КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА


Соңғы мақалалар:

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

2025 жылдың 31 қазан күні Мемлекеттік Тілді дамыту институтының ұйымдастыруымен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті гранттық негізде қаржыландыратын «Өткен ғасырдың отызыншы жылдарына дейінгі оқу құралдарындағы пән сөздері (терминдер): ұлттық ұстаным және кеңес дәуіріндегі еуроөзек» ғылыми жобасына қатысты ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция жұмысына жобаның жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚҰТЗУ-дың аға оқытушысы А.Досмаилова, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы А.Тымбол, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің докторанты Б.Қамбарова және Мемлекеттік тілді дамыту институтының ғылыми қызметкерлері қатысты. Іс-шара офлайн және Zoom платформасы арқылы онлайн форматта қатар ұйымдастырылып, ғылыми пікір алмасуға мүмкіндік берді.

Іс-шараның басты мақсаты – ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ оқулықтарында қолданылған пәндік терминдерді жинақтап, олардың ұлттық уәжділігі мен қазіргі ғылыми айналымдағы өзектілігін айқындау, сондай-ақ Алаш ағартушыларының тіл саясаты мен терминжасам тәжірибесін бүгінгі ғылыми кеңістікке енгізу.

Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры Б. Қапалбек жобаның күнтізбелік жоспары мен алдағы кезеңдерге арналған міндеттерді таныстырды. Ол пән сөздерін қазіргі білім беру жүйесіне енгізудің әдістемелік негізін әзірлеу, терминологиялық қорды ұлттық сипатта жаңғырту, сондай-ақ еуроөзектен арылып, ұлттық ұстанымға оралудың өзектілігін атап өтті. Бұл пікірді қолдаған жоба орындаушылары да ұлттық пән сөздерін жасаудың ерекше маңызына тоқталды.

Зерттеу тобының осы уақытқа дейін атқарған жұмыстары талқыланып, алдағы кезеңге қойылған жоспарлар нақтыланды. Сондай-ақ жобаны жүзеге асыруға қажетті келісімшарттардың алғышарттары айқындалды.

Іс-шараның қорытынды бөлімінде жобаның тиімді әрі нәтижелі жүзеге асуы үшін жұмыстарды тең бөлу, әр қатысушының міндетін нақты айқындау және ғылыми нәтижелердің сапасын арттыру мәселелері талқыланды.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз















05/09/2025 12:33

Бір күнге үш мереке
0 3105 0



26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 267839 0


02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 258602 0

28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 245087 0










19/05/2017 14:36

Қазақта қанша сөз бар?
0 143050 7

05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 139585 3


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика