THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
«Қазақ тілінің үздік оқытушысы» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Авторы: МТДИ ақпарат
24/11/2025 15:08 0 117 0
21 қараша күні Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы
Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Мемлекеттік
тіл мәселелері» атты конференцияда «Қазақ тілінің үздік оқытушысы»
байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Байқаудың мақсаты – қазақ тілін заманауи талаптарға
сай оқытатын кәсіби мамандардың еңбегін дәріптеу, олардың шығармашылық
мүмкіндіктерін дамыту және оқыту үдерісіндегі үздік тәжірибелерді кеңінен
тарату.
Байқауға барлық білім беру деңгейлері бойынша қазақ
тілінің оқытушылары мен мұғалімдері қатысты. Барлығы 44 өтінім қабылданып, оның
ішінде талаптарға толық сәйкес келген 23 жұмыс таңдалды. Байқау үш кезеңнен
тұрды. 30 қыркүйекте аяқталған алғашқы кезеңде педагогтер қазақ тілі пәнінен
таңдаған тақырыптары негізінде қысқа видеоролик, reels, инфографика, анимация,
сторителлинг, lifehack, mini-sketch сияқты заманауи форматтағы материалдарын
ұсынып, өздерінің креативті оқыту тәсілдерін көрсетті. Барлық жұмыс TikTok және
Instagram желілерінде #ҚТҮОАлматы2025 хэштегімен жарияланды.
Екінші кезеңде мұғалімдер қазақ тілін оқытуға
арналған авторлық әдістемелік өнімдерін – оқу құралдарын, нұсқаулықтарын, жұмыс
дәптерлерін және өзге де материалдарын ұсынды.
Үшінші кезеңде қатысушыларға арнайы педагогикалық
ситуациялар мен кейс-сұрақтар ұсынылды. Бұл кезеңде оқытушының мәселені шешу
шеберлігі, педагогикалық тұрғыдан дұрыс шешім қабылдай алу қабілеті, кәсіби
рефлексиясы мен құндылықтық бағдарлары бағаланды. Осы кезеңдердің қорытындысы
бойынша үздік қатысушылар анықталып, жүлдеге лайық деп танылды.
Қазылар алқасында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық
университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Ермекова Тыныштық,
педагог-шебер Шатемірқызы Ақмарал, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық
орталығының аға оқытушысы Ибраева Жанар, Алматы қаласы Ішкі саясат
басқармасының Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Қалымбет Бақыт
және Мемлекеттік тілді дамыту институтының әдіскері Қамбарова Бекзат мүшелік
етті.
Қазылар алқасының шешімімен байқау жеңімпаздары:
Бас жүлде ¬– №55 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Сексенбаева Арайлым Алпысбайқызы;
І орын – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық
университетінің аға оқытушысы, педагогика магистрі Сәтбекова Айгүл Ахметқызы;
ІІ орын – №92 мектеп-лицейдің мұғалімі Айман
Арайлым Икрамқызына;
ІІІ орын – «Живая Вселенная» эко мектебінің
мұғалімі Абу Ақбота Біржанқызы.
№140 гимназияның мұғалімі Әбдіманап Дана Қанатқызы,
№22 мектептің мұғалімі Қадирова Айгүл Байбөріқызы және №178 мамандандырылған
лицейдің мұғалімі Жеңсікбаева Назигүл Бақытқызы ынталандыру сыйлықтарына ие
болды.
Сонымен қатар байқау жеңімпаздарынан бөлек
мұғалімдерге арнайы номинациялар да берілді. ALT педагогикалық колледжінің
мұғалімі Шамшадинқызы Ақнұр – «Креативті ұстаз» номинациясы, №206
мектеп-гимназиясының мұғалімі Қайназарова Жұлдыз Есімханқызы – «Шығармашыл
ұстаз» номинациясы, №45 мектеп-гимназиясының мұғалімі Амангелдиева Арайлым
Тілеубайқызы – «Жаңашыл ұстаз» номинациясы бойынша марапатталды.
ПІКІР АЛМАСУ
30/10/2025 10:41
«Ақымет Байтұрсынұлы шығармаларын ғылыми айналымға енгізу» атты ғылыми-практикалық конференция өтеді
|
23/10/2025 16:55
«Қазақ топонимикасының өзекті мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференция өтті
|
08/01/2025 17:32
Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Ана тілім – ардағым» атты мерекелік іс-шара өтті
|
ТЕКСТ

2)
3)
4)



