделі, оның мазмұнды әрі көркем болуын, көптің көңілінен шығуын  мақсат тұтпайды. Сапалы әзірленген орыс тіліндегі жарнамаларды қанағат тұтатын қауымға да қазақ тіліндегісінің қажеті шамалы.

Сондықтан да, қазіргі кезде қазақ тілінде жарнама мәтінін жасаушылар негізінен орыс тіліндегі мәтінді «калька әдісімен» қазақшалауды ғана біледі. Оны да кез келген адамға жасата салады. Содан ол дұрыс шықпай жатады, тіпті кейбір қазақ тіліндегі мәтіндерде орфографиялық қателерге де жол беріледі.

Жарнама мәтінін аудару шығармашылық ойлауды және тиісті қабілетті қажет етеді. Сәтті шыққан мәтін – ақыл-ой еңбегінің жемісі. Ал оған өз кезегінде тиісті деңгейде ақы төлену қажет. Кәсіпкерлер бір жарнамасын ілу үшін қыруар қаржы жұмсай отырып, оның қазақшасын жасатуға бір тиында шығарғысы келмейді. Жарнаманы қазақша сөйлетуге қабілет-қарымы жететін кәсіби білікті мамандарды жұмысқа тартпайды, тіпті іздемейді де. Ең сорақысы, қазақ тіліндегі мәтінді дұрыс жазу әкімдіктегі шенеуніктердің міндеті деп түсінеді, - дейді Ардақ Әділғазықызы. 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


















ТЕКСТ

Яндекс.Метрика