КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА


БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

        5 желтоқсан күні Мемлекеттік тілді дамыту институтында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, Республикалық әнші-актерлер байқауының және бірнеше өнер байқауының жеңімпазы актер Байғали Есенәлиевпен кездесу-сұқбат өтті.



1984 жылы Т. Жүргенов атындағы Мемлекеттік өнер академиясының актерлік факультетін тәмамдаған өнер иесі өзінің кәсіби жолын сол жылдан бастап Шымкенттегі Ж. Шанин атындағы облыстық драма театрында бастаған. Кейін Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының шығармашылық құрамында жұмысын жалғастырып, қазақ театр өнерінің дамуына елеулі үлес қосты. Актер «Ең әдемі келіншек» спектакліндегі Абдолла, «Ауылдан келген ару» қойылымындағы Ақын, «Бақыт пен мұң» драмасындағы Сері жігіт образы арқылы халықтың ыстық ықыласына бөленді. Байғали Есенәлиев театр өнерімен қатар, музыка саласында да өзінің айрықша орны бар тұлға. Оның орындауындағы Ә.Бейсеуов, Ә.Телғозиев, И.Сапарбай, Т.Ізтаев, Г.Шәмшиева, И.Бәйгісиев және т.б. авторлардың әндері Қазақ радиосының «Алтын қорына» енген.

2021 жылы Алаш ардақтысы А.Байтұрсынұлы туралы түсірілген «Ахмет. Ұлт ұстазы» телесериалында актер басты рөл Ақыметті сомдап, халықтың ыстық ықыласына бөленді. Кездесу барысында Байғали Есеналиев ұлт ұстазының бейнесін сомдау барысындағы дайындық кезеңдері, тарихи рөлдің жауапкершілігі, түсірілім алаңында болған ерекше оқиғалар туралы әсерлі естеліктерін айтты.

Кездесу барысында  актерге Алматы облысының музейлер бірлестігі тағайындаған «Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына арналған» арнайы төсбелгі табысталды. Кездесуден кейін актермен сұқбат болды. Сұқбат барысында актер театр өнерінің өткені мен бүгіні, шығармашылық процестегі ізденістер, Ахмет Байтұрсынұлының тұлғасы мен мұрасының қазіргі қазақ қоғамындағы орны туралы ойларын ортаға салды. Кездесуге арнайы уақыт бөліп келген Байғали Есеналиевке  алдағы жұмыстарына табыс, өнер жолында жаңа белестер мен жарқын жетістіктер тілейміз.



ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


















26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 273195 0


02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 262166 0

28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 248457 0










19/05/2017 14:36

Қазақта қанша сөз бар?
0 147107 7

05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 143394 3


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика