КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА


Соңғы мақалалар:

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

2025 жылдың 21 қарашасында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің тапсырысымен Мемлекеттік тілді дамыту институты «Мемлекеттік тіл мәселелері» атты конференция өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдегі мәртебесін арттыру, қолданылу аясын кеңейту және көптілді ортадағы тіл саясатын тиімді жүзеге асыру тетіктерін талқылау.

Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 4/617 қаулысымен «Алматы қаласының Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына» сәйкес 2025 жылдың басынан бері өткізілген іс-шаралар мен орындалған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, нәтижелері талданды,  қаладағы тілдік ахуалды жақсарту бойынша ұсыныстар айтылды.

Конференция барысында бірқатар мазмұнды баяндамалар тыңдалды. А.Абасилов «Алматы қаласының тілдік портреті» тақырыбы бойынша қаланың қазіргі тілдік келбетін кешенді түрде сипаттап берсе, Б.Қапалбек ұлттық арнаға түсу мәселесіне қатысты «Қолданыстағы еуроөзек жазуды ұлтөзек арнаға түсірудің маңызы» атты баяндамасында тілдік реформаның өзектілігін атап өтті.

Б.Қамбарова мемлекеттік қызметшілерге тіл оқытудың жаңа форматын таныстырып, «АлматыТіл» порталының мүмкіндіктері туралы «Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді оқытуды цифрландыру» тақырыбында баяндама жасады. Ал Д.Мейрамбекқызы «Алматы қаласындағы көрнекі ақпаратта тілдік норманың сақталуы» бойынша зерттеу нәтижелерін ұсынды.

Іс-шарада «Алматы қаласындағы тілдік ахуал – 2025» атты ғылыми монографияның тұсаукесері болып, көпшілікке таныстырылды. Монография қаладағы тіл саясатының өзекті мәселелерін, тілдің қоғамдық қолданысын және тұрғындардың тілдік бейнесін талдауға бағытталған.




Сонымен қатар «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» және «Сәбилерді сөйлетейік» қалалық байқаулардың жеңімпаздары марапатталып, Алматы қаласы әкімдігінің дипломдары мен алғыс хаттарымен қатар, ақшалай сыйлықтармен марапатталды. «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» байқауының жеңімпаздарына демеушілік қолдау көрсеткен «ЭЙ-энд-ДИ Қазақстан» сауда-сервистік компаниясы педагогтарға тонометрлерді тарту етті.



Конференция нәтижелері Алматы қаласында мемлекеттік тіл саясатын ілгерілету бағытындағы жұмыстардың жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқанын көрсетіп, қазақ тілінің қоғамдық қолданысын кеңейтуге арналған жаңа ұсыныстар мен нақты міндеттерді айқындады.



ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


















26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 270313 0


02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 260061 0

28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 246542 0










19/05/2017 14:36

Қазақта қанша сөз бар?
0 144758 7

05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 141270 3


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика